way

way [weɪ] A.n 1.жол, көше, аяқжол, соқпақ ♦There's a way across the fields. – Алқаптар арқылы жол бар.to ask somebody the way – біреуден жол сұрау Do you know the way? – Жолды білесің(із) бе? ♦∼ to… Can you tell me the way to Leicester Square? – Лестер алаңына баратын жолды маған айтыңызшы?Get out of my way! I'm in a hurry. – Жолымнан қаш/ кет! Асығулымын. Riot police with shields were blocking the demonstrators' way. – Арнайы полиция күштері қалқандармен демонстранттардың жолын бөгеп жатты/ жатты. along the  Unfortunately they ran into a snowstorm along the way. – Өкінішке орай, жолда олар қарлы боранның астында қалды. We fought our way through the dense vegetation. – Қалың бұта-шөп өскен жермен әрең жүрдік. ♦(figurative) We will eventually find a way out of the crisis. – Ақыры кризистен шығатын жол табамыз. 2.бағыт, жақ, тарап, жол, тұс ♦Which way did they go? – Олар қай жаққа/ жақпен/ жолмен кетті? We just missed a car coming the other way. – Басқа жақтан келе жатқан машинаны жаңа ғана жіберіп алдық. Look both ways before crossing the road. – Жолдан өтер бұрын екі жаққа да қара. The pipe could be moved a few inches either way. – Құбырды бірнеше сантиметрге екі жаққа да қозғаса болады. Kids were running this way and that. – Балалар әрі-бері жүгіріп жүрді. They decided to split the money four ways. – Олар ақшаны төртке бөлуді ұйғарды. ♦(figurative) Which way are you going to vote? – Қалай/ Қай партияға дауыс бермексің(із)? over/down…  I think he lives somewhere over Greenwich way. – Ол Гринвич жақта тұрады деп ойлаймын. down your/my  I'll stop by and see you next time I'm down your way. – Келесі жолы осы жаққа келгенде саған/ сізге арнайы соға кетемін. 3. Way көше (аттарында қолд) ♦106 Headley Way 4.кіретін/ шығатын/ кірер/ шығар тұс/ жер/ жол ♦the way in/out – кірер/ шығар тұс They escaped out the back way. – Олар арт жақтан қашып құтылып кетті. 5. (also NAmE, informal ways) қашықтық, арақашықтық, жол, уақыт ♦A little way up on the left is the Museum of Modern Art. – Сәл жоғары сол жақта – Қазіргі өнер музейі. We had to go a long way before we found a place to eat. – Тамақ ішер жер тапқанша ұзақ жүрдік. September was a long way off. – Қыркүйекке дейін әлі алыс еді. You came all this way to see us? – Бізді көру үшін осыншама жер жүріп келдің(із) бе? ♦(figurative) The area's wine industry still has a way to go to full maturity. – Бұл аймақтың шарап индустриясына әлі жетілу керек. ♦(NAmE, informal) We still have a ways to go. – Істер шаруамыз әлі көп. 6.жақ, сала, тсс (syn: respect) ♦I have changed in every way. – Қай жағынан болсын, өзгердім. It's been quite a day, one way and another. – Қай жағынан болса да, бұл бір тыныш күн болды. 7.жағдай, күй, ахуал ♦in a…  The economy's in a bad way. – Экономиканың күйі - жаман. I don't know how we're going to manage, the way things are. – Жағдай – мынау, енді қайтерімізді білмеймін. 8.