wash [wɒʃ] A.v 1.жуу ♦∼ smth/smb These jeans need washing. – Бұл джинсыны жуу қажет/ керек. ¨He always washes the car on Sundays. – Ол машинасын ылғи жексенбі күндері жуады. ♦to wash your hands/hair/face – қолын/ шашын/ бетін жуу ♦Wash the fruit thoroughly before eating. – Жемісті жемес бұрын жақсылап жу. 2. (especially BrE) (үстін, тб) жуу, жуыну ♦By this time we were already washed and dressed. – Ол уақытта жуынып, киініп қойғанбыз. ♦I washed and changed before going out. – Тысқа шығар алдында жуынып, киімімді ауыстырдым. 3. (киім-кешек, мата ж) жууға жарамды болу ♦This sweater washes well. – Бұл свитер жақсы жуылады. 4. (су ж) ағу, жуу, (толқынмен) жабу, ағызу, шаю ♦Water washed over the deck. – Су палубаны шайып/ жуып жатты. ♦∼ smth/smb Pieces of the wreckage were washed ashore. – Қиранды сынықтарын су жағаға (шайып) шығарды. ♦He was washed overboard by a huge wave. – Оны алып толқын кеме бортынан суға құлатты. ♦∼ smth The beach had been washed clean by the tide. – Пляжды толқын жуып-шайды. 5. (idm) *air/wash your dirty laundry/linen in public [қ-з: linen (2)] *wash your hands of smb/smth «біреуге/ бірнәрсеге қолын жуу», көмектеспей/ араласпай қою ♦When her son was arrested again she washed her hands of him. – Ұлын қайтадан ұстағанда/ тұтқындағанда ол (әйел) көмектеспей қойды. *smth won’t/doesn’t wash (with smb) біреудің айтқаны шын емес не бұндай түсініктеме қабыл болмайды дег мағ ♦That excuse simply won't wash with me. – Ол сылтауды қабылдай алмаймын. 6. (phr v) *wash smb/smth away су шаю/ басу/ жуу, сумен кетіру ♦Part of the path had been washed away by the sea. – Соқпақтың/ Аяқ жолдың бір бөлігін теңіз шайып кетіпті. ♦The rain had washed away the footprints. – Жауын аяқ іздерін шайып кетіпті. *wash smth down (with smth) a) жуу, шаю ♦Wash down the walls before painting them. – Сырламас/ Боямас бұрын қабырғаларды шай/ жу. b) ішу ♦For lunch we had bread and cheese, washed down with beer. – Түскі асқа нан мен сыр жеп, сыра іштік. *wash off жуып кетіру/ тазалау ♦Those grease stains won't wash off. – Ол сатпақ жуса, кетпейді. *wash smth off (smth) жуып кетіру/ тазалау ♦Wash that mud off your boots before you come in. – Ішке кірмес бұрын аяқ киіміңдегі балшықты жуып тазала/ кетір. *wash out жуып кетіру/ тазалау ♦These ink stains won't wash out. – Мына сия дақтары жуса, кетпейді. *wash smth out a) (бірн-ң ішін) жуу, шаю ♦She washed out the empty bottles. – Ол бос бөтелкелердің/ шишалардың ішін жуып тазалады. b) жуу, шаю, жуып/ шайып кетіру/ тазалау ♦Wash the dye out with shampoo. – Бояуды шампунмен жуып кетір. c) жауын жауып ойынды/ шараны үзу не болдырмау ♦The game was completely washed out. – Жауыннан ойын мүлде болмай қалды. *wash over smb a) (also wash through smb) (literary) (сезім ж) кернеп кету, толқып кету, сезім бойын билеп кету ♦Waves of nausea washed over him. – Жүрегі қатты айнып кетті. b) «үстінен асып кету», болған оқиға әсер етпеу ♦She manages to let criticism just wash over her. – Ол айтылған сынды жүрегіне/ көңліне онша алмайды. *wash up a) (BrE) (also do the dishes) (ыдыс-аяқты) жуу, шаю b) (also get washed up) (NAmE) беті-қолын жуу/ шаю ♦Go and get washed up. – Барып, беті-қолыңды жу/ шай. *wash smth up a) (BrE) (ыдыс-аяқты) жуу, шаю ♦I didn't wash up the pans. – Табаларды жумадым. b) (су ж) сумен ағып келу, су жағаға шығарып тастау, су шаю ♦Cargo from the wrecked ship was washed up on the shore. – Батқан кеменің жүгі жаға(лау)ға ағып келді./ Батқан кеменің жүгін толқын жағаға шайып шығарды. B.n 1. (especially BrE) жуу; жуыну ♦These towels are ready for a wash. – Мына сүлгілерді жууға болады. ♦I'll just have a quick wash before dinner. – Кешкі ас алдында тез жуынып аламын. ♦The curtains could do with a good wash. – Перделерді жақсылап жуса болады. ♦I'm doing a dark wash. – Қара түсті заттардың бәрін бірге жуудамын. ♦Your shirt's in the wash. – Жейдең жуылуда. ♦My sweater shrank in the wash. – Свитерім жуғаннан тарылыпты. 2. the ∼ толқындаған су ♦The dinghy was rocked by the wash of a passing ferry. – Қайықты өтіп бара жатқан паромның толқыны шайқады. ♦They listened to the wash of waves on the beach. – Олар пляждағы толқындаған судың үнін тыңдады. ♦Seagulls hovered above the wash of the trawler. – Шағалалар траулердің артында парлады/ қалықтады. 3.сырдың/ бояудың жұқа қабаты ♦The walls were covered with a pale yellow wash. – Қабырғаларды боз(ғылт) сарымен сырлапты. 4.сабынды су ♦an antiseptic skin wash – антисептик сабынды су 5. (idm) *it will (all) come out in the wash (informal) «жуғанда бәрі шығады» a) шындық ерте ме, кеш пе белгілі болады ♦This will all come out in the wash. – Істің мән-жайы кейін бәрібір белгілі болады. b) кез-келген қиындық уақыт өте шешімін табады