wave [weɪv] A.n 1.толқын ♦Huge waves were breaking on the shore. – Алып толқындар жағаны соққылап/ ұрғылап жатты. ♦Surfers flocked to the beach to ride the waves. – Толқында сырғанау үшін сөрферлер пляжға үймеледі. ♦the gentle sound of waves lapping – шалпылдаған толқынның жұмсақ үні ♦The wind made little waves on the pond. – Жел тоғанда шағын толқын тудырды. ♦in the ∼s Children were playing in the waves. – Толқында ойнаған балалар. 2. толқын (жарықтың, дыбыстың, ыстықтың, тсс) ♦electromagnetic/gravity/ultrasonic waves – электромагнит/ тартылыс күші/ ультрадыбыс (ультрасоник) толқыны 3.қол бұлғау, қол серме(ле)у ♦with a ∼ She declined the offer with a wave of her hand. – Ол қолын сермелеп ұсынысты қабыл алмады. ♦With a wave and a shout he ran down the road to meet us. – Ол қолын серме(ле)й, айқайлай бізбен жолығу үшін жолмен жүгірді. ♦He gave us a wave as the bus drove off. – Автобус қозғалғанда ол бізге қол бұлғады. 4. the ∼ (NAmE) (BrE Mexican wave) «толқын», Мексика толқыны (стадионда көрермендер легі бірінен кейін бірі орнынан қолын көтере тұрып-отырғанда болатын толқын сияқты көрініс) 5. «толқын», лек, түйдек, күрт өсу/ арту ♦∼ of smth Insurgents launched a wave of attacks against the security forces. – Көтерілісшілер қауіпсіздік күштеріне қарсы бірнеше дүркін шабуылдады. ♦Wave after wave of attacks rocked the city. – Арты-артынан болған шабуылдар қаланы қан қақсатты. ♦a wave of protests/strikes/scandals – наразылықтар/ ереуілдер/ даулар легі ♦A wave of fear swept over him. – Тұла бойы үрейден дір ете қалды. ♦in ∼s Guilt and horror flooded her in waves. – Ол біресе кінәлі сезініп, біресе шошумен болды. 6. «толқын», лек, ағын, тізбе ♦Wave after wave of aircraft passed overhead. – Ұшақтар үстіден арты-артынан ұшып өтіп жатты. ♦The war generated waves of refugees. – Соғыс босқындар легін туғызды. 7.толқын шаш, сәл бұйра(сымал) шаш 8. the ∼s (literary) теңіз, мұхит ♦life on the waves – теңіздегі өмір 9. (idm) *the crest of a/the wave өте табысты/ сәтті/ бақытты кез(ең) ♦They’ve been on the crest of the wave ever since their election victory. – Сайлаудағы жеңістен соң олардың мерейі үстем болуда. *make waves (informal) «толқын туғызу», тым белсенді болып жұрт көзіне шалыну *ride a/the wave of smth [қ-з: ride (А8)] B.v 1.қол бұлғау, қол сермеу, қол сермелеу ♦The people on the bus waved and we waved back. – Автобустағы адамдар қол бұлғағанда, біз кері қол бұлғадық. ♦∼ at/to smb Why did you wave at him? – Оған неге қол бұлғадың(ыз)? ♦He waved to the crowd as they greeted him. – Ол қошаметші(л) топқа қол бұлғады. ♦∼ smth The driver leaped out, waving his fist and swearing. – Жүргізуші атқып шығып, жұдырығын сермеп, боқтанды. 2.қолмен көрсету ♦She waved vaguely in the direction of the house. – Ол қолын бұлғай үй жақты көрсетті. ♦I showed my pass to the security guard and he waved me through. – Рұхсат қағазымды күзетшіге көрсетіп едім, ол қолымен өте бер деп ишара етті. ♦She waved me away impatiently. – Ол мазасыздана маған ана жақ деп көрсетті. 3. (бірнәрсені) бұлғау, сермеу, сермелеу, шошаңдату ♦∼ smth Crowds lined the route, waving flags and cheering. – Қарақұрым жұрт жолды жағалай тізіліп, жалаушаларға жалау бұлғап, дауыстай қошеметтеп жатты. ♦to wave banners/placards/signs – баннерлерді/ плакаттарды/ белгілерді бұлғау ♦to wave the money under his nose – оның мұрнына тақай ақшаны шошаңдату/ бұлғау/ сермеу ♦The officer started waving his gun at the crowd. – Офицер жұртқа қаруын шошаңдата бастады. 4.желбіреу, тербелу, шайқалу, бұлғаңдау, толқындау ♦The flag waved in the breeze. – Ту самалда желбіреді. ♦The protesters marched past, their banners waving. – Протесшілер/ Шерушілер баннерлері бұлғаңдап/ шошаңдап өте шықты. ♦The dog's tail waved gently. – Иттің құйрығы жай бұлғаңдады. 5. (шаш ж) сәл бұйра болу, толқын сияқты болу ♦His hair waves naturally. – Шашында табиғи толқындық бар. 6. ∼ smth шашын сәл бұйралау/ толқындату ♦She's had her hair waved. – Шашын сәл бұйралады/ толқындатты. 7. (idm) *fly/show/wave the flag [қ-з: flag (А6)] *like waving a red flag in front of a bull (NAmE) (BrE a red rag to a bull) [қ-з: red (А4)] 8. (phr v) *wave smth aside/away (ұсынысты, кеңесті, тб) қабылдамау, қабыл алмау (syn: dismiss) ♦My objections to the plan were waved aside. – Жоспарға қарсылығымды ескермеді. ♦He waved away our thanks with a smile. – Рахмет айтқанымызда, ол қажеті/ оқасы жоқ дегендей жымиды. *wave smth/smb down көлікке тоқта деп қол бұлғау *wave smb off қол бұлғай қоштасу ♦We all stood in the road and waved our visitors off. – Жолда тұрып, қонақтарды қол бұлғай шығарып салдық.