blow 1 [blәu] A.v (pt blew [blu:], pp blown [blәun], blowed [blәud]) 1.соғу (жел ж), желдеу ¨It was ~ing hard. – Қатты жел соғып тұрды. ¨A cold wind blew across the river. - Өзеннен суық жел соқты. 2.(ауызбен) үрлеу ¨to ~ on one’s food – тамақты (суыту үшін) үрлеу ¨He drew on his sigarette and blew out a stream of smoke. – Ол темекісін сора отырып будақтатып түтін шығарды. 3.желмен тербелу, желбіреу, жалбырау ¨hair ~ing (about) in the wind – желмен желбіреген шаш 4.үрлеу арқылы жасая я мүсіндеу ¨to ~ smoke rings – ауыздан темекінің түтін сақиналарын шығару ¨to ~ bubbles – үрлеп көпіршік шығару ¨to ~ glass еріген шыныны үрлеу 5.үрлеп дыбыс шығару; ысқыру ¨to ~ (on) a horn – кернейді үрлеу ¨The referee blew his whistle. – Төреші (ысқырығымен) ысқырды. ¨the noise of trumpets ~ing – қиқылдап жатқан кернейлер (горндар) 6.тұйықталу (қатты электр ағынының әсерінен сымдардың күюі) 7.жару, қопару ¨The safe had been blown by the thieves. – Сейфті ұрылар жарған екен. 8. (slang) әшкерелеу ¨The spy’s cover was blown. – Шпионның бетпердесі ашылды. 9.~ smth (on smth) ақшаны желге шашу ¨to ~ ₤50 on a meal – тамақ үшін ₤50 жұмсау 10.мүмкіндікті зая кетіру ¨He blew his chances by arriving late for the interview. – Ол (жұмысқа алу үшін) сұхбатқа кеш келіп оңтайлы сәтті зая кетірді. 11. (pp blowed [blәud]) (таңқалысты, кейісті білд) құрығыр, мәссаған, мынаны қара ¨Blow it! We have missed the bus. – Құрығыр! Автобусты жіберіп алдық. ¨Well, ~ me/I’m blowed! I never thought I’d see you again. – Мәссаған! Сені енді қайтып көремін деп ешқашан ойламаппын. ¨I’m blowed if I’m going to let him treat you like that. – Егер мен оны саған осылай әкіреңдетіп қойсам, атым өшшін. 12. (US slang) тез кету, табанын жалтырату 13. (idm) *to ~ the gaff (slang) құпияны ашу *to ~ hot and cold (about smth) (бірн-се ж) пікірін өзгерткіштей беру ¨He ~s hot and cold about getting married. – Ол өзінің үйленетіні жайлы біресе бүйдейді, біресе сөйдейді. *to ~ off/let off steam [қ-з: steam] *to ~ one’s/smb’s brains out басынан атып (мылжа-мылжасын шығара) өлтіру *to ~ one’s/smb’s mind (slang) қатты таңғалу, толқу ¨Meeting her after so many years really blew my mind. - Оны көп жылдардан соң кездестіріп қатты толқыдым. *to ~ smb a kiss «сүйіс үрлеу», алыстан сәлемдесу (м: қашықтағы біреуге өз қолыңызды сүйген болып үрлейсіз) ¨She blew him a kiss from across the street. – Көшенің ар жағынан ол сәлемдесті (сүйіс үрледі). *to ~ one’s nose сіңбіру *to ~ one’s own trumpet (сөзбе сөз: өз кернейін өзі үрлеу) өзін-өзі мақтау *to ~ one’s top; (US) to ~ one’s stack аяқ астынан ашулану, сабырын жоғалту *to ~ the whistle on smb/smth қате я заңсыз нәрсеге жұрттың назарын аудару, дабыл қағу *to puff and ~ [қ-з: puff] *to see which way the wind is ~ing [қ-з: way] 14. (phr v) *to ~ (smb/smth) down, off, over, etc (жел ж) ұшырып түсіру, әкету, тсс¨My hat blew off. – Қалпағымды жел ұшырып түсірді. ¨The door blew open. – Есікті жел шалқасынан ашты. ¨Several chimneys blew down during the storm. – Дауыл кезінде бірнеше мұржа ұшып