want [wɒnt] A.v 1.істегісі/ болғысы, тб келу, қалау ♦∼ smb/smth Do you want some more tea? – Тағы шай ішкің(із) келе(ді) ме? ♦to want children/kids – балалы/ сәбилі болғысы келу ♦to want peace/war/change – бейбітшілікті/ соғысты/ өзгерісті қалау ♦Voters want answers to these questions. – Сайлаушылардың осы сұрақтарға жауап алғысы келеді. ♦If you want more information, visit the website. – Көбірек дерек қажет болса, уэб-сайтқа кіріңіз. ♦The US wants access to Chinese markets. – АҚШ(-тың) Қытай базарына/ рыногына енгісі келеді. ♦The voters seem to want a reason to vote for him. – Оған дауыс беру үшін сайлаушылар бір себеп/ уәж қажет ететін сияқты. ♦She's always wanted a large family. – Ол қашан да семьям/ үй-ішім үлкен болса екен дейтін. ♦If you want some help, just ask. – Жәрдем керек болса, (әшейін) сұраңыз/ сұрасаңыз болды. ♦I want a new job. – Жаңа жұмысқа тұрғым келеді./ Жаңа жұмыс істегім келеді. ♦All I want is the truth. – Маған бар керегі – шындық. ♦Thanks for the present - it's just what I wanted. – Сыйлыққа – рахмет, маған керегі (де) дәп осы еді. ♦I can do whatever I want. – Не істегім келсе де, істеймін./ Не істегім келсе, соны істеймін. ♦The last thing I wanted was to upset you. – Сені/ Сізді тіпті де ренжіткім келген емес/ жоқ. ♦∼ smth for smth What do you want for Christmas? – Рождествоға не қалайсың? ♦I wanted bacon and eggs for breakfast. – Таңғы асқа ветчина мен тұқым қалаймын/ жегім келеді. ♦∼ smb/smth as smth The party wants her as leader. – Партия оның лидер/ жетекші болғанын қалайды./ Партия оны лидер/ жетекші болса екен дейді. ♦∼ to do smth What do you want to do tomorrow? – Ертең не істегің(із) келеді? ♦What I really want to know is why you would even think that? – Неге ғана солай/ сөйтіп ойлайтыныңды шынымен де білгім келеді. ♦‘It's time you did your homework.’ ‘I don't want to!’ – «Үй тапсырмасын істейтін уақытың болды». «Істегім келмейді!» ♦I just wanted to know if everything was all right. – Бәрі дұрыс па, соны білгім келіп еді. ♦(informal) You can come too, if you want. – Қаласаң, келсең болады. ♦We could see a movie later if you want to. – Қаласаң, кейінірек кино көрелік. ♦There are two points which I wanted to make. – Екі нәрсені айтқым келеді./ Екі нәрсеге көңіл бұрғым келеді. ♦I wanted to go home. – Үйге кеткім келді. ♦I simply wanted to be left in peace. – Әшейін өзіммен-өзім/ оңаша болғым/ қалғым келді. 2. (informal) қажет ету, керек болу ♦∼ smth We'll want more furniture for the new office. – Жаңа офисімізге/ кеңсемізге көбірек/ тағы мебель керек. ♦What this house wants is a good clean. – Бұл үйді жақсылап бір тазалау керек. ♦It wants a special sort of person for that job. – Ондай/ Ол жұмысқа бөлекше/ ерекше бір адам керек. ♦∼ doing smth The plants want watering daily. – Өсімдіктерді күн сайын/ күнде су(ғ)ару керек. ♦∼ to be smth The cake mixture wants to be smooth and light. – Торттың/ Пирогтің шыламасының жұмсақ әрі жеңіл болғаны дұрыс. ♦∼ to be/have smth done The plants want to be watered daily. – Өсімдіктерді күнде/ күн сайын су(ғ)ару керек. 3. ∼ smb біреуді көргісі келу, біреумен жүздескісі, тб келу ♦She's wanted immediately in the director's office. – Оны директордың кеңсесіне/ офисіне шұғыл шақырып жатыр. ♦Excuse me, you're wanted on the phone. – Ғафу ет(іңіз), сенімен/ сізбен біреу телефонмен сөйлескісі келеді. 4. ∼ to do smth (informal) (с)өйтуің керек/ қажет, (с)өйткенің лазым/ жөн, (с)өйтуге тиіссің деген мағынада ♦If possible, you want to avoid alcohol. – Мүмкін болса/ мүмкіндігінше/ мүмкін болған(ын)ша, арақ ішпегенің жөн. ♦He wants to be more careful. – Оның сағырақ/ абайырақ болғаны жөн/ лазым. ♦You don't want to do it like that. – Өйткенің дұрыс емес. 5. ∼ smb біреуге нәпсісі қоза құмарту/ қызығу ♦‘I want you so much,’ she whispered in his ear. – «Сенімен соншама болғым келеді», деп сыбырлады ол (қыз) оның (жігіттің) құлағына. ♦Alice, please don't leave me. I want you. I need you. I can't live without you. – Әлис, менен кетпеші. Қалауым сенсің. Маған керексің. Сенсіз өмір сүре алмаймын. 