wander [ˈwɒndə(r)] A.v 1. (баяу, әшейін) жүру, кезу, сенделу, қыдыру, қаңғу ♦She wandered aimlessly around the streets. – Ол әшейін көше кезді/ көшеде қаңғыды. We wandered back towards the car. – Ол баяу машинаға қайтты/ оралды. ♦∼ smth The child was found wandering the streets alone. – Бала жалғыз көшені кезіп жүрген кезінде табылды./ Баланы жалғыз көшеде қаңғып жүрген кезінде тапты. 2.қаңғу, қаңғып кету, кетіп қалу (syn: stray) ♦∼ away/off The child wandered off and got lost. – Бала/ Сәби кетіп қалып, жоғалды. How could you let him wander off like that? – Оны қалай ғана жібере салға(н)сың? ♦∼ from/off smth They had wandered from the path into the woods. – Олар соқпақтан/ аяқ жолдан шығып, тоғайға кетіп қалған. 3. (кісінің есі не ойы ж) басқа бірнәрсені ойлап кету, ойы бөлініп кету, ойша маңып/ кезіп кету, (еріксіз) ойға шому, ойы ауытқу (syn: drift) ♦It's easy to be distracted and let your attention wander. – Ой тез бөлінеді./ Ойды бөлу оңай. Try not to let your mind wander. – Ойыңды шоғырлауға тырыс. ♦∼ away, back, to, etc. smth Her thoughts wandered back to her youth. – Ойша жастық шағын шарлады. Don’t wander off the subject - keep to the point. – Тақырыптан ойыспай/ ауытқымай, тоқетерін/ мән-жайын айтыңыз. 4. (кісінің көздері ж) көз жанарымен кезу, көзі әрнәрсеге түсу, көз жанары ойысу ♦She let her gaze wander. – Ол көз жанарына ерік берді.His eyes wandered towards the photographs on the wall. – Көздері қабырғадағы фотографияларға ойыса бастады. 5. (жол не өзен ж) бұрылу, бұраңдау ♦The road wanders along through the hills. – Жол жотаны бойлай бұраңдайды. B.n (баяу, әшейін) жүру, кезу, сенделу, қыдыру, қаңғу I went to the park and had a wander around. – Паркке барып әрі-бері/ ары-бері жүрдім.