әдіс, тәсіл, амал, жол ♦I prefer to do things the easy way. – Істі жеңіл тындырғанды құп көремін. I love him and I think he feels the same way. – Оны сүйемін, ол да мені сүйеді деп ойлаймын. ♦∼ to do smth I'm sure we can find a way to make this work. – Осы жұмысты істейтін амал табамыз деп ойлаймын. Using the subway is the only way to avoid the traffic. – Метро(мен жүру) – көлік кептелісінен құтылудың жалғыз (ғана) жолы. ♦(informal, disapproving) That's no way to speak to your mother! – Анаңа бүйтіп айтуға болмайды. ♦∼ of doing smth I'm not happy with this way of working. – Бүйтіп істегенді ұнатпаймын. ♦∼ (that)… It's not what you say, it's the way that you say it. – Әңгіме не айтатыныңда емес, қалай айтатыныңда. I hate the way she always criticizes me. – Оның маған сөйлей беретіні ұнамайды. I told you we should have done it my way! – Мен айтқандай істеуіміз керек еді деп айтқан жоқпын ба саған! in the…  She dresses in the same way as her sister. – Ол әпкесі/ сіңлісі сияқты киінеді. Infectious diseases can be acquired in several ways. – Жұқпалы аурулар бірнеше жолмен жұғады. In this way, we can track the storms as they move across the ocean. – Осылайша/ Осы тәсілмен дауыл мұхитта қозғалғанда бақылай аламыз. in the (that)… It works in the way you'd expect. – Бұл өзің ойлағандай жұмыс істейді. New technology has radically changed the way in which this work is done. – Жаңа технология осы жұмысты істеу тәсілін өзгертті. in a that… She writes in a way that is easy to understand. – Ол түсінікті етіп жазады. I generally get what I want one way or another. – Қалаған нәрсемді әйтеуір (бір) істеймін./ Қалаған нәрсемді қайтсем де аламын. 9.жүріс-тұрыс, мінез, тәртіп in a…  They grinned at her in a friendly way. – Олар оны жақын тарта/ Олар оған жылы ұшырай ақсия жымиды. It was not his way to admit that he had made a mistake. – Ол қатесін еш мойындамайтын. Don't worry, if she seems quiet - it's just her way. – Қобалжыма, ол үндемесе/ тыныш көрінсе – өзінің әдеті/ мінезі. He was showing off, as is the way with adolescent boys. – Ол жеткіншектерше мақтанып жатты/ өзін көрсетіп бақты. 10. ways салт, дәстүр, әдет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып ♦After ten years I'm used to the strange British ways. – Он жылдан соң бірқызық британиялық әдеттерге үйрендім. She always said that the old ways were the best. – Ол көне дәстүрлер жақсы еді деп айтып жүретін. 11. (idm) *across the way (BrE also over the way) көшенің әр/ арғы жағында/ бетінде ​♦Music blared from the open window of the house across the way. – Музыка көшенің арғы бетіндегі үйдің ашық терезесінен гүжілдей шығып жатты. *all the way (also the whole way) a) жол/ сапар бойы не белгілі бір кезеңде ♦She didn't speak a word to me all the way back home. – Үйге қайтқанда ол жол бойы маған ләм демеді/ бір ауыз сөз айтпады. the whole way to Arizona – Аризонаға дейін жол бойы This bus doesn't go all the way so you'll have to change. – Бұл автобус ол жаққа дейін бармайды, сондықтан жолда ауысып мінуің(із) керек. I watched the movie the whole way through. – Киноны бастан аяқ/ аяғына дейін көріп шықтым. b) мүлде, толықтай, барынша; қанша қажет/ керек болса соншалықты ♦I'm fighting him all the way. – Онымен барынша айқасудамын. You can feel that the audience is with her all the way. – Көрермендердің оны ұйып тыңдайтынын сезуге болады. *along the way ілгерілеген/ жылжыған сайын/ бойда ​♦You'll learn something along the way. – Ілгерілеген сайын бірдеңе үйренесің. *(that’s/it’s) always the way ​(informal) қашан да осы(лай болып жатады) *any way you slice it [қ-з: slice (B4)] *be/be born/be made that way ​(кісі ж) осылай/ солай жаратылу, табиғатынан/ жаратылысынан солай болу ♦It's not his fault he's so pompous - he was born that way. – Маңғаздығы оның міні емес – ол тумысынан солай/ сондай. *be (all) downhill | be downhill all the