washed out [ˌwɒʃt ˈaʊt] adj 1. (жуа-жуа түсі, реңі) оңған, солған, бозарған ♦She didn't like jeans that looked too washed out. – Ол түсі тым оңған джинсыны жақсы көрмейтін. ♦a pair of washed-out old jeans – жуа-жуа түсі оңған джинсы ♦The walls were a washed-out blue colour. – Қабырғаның көк түсі уақыт өте бозарған/ оңған/ солған еді. 2. (кісі ж) қалжыраған, боз(арған) (syn: exhausted) ♦He always looks washed out at the end of the week. – Аптаның соңына қарай ол былқ-сылқ етіп қалады.