warn [wɔːn] v 1. (болатын қауіпті не жайсыз нәрсе жайлы) ескерту, сақтандыру, сақ/ абай бол деу ♦∼ warn smb I tried to warn him, but he wouldn't listen. – Оған ескертейін дегенмін, алайда ол тыңдамады. If you're thinking of getting a dog, be warned - they take a lot of time and money. – Ит асырамақ болсаң, біл – оған көп уақыт пен ақша кетеді. ♦∼ about/against smb/smth Security experts warned about the problems months ago. – Қауіпсіздік эксперттері (осы) проблемалар жайлы бірнеше ай бұрын ескерткен. ♦∼ smb about/against smb/smth He warned us against pickpockets. – Ол бізді қалтаға түсетін ұрылардан сақтандырды/ сақ болыңдар деп ескертті. He has been warned of the danger he is in. – Оны өзіне төнген қауіп жайлы ескертті. ♦∼ of smth Police have warned of possible delays. – Полиция ықтимал/ мүмкін кешігулер жайлы ескертті. 2. (ережелер, тәртіп, әдеп жайында) ескерту, кеңес беру, ақыл айту (syn: advise) ♦∼ against/about (doing) smth The guidebook warns against walking alone at night. – Дерек кітап түнде жалғыз жүрмеуге кеңес береді. ♦∼ smb to do smth He warned Billy to keep away from his daughter. – Ол Биллиге қызымнан аулақ жүр деп ескертті. ♦∼ smb ‘I’m warning you!’ said James, losing his patience. – «Саған ескертемін!» деді Джеймс кіжіне. They were warned not to climb the mountain in such bad weather. – Ондай/ Осындай нашар ауа-райында тауға шықпаңдар деп оларға ескертті. 3. ∼ smb (for smth) (спортта, тб) ескерту, ескерту жасау, ескерту қағазын көрсету ♦The referee warned him for dangerous play. – Қауіпті ойыны үшін оған төреші ескерту жасады. 4. (phr v) *warn smb off (smth) аулақ/ әрі/ алыс жүр деп есерту, жақындама деп ескерту, үркіту ♦The farmer warned us off his land when we tried to camp there. – Кәмпиң жасап, сонда түнейік деп едік, фермер жерімнен аулақ жүріңдер деп ескертті. ♦(ауысп мағ) She wanted to ask him about it but the look in his eyes warned her off. – Ол (қыз) одан (жігіттен) осы жайлы сұрайын деп еді, жігіттің қарасынан ол (қыз) үрікті. ♦(ауысп мағ) ∼ smb off doing smth We were warned off buying the house. – Бізді үйді сатып алудан үркітті.