warning [ˈwɔːnɪŋ] A.n 1. (болатын қауіп не жайсыз нәрсе жайлы) ескерту, ескертетін белгі, сақтандыру, (сақ/ абай бол дейтін) белгі, нышан, аян ♦I had absolutely no warning. – Мен мүлде (жаман) ешнәрсе күтпедім/ білмедім. to get fair/advance/adequate warning – (жайсыз нәрсе жайлы) алдын ала/ тиісті ескерту алу ♦∼ against doing smth Doctors issued a warning against eating any fish caught in the river. – Дәрігерлер өзеннен ұстаған балықты жемеуге/ жемеңдер деп кеңес берді/ ескертті. ♦∼ against smb/smth The World Health Organization repeated its warning against non-essential travel to the island. – Дүниежүзілік денсаулық ұйымы пәлендей қажет болмаса аралға бармауды/ бармаңдар деп ескертті/ кеңес берді. The bridge collapsed without (any) warning. – Көпір өзінен-өзі құлады/ қирады. Let me give you a word of warning. – Саған бір ауыз ескертейін/ кеңес берейін. ♦∼ of smth There was little warning of the coming disaster. – Болатын апат жайлы алдын ала пәлендей бір белгі болмады./ Осындай апат болмады деп ешкім ойламады. 2. (ережелер, тәртіп, әдеп жайында) ескерту (syn: caution) ♦to give somebody a verbal/written/final warning – біреуге ауызша/ жазбаша/ ақтық ескерту B.adj ​ескертетін, ескерту, сақтандыратын, сақ/ абай бол дейтін ♦She had ignored the warning signs of trouble ahead. – Алда күтіп тұрған пәленің/ қиындықтың белгілерін ол ескермеді/ елемеді. Police fired a number of warning shots. – Полиция бірнеше дүркін ескерте оқ атты. Warning bells began to ring when her letters were returned unopened. – Оның (әйелдің) жазған хаттары ашылмай қайтарылғанда, бір секем/ күдік пайда болды.