water [ˈwɔːtə(r)] A.n 1.cy ♦a glass of water – бір стакан су ♦drinking water – ауыз су, ішетін су ♦There is hot and cold running water in all the bedrooms. – Барлық ұйқы бөлмесінде (құбырмен келетін) суық және ыстық су бар. ♦clean water – таза су ♦fresh water – таза су ♦water pollution – судың ластануы ♦water shortages – су(дың) тапшылығы/ жетіспеушілігі ♦water quality – су сапасы ♦The water was turned off for several hours each day during the drought. – Құрғақшылық кезінде суды күніне бірнеше сағат(қа) өшіріп тастап жүрді/ бермей жүрді. 2.су (яғни, өзен-көл, теңіз, мұхит) ♦We walked down to the water's edge. – Судың шетіне дейін жаяу жүрдік. ♦shallow/deep water – таяз/ терең су ♦in the ∼ It was lovely and cool in the water. – Су жанға жайлы салқын еді. ♦She fell into the water. – Ол суға құлады. 3.су, су беті, су айдыны ♦on the ∼ The leaves floated on the water. – Жапырақтар суда/ су бетінде қалқыды. ♦in the ∼ I could see my reflection in the water. – Судан шағылысқан бейнемді көре алдым. ♦under the ∼ She dived under the water. – Ол суға сүңгіді. 4. ∼s су, сулар (белгілі бір өзен-көлдің, теңіздің не мұхиттың) ♦the grey waters of the River Clyde – Клайд өзенінің сұр суы/ сулары ♦This species is found in coastal waters around the Indian Ocean. – Бұл особьтер Үнді мұхитының жағалауында(ғы суларда) бар/ ұшырасады. 5. ∼s сулар, су (белгілі бір елдің иелігіндегі теңіз не мұхит бөлігі/ айдыны) ♦in… waters We were still in British waters. – Біз әлі (де) Британия суында/ суларында едік. ♦fishing in international waters – халықаралық су(лар)да балық аулау 6. (қиын жағдайды, ахуалды сипаттағанда айтылады) murky, uncharted, stormy, dangerous, etc. waters лай/ беймәлім/ дауылды/ қауіпті сулар ♦The conversation got into the murky waters of jealousy and relationships. – Әңгіме қызғаныш пен қарым-қатынастың лай суына ойысты. ♦The government has warned of stormy waters ahead. – Үкімет жағдайдың алда қиын болатынын ескертті. ♦I was going into uncharted waters. – Өзіме таныс емес жағдайда едім. 7. (idm) *be in/get into hot water (informal) қиын жағдайда болу; қиын жағдайға түсу/ ұрыну *blood is thicker than water [қ-з: thick (A9)] *blow smb/smth out of the water (informal) (біреуді/ бірн-ні) быт-шыт ету, талқандау, жою ♦(ауысп мағ) I like my old phone, but this new model blows it out of the water. – Көне телефоным маған ұнайды, бірақ мына жаңа моделден қалып қалады екен. *by water (formal) сумен, қайықпен, кемемен ♦They reached Naples by water. – Олар Неапольге сумен/ кемемен барды. *clear blue water (between A and B) бір-біріне мүлде ұқсамаушылық, мүлде өзгешелік/ басқашалық ♦Voters want to see clear blue water between the main parties. – Сайлаушылар(дың) екі партия арасындағы нақты айырмашылықты көргісі/ білгісі келеді. *dead in the water [қ-з: dead (A9)] *dip a toe in/into smth | dip a toe in/into the water [қ-з: dip (A5)] *a fish out of water [қ-з: fish (A3)] *(come) hell or high water [қ-з: hell (3)] *in deep water(s) (informal) қиын жағдайға түскен, пәлеге ұрынған/ кезіккен *it’s (all) water under the bridge «болар іс болды, бояуы сіңді», бұрын болған нәрсе ұмытылған, енді маңызды емес *keep your head above water [қ-з: head (A21)] *(take to smth) like a duck to water [қ-з: duck (A5)] *like water (informal) су сияқты, көп, көптеп, көптен ♦He spends money like water. – Ол ақшаны суша шашады. *not hold water (informal) дәлелсіз, сенімсіз, сенуге тұрмайтын *pass water (formal) кіші дәретке отыру, сию, сію *pour/throw cold water on smth [қ-з: pour (6)] *pour oil on troubled water(s) [қ-з: pour (6)] *still waters run deep [қ-з: still (B5)] *test the waters [қ-з: test (B5)] *tread water [қ-з: tread (A4)] *(like) water off a duck’s back (informal) «үйректің арқасынан ыршыған судай», су жұқпайтын/ жұқпас (яғни, сын/ ақыл/ кеңес әсер етпейтін) ♦I can't tell my son what to do; it's water off a duck's back with him. – Ұлыма не істеу керек екенін айтпаймын; ол бәрібір құлақ аспайды. *somebody’s waters break босанар алдында әйел жатырынан судың шығуы *you can lead/take a horse to water, but you can’t make it drink [қ-з: horse (A4)] B.v 1. ∼ smth суару, суғару ♦to water the plants/garden – өсімдіктерді/ бақшаны су(ғ)ару 2.көзі жасаурау, көзінен жас ағу ♦The smoke made my eyes water. – Түтін көзімді жасауратты. 3.ауыздан сілекей ағу, сілекей шұбыру ♦The smells from the kitchen made our mouths water. – Кухнядан келген иістен сілекейіміз ақты. 4. ∼ smth (жануарды) суғару, суару, су беру ♦to water the horses – аттарды суғару ♦(humorous) After a tour of the grounds, the guests were fed and watered. – Бір сағат қыдыртқан соң, қонақтарға ішіп-жем берді. 5. (specialist) (өзен, тб ж) су келу, су бару ♦be ∼ed by smth The valley is watered by a stream. – Алқапты жылға суарады. 6. ∼ smth арақ-шарапқа су қосу ♦watered wine – су қосқан шарап 7. (phr v) *water smth down (syn: dilute) су қосып сұйылту ♦(ауысп мағ) The proposals got somewhat watered down at committee stage. – Ұсыныстарды комитет деңгейінде қараған болды.