walk [wɔːk] A.v 1. (жаяу) жүру, қыдыру, бару ♦The baby is just learning to walk. – Сәби енді жүрейін деп жүр. ♦‘How did you get here?’ ‘I walked.’ – «Бұнда қалай жеттің?» «Жаяу». ♦He walked slowly away from her. – Ол баяу одан кетті. ♦The door opened and Jo walked in. – Есік ашылып/ ашылды да Джо кірді. ♦She missed the bus and had to walk home. – Автобустан қалып қалып, ол үйіне жаяу барды. ♦He turned and walked away. – Ол бұрылды да кетіп қалды. ♦People walking past were staring at him. – Өтіп жатқан адамдар оған аңырая қарады. 2. (also go walking) (both especially BrE) (жаяу) жүріс, қыдырыс, серуен; жүру, қыдыру, серуендеу, кезу ♦I like an active holiday, so I walk. – Демалыста (бір орында) отыра алмаймын, сондықтан жаяу серуендеймін/ қыдырамын. ♦She's started to go walking. – Ол жаяу серуендей/ жүре/ қыдыра бастады. ♦We're going walking in the mountains this summer. – Жазда тауға барып серуендейміз. ♦I walked across Scotland with a friend. – Досымыз екеуміз Шотландияны жаяу кезіп шықтық. 3. ∼ smb (біреуді) ертіп апару, жаяу шығарып салу/ апару ¨He always walked her home. – Оны ылғи үйіне дейін ертіп апаратынмын. ♦I walked him to the corner of the street. – Көшенің бұрышына дейін оны шығарып салдым. 4. ∼smth (үй жануарын) қыдырту, жүргізу ♦They walk their dogs every day. – Олар иттерін күн сайын қыдыртады. ♦She walked the horse around the ring. – Ол атты/ жылқыны шеңберді айнала жүргізді. 5. (informal) жоғалу; алып кету, ұрлап кету ♦Lock up any valuables. Things tend to walk here. – Бағалы заттарыңды сейфке салып қой. Ұрлауы мүмкін. 6. (literary) (елес, әруақ ж) пайда болу, келу 7. (idm) *be skating/walking on thin ice [қ-з: skate (A3)] *float/walk on air шаттану, бақытқа бөлену ♦Most couples feel they are walking on air on their wedding day. – Үйлену тойы күні үйленген жұптардың/ қосақтардың көбін шаттық сезімі кернейді. *go/walk down the aisle (informal) үйлену, тұрмыс құру *run before you can walk «жүріп үйренбей тұрып жүгіру», өзі білмейтін қиын іске кірісу *tread/walk a tightrope [қ-з: tightrope (2)] *walk the beat (полиция қызметкерлері ж) өздері жауаптаы учаскені аралау, сонда жүру ♦We have two officers walking the beat after midnight. – Түн ортасынан кейін екі офицеріміз учаскені аралап жүреді. *walk/tread a fine/thin line (between A and B) [қ-з: line (А27)] *walk free (соттан, тб) азат құтылу, жазаланбау, жаза алмау ♦She was acquitted and walked free from court. – Сот оны ақтап, босатып жіберді. *walk it (informal) a) жаяу бару ♦It’s not very far. We can easily walk it. – Ол жер алыс емес. Жаяу тез жетеміз. b) (BrE) оңай істеу, тб ♦It's not a difficult exam. You'll walk it! – Бұл емтихан қиын емес. Оп-оңай тапсырасың. *walk smb off their feet (informal) біреуді ұзақ, алысқа жүргізу, ұзақ жүруге мәжбүр ету ♦I hope I haven’t walked you off your feet. – Сені/ Сізді ұзақ жүргізіп шаршатпаған шығармын (деп ойлаймын). *walk off the job (NAmE) (жұмысты тастап) ереуілге шығу *walk the plank [қ-з: plank (3)] *walk the streets көшелерде жүру/ қыдыру ♦Is it safe to walk the streets alone at night? – Түнде көшеде жүрсе ешкім тиіспей ме? *walk tall [қ-з: tall (2)] *walk the walk (informal, approving) өзінің істің адамы екенін көрсету ♦You can talk the talk but can you walk the walk? – Сөзге жақсы екенсің, ал іске ше? 8. (phr v) *walk away (from smb/smth) қиындықтан қашу ♦He was tempted to walk away from the problem. – Проблемадан қашқанды ол жөн көрді. *walk away with smth (informal) жеңу, ұту, алу ♦She walked away with the gold medal. – Ол алтын медаль алды. *walk in on smb/smth (біреудің/ бірн-ң) үстінен