түсті. ¨I was almost blown over by the wind. – Мені жел ұшырып әкете жаздады. ¨The ship was blown onto the rocks. – Дауыл кемені жартасқа ұрды. ¨The bomb blew two passers-by across the street. – Бомба жарылып, көшеден өтіп бара жатқан екі жүргінші зардап шекті. ¨He blew the dust off the book. – Ол кітіптан шаң үрледі. *to ~ in/~ into smth (ауызекі) кенет келу, кіру, «ұшып» кіру ¨Look who’s just blown in! – Қара, біреу ұшып кірді! *to ~ out (a) (желмен) сөну ¨Somebody opened the door and the candle blew out. – Біреу есікті ашты да май шам лап етіп өшіп қалды. (b) (мұнай, газ ұңғысынан) атқылау, кенет шашырау *to ~ itself out (дауыл т.б.) бәсеңдеу, толастау *to ~ smth out үрлеп өшіру *to ~ over ешбір әсерсіз өту ¨The storm blew over in the night. – Дауыл түнде соғып өтті. ¨The scandal will soon ~ over. – Жанжал жуырда тынышталады. *to ~ up (a)жару, қопару ¨The bomb blew up. – Бомба жарылды. (b)астаң-кестең басталу ¨A storm is ~ing up. – Астаң-кестеу дауыл тұруда. ¨(ауысп. мағ.) A political crisis has blown up over the President’s latest speech. – Президенттің соңғы сөзінен соң саяси дағдарыс құйындап кетті. (c) сабырын жоғалту, кіжіну *to ~ smb up (ауызекі) біреуді қатты сөгу ¨She got blown up by her boss for being late. – Кешіккені үшін оны бастығы қатты сөкті. *to ~ smth up (a)қопару, жару ¨The police station was blown up by terrorists. – Полиция бекетін террористер жарып кетті. (b)жел үрлеу, айдау, желмен толтыру ¨This tyre is a bit of flat; it needs ~ing up. – Мына дөңгелек отырыпты (желі азайыпты); бұған жел айдау керек. (c)(фотографияны, т.с.с.) үлкейту, ұлғайту ¨What a lovely photo! Why don’t you have it blown up? – Неткен тамаша фото! Неге үлкейтіп алмайсың? (d)дардиту, өсіріп көрсету ¨His abilities as an actor have been greatly blown up by the popular press. – Оның актёрлік қабілетін жергілікті газеттер дардитып жіберген. B.n 1.үрлеу, желдің соғысы; сіңбіріс/-ру ¨to give one’s nose a good ~ - жақсылап сіңбіру 2. (idm) *to go for/have a ~ таза ауада қысқа уақыт серуендеу
blow 2 [blәu] n 1.қатты соққы ¨He received a severe ~ on/to the head. – Оның басына қатты соққы тиді. 2.~ (to smb/smth) (ауысп. мағ.) соққы ¨His wife’s death was a great ~ (to him). - Әйелінің қайтыс болуы оған ауыр соққы болып тиді. 3. (idm) *at one ~; at a (single) ~ бір ұрып, бір соққаннан ¨He felled his three attackers at a single ~. – Ол үш бұзақыны бір ұрғаннан жалп еткізді. *a ~-by-~ account, description, etc (of smth) бүге-шігесіне дейін, егжей-тегжейлі баяндама, суреттеме ¨He gave us a ~-by-~ account of the evening’s events. – Ол бізге кешкі оқиғалар жайлы тәптіштеп айтып берді. *to come to ~s (over smth) (бірнәрсе ж) айтысу, керілдесу ¨We almost came to ~s over what colour our new carpet should be. – Жаңа төсеніштің түсі қандай болуы керегіне келгенде біз шайқаса бастадық. *to deal smb/smth a ~ [қ-з: deal] *to get a ~/punch in біреуге соққы тигізу *to strike a ~ for/against smth [қ-з: strike]
blow 3 [blәu] v, n (архаизм) (pt blew [blu:], pp blown [blәun]) гүлдеу, шешек ату