way (informal) «еңіс/ ылди болу» a) бұрынғыға қарағанда жеңіл/ оңай болу ♦It's all downhill from here./ It's downhill all the way from here. We'll soon be finished. – Бұдан былай – оңай. Біраздан соң бітіреміз. b) нашарлау, нашарлап кету; онша сәтті/ табысты болмау ♦It's been all downhill for his career since then, with four defeats in five games. – Содан кейін оның карьерасы нашарлап кетті – бес ойында төрт рет жеңілді. I started work as a journalist and it was downhill all the way for my health. – Еңбек жолымды журналист ретінде бастадым және бұның денсаулығыма зияны тиді. *be set in your ways өзінше бір орныққан әдеті/ пікірі болу ♦Grandma is so set in her ways. – Әжемнің бойына сіңген әдеттері бар. *be well on the way to smth/doing smth оң бағытта болу, бірнәрсеге жетейін деп қалу ♦She is well on the way to recovery. – Ол жақсы сауығып келеді. He is well on the way to establishing himself among the top ten players in the world. – Ол әлемдегі ең үздік он ойыншының қатарына кіретін бағытта. *by a long way өте, аса ♦He was the best by a long way. – Ол аса үздік/ мықты болды. *by the way (also by the by/bye) (abbr BTW) (informal) айтпақшы ♦By the way, I found that book you were looking for. – Айтпақшы, сен іздеген кітапты таптым. What's the time, by the way? – Айтпақшы, сағат қанша болды? Oh by the way, if you see Jackie, tell her I'll call her this evening. – Айтпақшы, Джәкиді көрсең, айтшы, мен кешке оған звондаймын. *by way of smth (бір жер) арқылы (syn: via) ♦The artist recently arrived in Paris from Bulgaria by way of Vienna. – Суретші Парижге Болгариядан Вена арқылы келді. She came to TV by way of drama school. – Ол телевидениеге драма мектебінен келді. *by way of/in the way of smth бірнәрсе ретінде; бірнәрсе үшін ♦He received £600 by way of compensation from the company. – Ол өтемақы ретінде компаниядан £600 алды. She rolled her eyes by way of an answer and left. – Жауап ретінде ол көз(інің) қарашығын айналдырды да кетті. *change your ways басқаша өмір сүре бастау; әдетін/ мінезін өзгерту ♦He was in trouble with the police as a teenager but now he’s completely changed his ways. – Жеткіншек ретінде ол полициямен нашар болды, алайда енді ол мүлде өзгерген. Your father is unlikely to change his ways now. – Әкең енді өзгере қоймас. *claw your way back, into smth, out of smth, to smth, etc. тырмысып/ тырмаланып/ күш салып жатып жету/ қол жеткізу ♦She clawed her way to the top of her profession. – Ол тырмысып жатып кәсібінің шыңына жетті. Slowly, he clawed his way out from under the collapsed building. – Баяу, тырмаланып жатып ол құлаған үй-жайдың астынан аман шықты. *clear the way (for smth/for smth to happen) (бірнәрсе үшін) жол ашу ​♦The ruling could clear the way for extradition proceedings. – Осы шешім экстрадиция шаралары үшін жол ашуы мүмкін. *come your way ​кездейсоқ болу, ойда жоқта болу, күтпеген жерден болу ♦He took the first job that came his way. – Ол бірінші кезіккен жұмысқа тұрды. Have any interesting articles come your way recently? – Жуырда саған ешбір қызық мақала(лар) ұшыраспады ма? *cut both/two ways ​бір-біріне кереғар/ қарама-қайшы екітүрлі әсер не нәтиже болу *either way | one way or the other олай да, былай да, не былай, не олай, қалай/ не болса да ♦Was it his fault or not? Either way, an explanation is due. – Оның кінәсі ме жоқ па? Қайткенде де, түсініктеме керек. We could