war [wɔː(r)] n 1.соғыс ♦the Second World War – Екінші дүниежүзілік соғыс ♦the threat of (a) nuclear war – ядролық соғыс қаупі/ қатері ♦to win/lose a/the war – соғыста жеңу/ жеңілу ♦∼ between A and B the war between England and Scotland – Англия мен Шотландия арасындағы соғыс ♦∼ on smb It was the year Britain declared war on Germany. – Бұл Британия Германияға соғыс жариялаған жыл еді. ♦(formal) In the Middle Ages England waged war on France. – Орта ғасырларда Англия Францияға қарсы соғыс жүргізді/ соғысты. ♦My grandfather fought in the war. – Атам соғысқа қатысқан. ♦(ауысп мағ) ∼ with smb The US threatened a trade war with Europe after the breakdown of the talks. – Келіссөздер үзіліп қалған соң АҚШ Европаға қарсы сауда соғысын ашамыз деп қорқытты. ♦(ауысп мағ) ∼ against/on smb They launched a trade war against France. – Олар Францияға қарсы сауда соғысын ашты/ бастады. ♦(ауысп мағ) ∼ on smb/smth The government has declared war on drug dealers. – Үкімет есірткі/ наркотик саудагерлеріне қарсы соғыс ашты. ♦(ауысп мағ) Our two countries work together in fighting the war on terrorism. – Екі еліміз/ Біздің екі ел терроризмге қарсы айқаста/ күресте бірлесе әрекеттенеді. ♦(ауысп мағ) ∼ against smb/smth We seem to be winning the war against crime. – Қылмысқа қарсы күресті ұтып келе жатқандаймыз/ жатқан сияқтымыз. ♦(ауысп мағ) a war against drug abuse – наркоманиямен/ есірткіқұмарлықпен күрес/ айқас 2. (idm) *all’s fair in love and war (saying) [қ-з: love (A7)] *have been in the wars (informal) соғыста болған (яғни, соғыста не оқиғада жараланған) ♦You look like you've been in the wars - who gave you that black eye? – Тап бір соғысқа қатысқан адам сияқтысың – қап-қара етіп көзіңді кім көгерткен? *a war of nerves [қ-з: nerve (A5)] *a war of words «сөздер соғысы», айтыс-тартыс, айтыс, дауласу ♦the political war of words over tax – салық төңірегіндегі саяси айтыс-тартыс