6. ∼ smth (formal) жетіспеу, тапшы болу, мұқтаж болу, кенде болу (syn: be short of) ♦He doesn't want courage. – Ол – өжет./ Ол өжеттіктен кенде емес. ♦In many poorer countries, people still want basic food and shelter. – Кедейлеу талай елде адамдарға ең қажет азық пен баспана жетіспейді/ тапшы. 7. (idm) *have/want it both ways екі кеменің құйрығынан ұстау, екі түрлі нәрсені де алу/ қалау, екі кереғар нәрсені сыйыстыру ♦I know you love ice cream, but you can't eat it every day and lose weight - you just can't have it both ways. – Балмұздақты жақсы көретініңді білемін, алайда оны күн сайын жеп арықтай алмасың – не олай болу керек, не бұлай болу керек. ♦You can't have it both ways - you either work longer and get paid more or have more leisure time and get paid less. – Екі кереғар нәрсені сыйыстыра алмайсың – не ұзақ жұмыс істеп көбірек ақша табасың, не көбірек демалып, азырақ табасың. *have/want none of smth [қ-з: none (A2)] *have/want no truck with smb/smth [қ-з: truck (A5)] *not want to know (about smth) (informal) (бірнәрсе жайлы) білгісі келмеу, шаруасы болмау, зейін/ ынта қоймау, құлқы болмау ♦I've tried to ask her advice, but she doesn't want to know. – Одан ақыл(-кеңес) сұрайын деп едім, ол қашады/ ешнәрсе білгісі келмейді. ♦‘How much was it?’ ‘You don't want to know’ – «Бағасы қанша екен?» «Білмегенің дұрыс./ Білмей-ақ қой.» *want rid of smb/smth [қ-з: rid (2)] *waste not, want not (saying) «ысырап қылмасаң, іздемейсің», үнемшіл болсаң, қажет нәрсең ылғи да болады *what do you want? (ашулана, ожарлана) саған не керек (осы)? 8. (phr v) *want for smth (formal) жетіспеу, жоқшылық/ таршылық көру ♦He's ensured that his children will want for nothing. – Ол балаларының бар қамын жасады/ балаларын барынша қамдады. *want in/out (informal, especially NAmE) кіргісі/ шыққысы келу ♦The dog wants in. – Иттің ішке кіргісі келеді. *want in | want in/into smth (informal) бірнәрсеге араласқысы/ кіріскісі келу (opp: want out) ♦He wants in on the deal. – Оның контрактіге араласқысы келеді. *want out | want out of smth (informal) араласқысы/ кіріскісі келмеу, айналысқысы/ шұғылданғысы келмеу (opp: want in) ♦Jenny was fed up. She wanted out. – Джейннің басы қатып/ Джейн қажып, істі доғарғысы келді. B.n (formal) 1.қалау(шылық), қажет/ керек нәрсе ♦She spent her life pandering to the wants of her children. – Ол өмір бойы балаларының қамын ойлап тыпырлаумен өтті. 2. ∼ of smth (formal) жетіспеушілік, тапшылық, азшылық (syn: lack) ♦There is a want of adequate medical facilities. – Керегінше/ Қажетінше ем/ медицина жайлары жетіспейді. 3. (formal) кедейлік, жоқшылық, таршылық, тапшылық ♦Visitors to the slums were clearly shocked to see so many families living in want. – Лашық кентке (трущоба) барғандар тақыр кедей үй-іштерін көріп, шошы(н)ды. ♦Thousands of children are living in want. – Тақыр кедейлікте мыңдаған балалар өмір сүруде. 4. (idm) *for (the) want of smth жетіспегеннен, жетіспегендіктен, тапшылықтан, жоқшылықтан ♦The project failed for want of financial backing. – Қаржылай қолдаудың аздығынан жоба тоқтады/ омақасты. ♦We call our music ‘postmodern’ for the want of a better word. – Басқа сөз болмағандықтан, музыкамызды «постмодерн» дейміз. ♦We went for a walk for want of something better to do. – Сәл де болса ширайық/ бой жазайық деп жаяу жүріп қайттық. *in want of smth (formal) (бірнәрсеге) мұқтаж, қажет ететін, керек ♦The present system is in want of a total review. – Қазіргі жүйені мүлде қайта қарап шығу керек. *not for (the) want of doing smth (сәтсіз болса да) барынша тырысқан/ амалдаған ♦If he doesn't manage to convince them, it won't be for want of trying. – Ол оларды көндіре алмағанымен, аянбай әрекеттенді. ♦Well, if he doesn’t get the job it won’t be for want of trying! – Егер оны жұмысқа алмай жатса, не істеу керек, ол аянып қалған жоқ!