meet today or tomorrow - I don't mind one way or the other. – Бүгін не ертең жолықсақ болады – маған бәрібір. *every which way​(informal) барлық жаққа, жан-жаққа, әр жаққа ♦Her hair tumbled every which way. – Шашы жан-жаққа тарамдалып тұрды. *feel your way [қ-з: feel (A9)] *find your way (to…) [қ-з: find (A8)] *find your/its way (to/into…) [қ-з: find (A8)] *get into/out of the way of (doing) smth әдеттену, үйреніп кету; әдетін ұмыту ♦The women had got into the way of going up on the deck every evening. – Әйелдер әр кеш палубаға көтерілетін болды. *get in the way of ​біреудің жолын кесу, біреуге бірнәрсені істетпеу; бірнәрсенің алдын алу/ жолын кесу, бірнәрсені болдырмау ♦He wouldn't allow emotions to get in the way of him doing his job. – Ол көңіл-күйдің жұмысына кедергі келтіруіне жол бермейді. *get/have your own way өзінің қалаған нәрсесін істеу; өз дегеніне жету ♦She always gets her own way in the end. – Соңында бәрібір ол өз айтқанын істейді. *give way сыну, құлау ♦The pillars gave way and a section of the roof collapsed. – Тіреулер құлап, шатырдың бір бөлігі қираған. *give way (to smb/smth) a) көну, қарсыласпау; келісу ♦He refused to give way on any of the points. – Ол қай мәселеде болсын, келіспей қойды. b) ​(BrE) жол беру ♦Give way to traffic already on the roundabout. – Сақина/ Шеңбер жолдың ішіне бұрын кірген көліктерге жол бер. *give way to smth a) сезімге берілу; әсерге берілу ♦Flinging herself on the bed, she gave way to helpless misery. – Төсекке күмп беріп, ол бейшара күйде қайғыра бастады. b) ауысу ​♦The storm gave way to bright sunshine. – Дауылдан соң жарқырап күн шықты. As he drew nearer, his anxiety gave way to relief. – Жақындаған сайын уайымы тарқап, жеңілдей бастады. *go all the way (with smb) ​(informal) біреумен жыныс қатынасына түсу, біреумен тән ләзатына бату *go back a long way [қ-з: long (A8)] *go a long way [қ-з: long (A8)] *go a long/some way towards doing smth [қ-з: long (A8)] *go out of your way (to do smth) ерекше талпыну/ тырысу ​♦He would always go out of his way to be friendly towards her. – Ол (жігіт) қашан да онымен (қызбен) бауырмал болуға тырысатын. She went out of her way to help them. – Ол оларға көмек беру үшін барынша тырысты. *go your own way өз айтқанын істеу, өз айтқанымен жүру ♦It's best to let her go her own way if you don't want a fight. – Ұрыс-керіс болсын демесең, ол (қыз) өз айтқанын істесін. He's always gone his own way when it comes to design. – Дизайнге келгенде, ол қашан да өзінше істейді. *go your separate ways ​[қ-з: separate (A3)] *go smb’s way a) біреумен бағыттас болу, біреумен бір бағытта жүру ♦I'm going your way - I'll walk with you. – Мен де солай қарай бара жатырмын – сенімен бірге жүремін. b) ​(оқиғалар ж) біреу үшін жақсы болу ♦By the third round he knew the fight was going his way. – Үшінші раундта айқастың өз пайдасына бұрыла бастағанын ол білді. *go the way of all flesh өлу *the hard way​ [қ-з: hard (A11)] *have come a long way [қ-з: long (A8)] *have your head screwed on (the right way) [қ-з: head (А21)] *have/want it both ways [қ-з: want (А7)] *have it your own way! ​(informal) дегенің болсын! Айтқаның болсын! Қалай істеймін десең, солай істе! ♦Oh OK, then. Have it your own way! – Жә, бопты. Дегенің болсын!