warm [wɔːm] A.adj (warmer, warmest) 1.жылы ♦warm weather/temperatures/air – жылы ауа-райы/ ауа ♦Wash the blouse in warm soapy water. – Блузканы жылы сабын(ды) сумен жу. ♦Tomorrow will be warm and sunny. – Ертең күн/ ауа-райы жылы әрі шуақты/ ашық болады. ♦a warm and dry spell – жылы да құрғақ кезең ♦Are you warm enough? – Жаурамайсың(ыз) ба? ♦The children jumped up and down to keep warm. – Жаурамас үшін/ Жылыну үшін балалар секеңдеп тұрды. ♦I can’t seem to get warm. – Жылынған жоқ сияқтымын. ♦a warm climate – жылы климат/ ауа-райы ♦warm clothing/clothes – жылы киім(дер)/ киім-кешек ♦a warm pair of socks – жылы носки/ байпақ ♦This sleeping bag is very warm. – Ұйқы қабы (спальный мешок) – өте жылы. ♦I wish I had a warm house to go back to. – Оралатын жылы үйім болғанда ғой. ♦(ауысп мағ) Her smile was warm and friendly. – (Оның) жымиысы жылы да бауырмал көрінді. ♦(ауысп мағ) The star received a warm welcome from fans. – Жұлдызды (әйгілі әншіні/ актерді) тілеулес жұрт жылы қошаметпен қабылдады. ♦(ауысп мағ) The speaker was given a warm reception. – Сөйлеушіні/ Шешенді жұрт жылы қабылдады. ♦(ауысп мағ) He felt a warm glow at the memory. – Сол бір сәт оның есіне жылы оралды. ♦(ауысп мағ) a warm smile/greeting – жылы жымиыс/ сәлем ♦(ауысп мағ) a warm embrace – жылы құшақ(тау) ♦(ауысп мағ) a warm feeling – жылы сезім ♦(ауысп мағ) warmest congratulations – жын жүректі/ ықыласты құттықтаулар ♦(ауысп мағ) an extremely warm and friendly person – өте жылы/ жарқынжүзді және бауырмал адам 2. «жылы» (түс, рең(к)) (қызыл, қызғылтсары не сары түстер) ♦The room was decorated in warm shades of red and orange. – Бөлме қызыл және қызғылтсары реңді жылы түстермен әрленген/ әрленіпті. ♦Reds and yellows are warm colours that attract attention. – Қызыл мен сары – көз тартатын жылы түстер. 3.жұмбақты шешуге, қиын сұрақтың жауабын табуға жақынсыз дег мағ ♦Keep guessing - you're getting warmer. – Ойлана түс(іңіз), жауапты табуға жақын қалдың(ыз). 4. (idm) *warm fuzzy/fuzzies (especially NAmE, informal) жылы сезімдер ♦The memories fill me with warm fuzzies. – Бұл естеліктер есіме жылы түседі/ оралады. ♦We had a nice short exchange and were both left with a good warm fuzzy. – Жылы хал сұрасып, екеуміздің де көңіліміз көтеріліп қалды. B.v 1.жылыту; жылыну ♦∼ smth/smb/yourself Come in and warm yourself by the fire. – Ішке кіріп, оттың жанында жылын(ыңыз). ♦The alcohol warmed and relaxed him. – Арақтан ол жылынып, денесі босаңсыды. ♦∼ smth/smb/yourself up I'll warm up some milk. – Біраз сүт жылытайын. 2. ∼ (smb/smth) «жылу», «жылыну», жылы жүздену, жақын тарту, бауырмалдану, «жібу» ♦His voice suddenly warmed. – Даусы кенет жібіді. ♦The story warmed our hearts. – Әңгімені ұйи тыңдадық. 3. (idm) *look/feel like death warmed up (BrE) (NAmE like death warmed over) (informal) діңкесі құру, қалжырау, ілмию *warm the cockles (of smb’s heart) (BrE) жүрегін жылыту, шаттандыру, қуанту, жылы жүздендіру ♦It is a story with a happy ending to warm the cockles of your heart. – Бұл жақсы аяқталып, жүрек жылытатын әңгіме. ♦Seeing her new baby just warms the cockles of your heart. – Олардың сәбиін көрсең, жүрегің жылиды. 4. (phr v) *warm down жұмсақ дене шынықтыру, дене жылыту *warm to/towards smb біреуге «жылу»/ «жібу», біреуді жақын тарта/ жақсы көре бастау ♦I warmed to her immediately. – Ол маған бірден жақты/ ұнады. *warm to/towards smth «қызу», құлшына бастау, қызыға/ (іске) беріле түсу ♦The speaker was now warming to her theme. – Сөйлеуші/ Шешен енді ағытыла бастады. *warm up a) жұмсақ дене шынықтыру, дене жылыту b) (мотор, машина, жабдық ж) (біраз жұмыс істеп) қызу *warm up | warm smb/smth up «қызу», «қыза бастау», ойнақы/ белсенді, тб бола бастау ♦The party soon warmed up. – Біраздан соң кеш/ жиын-той қыза бастады. *warm smth up (асты) жылыту C.n the ∼ жылы жер/ тұс ♦Come inside into the warm. – Ішке, жылы жерге кір(іңіз). D.adv (warmer, warmest) (informal) жылы (жылылау, жылырақ, ең жылы) (syn: warmly) ♦Wrap up warm before you go outside! – Тысқа шықпас бұрын жылы киініп ал(ғын)!