watery [ˈwɔːtəri] adj 1.сулы, суы көп; су сияқты; сұйық ♦a watery fluid – сұйық сұйықтық, су сияқты сұйықтық, суы көп сұйықтық ♦His eyes were red and watery. – Көздері қызарып, жасаурап тұрды. ♦(literary) She was rescued from a watery grave. – Оны суға батудан құтқарып қалды. 2.әлсіз, боз(ғылт) ♦a watery sun – бозарған күн ♦His eyes were a watery blue. – Көзі бозғылт көк еді. ♦a watery smile – әрең жымию, ербие жымию 3. (ас, ішімдік, тб ж) суы көп, өте сұйық; су татыған, дәмсіз ♦The vegetables were watery and tasteless. – Көкөніс су татып тұрды. ♦watery soup – тым сұйық суп/ сорпа