/ Қалай істеймін десең, солай істе! *have it/things/everything your own way өз ойымен/ бетінше жұмыс істеу ♦The German team weren't going to let the English have everything their own way. – Неміс командасы ағылшындарға ерік беріп қарап отырмақ емес еді. *have a long way to go [қ-з: long (A8)] *have a way of doing smth ​бірнәрсенің осылай болатыны бар/ болатын әдеті бар ♦First love affairs have a way of not working out. – Алғашқы махабаттар әдетте тез солады. Cheer up – these problems have a way of working out. – Жә, болды енді – бұл мәселелер әдетте шешіліп кетеді. Fate has a way of changing the best of plans. – Тағдырдың ең жақсы деген жоспарларды өзгертіп жіберетіні бар. *have a way with smb/smth (біреумен/ бірнәрсемен) жақсы айналысу/ шұғылдану, епті болу, икемді болу ♦He has a way with small children. – Ол кішкентай балалардың тілін (жақсы) табады. She has a way with words. – Ол өзін жақсы ұқтыра алады. *have your (wicked) way with smb ​(old-fashioned, humorous) біреуді жыныс қатынасына түсуге көндіру *if I had my way мен болсам ғой, шіркін, шамам келсе (ғой), маған салса ♦If I had my way, smoking would be banned completely. – Маған салса/ Шамам келсе, темекі тартуға мүлде тыйым салар едім. *in any (way,) shape or form [қ-з: shape (A5)] *in a big/small way [қ-з: small (A3)] *(be/get) in the family way ​(old-fashioned, informal) ауыр аяқ/ жүкті болу/ болып қалу, бала көтеру *in more ways than one ​ бірнеше жақтан алып қарағанда; бірнеше себебі/ мағынасы/ қыры бар ♦She’s a big woman, in more ways than one. – Ол ірі әйел – қай жағынан алып қарасаң да (яғни, денесі де ірі, өзі де ықпалды, мықты). These local elections may prove a turning point in more ways than one. – Бұл жергілікті сайлаулар көп нәрсеге ықпал ететін бетбұрысты кезең болуы мүмкін. I'm telling you, this idea of yours is a mistake in more ways than one. – Саған айтамын/ айтарым, бұл ойың - қай жағынан алғанда да қате. *in the ordinary way ​[қ-з: ordinary (3)] *in your own sweet time/way [қ-з: sweet (A9)] *in a way | in one way | in some ways дегенмен, қайткенде де, қанша дегенмен, белгілі бір дәрежеде, белгілі бір деңгейге/ шекке дейін, біршама ♦In a way it was one of our biggest mistakes. – Қайткенде де, бұл біздің төрт қатеміздің бірі болды. *in her, his, its, etc. (own) way өзінше, өз әдетінше/ дағдысынша ​♦I expect she does love you in her own way. – Ол (әйел) сені өзінше жақсы көреді/ көрер деп ойлаймын. The building is very attractive in its own way. – Бұл үй-жайдың өзінше (бір) тартым(дылығ)ы/ сымбаты бар. He was attractive in his own way. – Ол (жігіт) өзінше (бір) сымбатты/ тартымды. *in the/smb’s way біреудің жолын бөгеген, біреуге кедергі болған; жолды бөгеген, кедергі болған ♦You'll have to move - you're in my way. – Қозғалшы – жолымды бөгеп тұрсың. I left them alone, as I felt I was in the way. – Кедергі болмайын деп, олардың оңаша қалдырдым. There were several rocks in the way. – Жол үстінде бірнеше ірі тас болды. *in the way of smth ​♦There isn't much in the way of entertainment in this place. – Бұл тұста ойын-сауық орындары көп емес. *keep/stay out of smb’s way біреуден аулақ/ қашық жүру ​♦Let's keep out of her way while she's in such a bad mood. – Көңіл-күйі жаман екен – одан аулақ жүре тұралық. *know your way around бір жермен/ мәселемен, тб таныс болу ​*laugh all the way to the bank ​(informal) көп ақшаға кенеліп қарық болу *lie your way into/out of smth ​[қ-з: lie 2(A2)] *look the other way (біреуден/ бірнәрседен) әдейі жалтару, көрмеуге