түсу, біреу бірнәрсе істеп жатқанда кіріп келу ♦I walked in on the two of them with their heads together. – Екеуінің басы түйісіп тұрған кезде кіріп келдім. *walk into smth (informal) a) қиын/ жайсыз жағдайға тап болу/ кез келу/ ұрыну ♦I realized I'd walked into a trap. – Тығырыққа тірелгенімді/ Тұзаққа түскенімді ұқтым. b) жұмысқа оңай тұру/ қол жеткізу ♦She walked straight into a job at the bank as soon as she graduated. – Оқуды бітіре сала ол банкке жұмысқа тұрды. *walk into smth/smb соқтығысу, соғылу, ұрыну ♦I was in a hurry and almost walked into the glass door. – Асығып бара жатып, әйнек есікке соғыла жаздадым. *walk off (ренжіп, тб) кетіп қалу ♦She said, ‘You just don't care, do you?’ and walked off in a huff. – Ол «Саған бәрібір ғой, иә?» деді де бұртиып шығып кетті. *walk smth off (тамаққа тойған соң) тоғын басу үшін жүріп қайту ♦We walked off a heavy Sunday lunch. – Жексенбі күнгі көп тамақтан соң біраз жүріп қайттық. *walk off with smth (informal) a) (оңай) жеңу, ұту ♦Marion walked off with the top prize. – Бас жүлдені Марион еншіледі/ қанжығалады. b) жымқыру, ұрлау ♦Someone's walked off with my phone! – Біреу телефонымды жымқырып кетіпті. *walk out (informal) (жұмысшылар ж) жұмысты қойып, ереуілге шығу/ бару ♦Workers at the plant are threatening to walk out over pay. – Жалақы дауына байланысты заводтағы жұмысшылар ереуілге шығамыз дейді/ деп қорқытуда. *walk out (of smth) (жақтырмай, тб) кетіп қалу ♦They hinted that they would walk out of the peace talks. – Олар бейбіт келіссөздерден кетіп қалуымыз мүмкін деп тұспалдады/ меңзеді/ астарлап айтты. *walk out (on smb) (informal, disapproving) (әйелінен, күйеуінен, бала-шағасынан, тб) кетіп қалу, тастап кету (syn: desert) ♦How could she walk out on her kids? – Балаларын ол қалай ғана тастады екен. *walk out (on smth) (informal) (істі, тб) тастап кету, кетіп қалу ♦I never walk out on a job half done. – Жұмысты шала бітіріп/ жартылай бітіріп ешқашан кеткен емеспін. *walk (all) over smb (informal) a) елемеу, сыйламау ♦She'll always let him walk all over her. – Ол (әйел) өзін ол (еркек) сыйламаса да, көнеді/ шыдайды. b) біреуді оңай жеңу ♦They walked all over their opponents in the crucial match. – Шешуші матчта олар барлық қарсыласын оп-оңай ұтты. *walk smb through smth біреуге жан-жақты үйрету/ көрсету/ таныстыру ♦She walked me through a demonstration of the software. – Ол софтпен мені жан-жақты таныстырып шықты. *walk up (to smb/smth) (тура) бару ♦She just walked up to the desk and asked to see the manager. – Ол столға барды да менеджерді сұрады. B.n 1. (жаяу) жүру, қыдыру, бару, серуендеу; (жаяу) жүріс, қыдырыс, серуен ♦Let's go for a walk. – Біраз жүріп бой жазып қайталық. ♦I like to have a walk in the evenings. – Кешке жүргенді жақсы көремін. ♦I decided to take a walk to clear my head. – Басым қатқан соң біраз жүрейін дедім. ♦She's taken the dog for a walk. – Ол итін серуенге алып шықты. ♦I recognized him by his walk. – Оны жүрісінен таныдым. ♦The horse slowed to a walk. – Ат аяңға басты. 2. (NAmE) тротуар; аяқ жол, соқпақ 3. (спорт түрі) жүріс, жаяу жүріс 4. (idm) *a trip/walk down memory lane [қ-з: memory lane] *a walk in the park [қ-з: park (A6)] *a walk of life түрлі жұмыс; қоғамның түрлі табы/ тобы (syn: background) ♦She has friends from all walks of life. – Оның достары түрлі жұмыс істейді, қоғамдық жағдайы әртүрлі. ♦Members of the gym include lawyers, teachers, plumbers, and hairdressers - people from all (different) walks of life. – Фитнес-центрге юристер, мұғалімдер, сантехниктер және шаштараздар келеді – қоғамның түрлі табының адамдары.