bloom [blu:m] A.n 1.өсімдік гүлі ¨These roses have beautiful ~s. – Мына раушандардың гүлдері өте әсем екен. 2. (ауысп. мағ.) әсемдік, үлде мен бүлде ¨to be in the ~ of youth – қамсыз да рахат жастық шақ 3.қара өріктің, жүзімнің бетін жапқан ақшыл тозаң 4. (idm) *in (full) ~ гүлдеген, гүлденген, гүлге оранған ¨The garden looks lovely when the roses are in full ~. – Бақша раушандар гүлдегенде ғажап болып тұрады. ¨(ауысп. мағ.) Her genius was in full ~. – Оның данышпандығының шарықтап тұрған кезі еді. *to take the ~ off smth бірнәрсенің шырайын кетіру, шырқын алу ¨Their frequent rows took the ~ off their marriage. – Олардың арасындағы әрдайымғы кикілжің некелерінің шырқын алды. B.v 1.(a) гүлдеу, шешек ату (b) (ауысп. мағ.) гүлдеу, жетілу, өркендеу ¨Our friendship is ~ing. – Достығымыз гүлденуде. 2. ~ (with smth) гүлдеу, гүл ашқан өсімдіктерге толы болу ¨The garden is ~ing with spring flowers. – Бақша шешек атқан көктемгі гүлдерге толы.