waste [weɪst] A.n 1.ысырап, рәсуа, шығын; ысырапшылдық, рәсуашылдық; ысырап/ рәсуа/ шығын ету/ қылу ♦I hate unnecessary waste. – Жөнсіз шығынды жақтырмаймын. ♦It seems such a waste to throw good food away. – Жақсы асты/ тамақты/ тағамды лақтырып тастаған - үлкен ысырап сияқты. ♦I hate to see good food go to waste. – Жақсы асты/ тамақты/ тағамды лақтырып тастағанды жақтырмаймын. ♦∼ of smth The report is critical of the department's waste of resources. – Есепте/ Баяндамада бөлімнің ресурстарды ысыраптағаны/ шығындағаны сынға алған. ♦What a waste of paper! – Қайран қағаз-ай десейші!/ Қаншама қағаз ысырап болған! ♦(ауысп мағ) These meetings are a complete waste of time. – Бұл жиналыстар – құры уақыт шығындау. ♦(ауысп мағ) The whole exercise is just a waste of effort. – Мына іс – құры мықшыңдау. 2. (also wastes) қалдық, қоқыс (әрі қажет емес заттар, материалдар) ♦household/garden/industrial waste – үй/ бақша/ индустрия (өнеркәсіп) қоқыстары/ қалдықтары ♦hazardous/toxic/radioactive waste – қатерлі/ улы/ радиоактив(ті) қалдықтар/ қоқыстар ♦Landfills for solid wastes have started reaching their capacity. – Қоқыс тастайтын жерлер тола бастады. ♦waste disposal – қоқысты/ қалдықты тастау/ тазарту ♦The private sector plays a significant role in waste management. – Қоқыс/ Қалдық игеруде жеке сектор әжептәуір роль атқарады. ♦Waste water going out into the rivers was reduced by 92 per cent. – Өзендерге құятын қалдық су 92 процентке азайды. 3. (also waste matter) нәжіс (денеден шыққан боқ-сідік) ♦The farmers use both animal and human waste as fertilizer. – Фермерлер жануар не адам нәжістерін тыңайтқыш ретінде пайдаланады. 4. wastes (formal) иен дала, (адамсыз, жануар-өсімдіксіз) жалаңаш жер ♦the frozen wastes of Siberia – Сібірдің мәңгі тоң далалары/ сахаралары 5. (idm) *a waste of space [қ-з: space (A10)] B.v 1. (затты, тб жөнсіз) шығындау, ысырап ету, рәсуа ету/ қылу, қалай болса солай жұмсау; зая қылу/ ету ♦∼ smth Stop wasting time! – Уақытты құры шығындама! ♦to waste food/energy/resources – тамақты/ энергияны/ ресурстарды шығындау/ ысырап ету ♦∼ smth on smth Why waste money on clothes you don't need? – Керек емес киімге ақша шығындап не керегі бар? ♦(ауысп мағ) ∼ smb/smth It was a wasted opportunity. – Бұл бір зая кеткен мүмкіндік болды. ♦(ауысп мағ) His talents are wasted in that job. – Сол жұмыста оның дарыны/ таланты босқа зая болды. ♦(ауысп мағ) He felt that he had wasted his life. – Ол өмірін құры өткізгендей сезінді. ♦(ауысп мағ) ∼ smb/smth as smth You're wasted as a sales manager - you should have been an actor. – Сауда менеджері ретінде өзіңді жоғалттың – актер болуың керек еді. ♦(ауысп мағ) Don't waste your sympathy on him - he got what he deserved. – Оған жаның ашымай-ақ қойсын – оған керегі де осы еді. ♦(ауысп мағ) Expensive wine is wasted on me. – Қымбат шараптардың қадірін ұқпаймын. ♦(ауысп мағ) Her comments were not wasted on Chris. – Крис оның айтқандарын ұқты. ♦(ауысп мағ) In the end her efforts were not entirely wasted. – Соңында бәрібір оның харекеті зая кетпеді. 2. ∼ smb (informal, especially NAmE) біреуді өлтіру, біреуді өлтіріп құтылу 3. ∼ smb (NAmE, informal) (ойында, тб) оңдырмай/ ойсырата жеңу/ ұту 4. (idm) *waste your breath сөзі зая кету, сөзін ешкім тыңдамау, сөз шығындау ♦You're just wasting your breath. She never listens. – Босқа сөз шығындап тұрсың. Ол ешқашан тыңдамайды. *waste not, want not [қ-з: want (A7)] 5. (phr v) *waste away (кісі ж) (ауырып, тб) арықтау, азу C.adj 1.қалдық, қоқыс ♦the disposal of waste material – қалдықты/ қоқысты тастау ♦Waste water is pumped from the factory into a nearby river. – Қалдық суды жақын маңдағы өзенге тастайды/ ағызады. 2.жарамсыз (жер, тб) (syn: derelict) 3. (idm) *lay smth waste | lay waste (to) smth (formal) қирату, жою, тас-талқан ету ♦The invading army laid waste to towns and villages on their way to the capital. – Жаулаушы әскер/ армия астанаға барар жолдағы кенттер мен ауылдарды тып-типыл еткен. ♦an area laid waste by war – соғыс тып-типыл еткен аймақ