wall [wɔːl] A.n 1.қабырға, қорған, дуал (стена) ♦to build a wall – қорған/ қабырға салу/ тұрғызу ♦a brick/concrete wall – кірпіш/ бетон қабырға/ қорған ♦The fields were divided by stone walls. – Алқаптарды тас дуалдар/ қабырғалар бөліп тұрған. ♦He sat on the wall and watched the others playing. – Ол қабырғаның/ дуалдың үстіне отырып, басқалардың ойнағанын көрді. ♦The enemy set up camp just outside the city walls. – Жау қала қорғанының/ қабырғасының/ дуалының сыртында қос/ лагерь тікті. ♦a private garden hidden behind high walls – биік қабырғалардың/ дуалдардың артында көрінбейтін жеке бақ ♦They quickly climbed over the wall and ran off. – Олар қабырғаға/ дуалға өрмелеп асып, қашып кетті. 2.қабырға (үйдің, бөлменің, тб) ♦She leaned against the wall. – Ол қабырғаға сүйенді. ♦on the ∼ Colourful abstract paintings hung on the walls. – Түрлі-түсті абстракт картиналар қабырғаға ілінген. ♦He drilled a hole in the wall. – Ол қабырғаны тесті/ ойды. ♦Books lined the walls. – Қабырғаны бойлай кітаптар тізіліп тұрды. 3. «қабырға», кедергі, бөгет, жал ♦The boat struck a solid wall of water. – Қайық судың мығым жалына ұрынды. ♦The investigators were confronted by a wall of silence. – Тергеушілер үнсіздік бөгетіне тап болды. ♦a solid wall of fog – тұмша тұман 4.қабырға (органның, клетканың, дене мүшесінің) ♦the abdominal wall – құрсақ қабырғасы ♦the wall of an artery – күре тамыр/ артерия қабырғасы ♦cell walls – клетка қабырғалары 5. (әлеуметтік медиадағы/ желідегі сурет орналастыратын, тб) орын, кеңістік 6. (idm) *be banging, etc. your head against a brick wall [қ-з: head (A21)] *be bouncing off the walls (informal) күші тасып тыныш отыра алмаған, жігері тасып отыра алмаған, қылшылдаған ♦The kids have been bouncing off the walls all day. – Балалар күні бойы қағынды/ ойынмен болды. *be up against a brick wall «кірпіш қабырғаға тірелу», тығырыққа тірелу, үлкен кедергіге/ қиындыққа тап болу *a fly on the wall [қ-з: fly (B5)] *go to the wall (informal) (компания не ұйым ж) ақша жоқтықтан сүріну/ сәтсіздікке ұшырау ♦Many firms have gone to the wall in this recession. – Тоқырау/ Рецессия кезінде талай фирма омақасты. *the handwriting on the wall (NAmE) (also the writing is on the wall, see the writing on the wall) (saying) «қабырғадағы жазу», бірнәрсенің солай болатыны не солай екені өзінен-өзі көрініп тұр еді/ айдан анық еді деген мағынада ♦It is amazing that not one of them saw the handwriting on the wall. – Істің немен тынатынын ешкімнің аңғармағаны қызық болды. ♦The writing is on the wall for old manufacturing industries. – Көне өндіріс кәсіпорындарының күнінің санаулы екені өзінен-өзі көрініп тұр. *have your back to the wall (informal) «шегіне-шегіне арқасы қабырғаға тірелген», тығырыққа тірелген, қиын жағдайға тап болған ♦We had our backs to the wall with no choice but to sell. – Тығырыққа тірелгендіктен, сатқаннан басқа амалымыз болмады. *hit a/the wall «қабырғаға тірелу», жетер жеріне жету, ілгерілей алмау, тығырыққа тірелу ♦We hit a wall and we weren't scoring. – Бар күшімізді сарқығанымызбен, артық гол сала алмадық. ♦I’ve hit a wall with my marathon training. – Үздіксіз шынығып/ жаттығып, болдырдық. ♦What do you do when you hit the wall at work? – Жұмыста болдырғанда не істейсің? *off the wall (informal) бірқызық, біртүрлі, қиялилау ♦Some of his ideas are really off the wall. – Оның кейбір ойлары/ идеялары – бірқызық. *these four walls «осы төрт қабырға», сырды/ құпияны ешкімге айтпа ♦Don't let this go further than these four walls. – Бұл сөз мына төрт қабырғадан шықпасын. *up the wall(informal) жынды, ақымақ, жарымес; ашулы ♦That noise is driving me up the wall. – Ана шу мені жынды қылатын шығар. ♦I mustn't be late or Dad will go up the wall. – Кешікпеуім керек, әйтпесе әкем жынданады. *walls have ears (saying) «қабырғалардың құлағы бар», айбайлап сөйле, жұрт естиді B.v 1. ∼ smth қабырғамен/ қорғанмен/ дуалмен қоршау ♦a walled city – қорғанмен қоршалған қала 2. (phr v) *wall smth in қабырғамен/ қорғанмен/ дуалмен/ бөгетпен/ кедергімен қоршау *wall smth off қабырғамен/ қорғанмен/ дуалмен бөлу *wall smb up біреуді түрмеге/ абақтыға қамау/ жабу, түрмеде/ абақтыда ұстау *wall smth up ашық тұсты/ жерді қабырғамен/ таспен бітеу ♦I could see where the doorway had been walled up. – Бітелген есік қуысын көрдім.