wake [weɪk] A.v (pt woke [wəʊk], pp woken [ˈwəʊkən]) 1. (ұйқыдан) ояну, көз ашу ♦I always wake early in the summer. – Жазда ылғи ерте оянамын. ♦∼ up What time do you usually wake up in the morning? – Таңертеңгісін/ Таңда/ Азанда әдетте қаншада оянасың(ыз)? ♦I woke up an hour earlier than I wanted to. – Ойлағанымнан бір сағат бұрын ояндым. ♦∼ to smth (formal) They woke to a clear blue sky. – Олар оянғанда аспан ашық екен. ♦ I woke to the sound of heavy rain outside. – Тыста жауған нөсерден оянып кеттім. ♦∼ smb I was woken by the sound of someone moving around. – Төңіректе жүрген біреудің дыбысынан ол оянып кетті. ♦∼ smb up Try not to wake the baby up. – Сәбиді оятып жіберме(гін). ♦(ауысп мағ) The incident woke memories of his past sufferings. – Әлгі оқиға өзінің бұрынғы қиналған кездерін есіне салды. 2. (idm) *wake up and smell the coffee (informal) [қ-з: smell (A6)] 3. (phr v) *wake up ояну, ұйқыдан көз ашу ♦Wake up! It's eight o'clock. – Оян! Сағат сегіз болды. ♦(ауысп мағ) Wake up and listen! – Зейін/ Құлақ қойып, тыңда! *wake smb up ояту ♦You'll wake up the whole neighbourhood with that noise! – Бүйтіп шуласаң, көршілердің бәрін оятасың! ♦(ауысп мағ) A cold shower will soon wake you up. – Суық душ қазір есіңді жиғызады. ♦(ауысп мағ) The class needs waking up. – Кластың/ Сыныптың ынтасын ояту керек. *wake up to smth аңғару, білу; ұғу, түсіну ♦He hasn't yet woken up to the seriousness of the situation. – Жағдайдың қиын екенін ол әлі ұқпады/ ұға қоймады. ♦The banks are waking up to customers’ needs at last. – Банктер клиенттерге не керек екенін енді/ ақыры ұға бастады. B.n 1.қайтыс болған адамды жерлер алдында не одан кейін оны еске алу, оған құрмет көрсету рәсімі 2.қайықтан не кемеден суда қалатын із 3. (idm) *in the wake of smb/smth (біреуден/ бірнәрседен) кейін, артынан, соңынан ♦There have been demonstrations on the streets in the wake of the recent bomb attack. – Жуырдағы бомба жарылысынан соң көшелерде демонстрациялар/ шерулер болды. ♦A group of reporters followed in her wake. – Бір топ тілші оны артынан өкшеледі. ♦The storm left a trail of destruction in its wake. – Дауылдан соң шұбалған бүлініс/ бүліншілік қалды.