тырысу *lose your way адасу, адасып қалу/ кету ♦We lost our way in the dark. – Қараңғыда адасып қалдық. She lost her way in the fog. – Ол тұманда адасып кетті. ♦(ауысп мағ) This project seems to have lost its way. – Бұл жоба өзінің бағыт-бағдарынан адасқан сияқты. *make way (for smb/smth) жол беру, өткізіп жіберу; орын беру ​♦Make way for the Lord Mayor! – Қала әкіміне жол беріңдер! Tropical forest is felled to make way for grassland. – Тропикалық орманды аршып, шалғындыққа айналдырды. *make your way (to/towards smth) бір жерге бару/ жету; ілгерілеу, алға жылжу ​♦Will you be able to make your own way to the airport? – Өзің(із) аэропортқа жете аласың(ыз) ба? *mend your ways мінезін/ жүріс-тұрысын түзеу/ жақсарту ​*(steer, take, etc.) a middle course | (find, etc.) a/the middle way ​[қ-з: middle (B2)] *(there are) no two ways about it ​(saying) «екі жол жоқ», нақты, сөзсіз, күмәнсіз ♦It was the wrong decision - there are no two ways about it. – Шешім қате болды – расы осы. *(there is) no way ​(informal) мүлде (істемеймін), жоқ, ешбір ♦‘Do you want to help?’ ‘No way!’ – «Көмектескің келе ме?» «Жоқ, мүлде!» No way am I going to drive them there. – Оларды онда машинамен апарып тастайын деген ой менде мүлде жоқ. There's no way we could afford that sort of money. – Ондай ақшаға мүлде шамамыз келмейді. *on the/its/your way жолда ♦He stopped for breakfast on the way. – Жолда тоқтап түстендік/ түскі ас іштік. She grabbed her camera and bag on her way out. – Шығар кезде ол камерасы мен сумкасын алды. ♦(ауысп мағ) I'd better be on my way soon. – Қой, біраздан соң жүрейін. ♦(ауысп мағ) The letter should be on its way to you. – Хат саған келе жатқан болуы керек. ♦(ауысп мағ) They've got three kids and one on the way. – Олардың үш баласы бар, бұйыртса, тағы біреуі болады. *open the way for smb/smth (to do smth) ​[қ-з: open (B8)] *the other way round керісінше, басқа жаққа/ жақта ​♦I think it should go on the other way round. – Меніңше, бұны басқа жаққа жіберу керек. I didn't leave you. It was the other way round. - Мен сенен кеткен жоқпын, керісінше (сен менен кеттің). *out of harm’s way ​[қ-з: harm (A2)] *out of the way жолдан тартқан/ алған, бөгетсіз, кедергісіз ♦I moved my legs out of the way so that she could get past. – Ол (қыз) өтіп кетсін деп аяғымды жидым. I didn't say anything until Dad was out of the way. – Әкем кеткенше ешнәрсе демедім. ​♦(ауысп мағ) Our region is poised for growth once the election is out of the way. – Сайлау біткеннен кейін аймағымыз(дың экономикасы) өседі. ♦(ауысп мағ) She had obviously noticed nothing out of the way. – Ол оғаш ешнәрсе байқамады. *out of your way біреудің жүретін жолынан басқа/ өзге ♦I'd love a ride home - if it's not out of your way. – Жүретін жолымда болса, атпен жүргенді ұнатамын. *a/the parting of the ways ​[қ-з: parting (A4)] *pave the way (for smb/smth) ​[қ-з: pave (2)] *pay its way​ [қ-з: pay (A7)] *pay your way ​[қ-з: pay (A7)] *pick your way (across, along, among, over, through smth) [қ-з: pick (A5)] *rub smb up the wrong way (BrE) (NAmE rub smb the wrong way) ​[қ-з: rub (A5)] *see, realize, etc. the error of your ways ​(formal or humorous) айылын жыю, артық кеткенін аңдау/ ұғу ♦Will they realize the error of their ways before it is too late? – Тым кеш болмай тұрғанда олар қатесін ұғар ма екен? *see your way (clear) to doing smth/to do smth ​бірнәрсені істеу мүмкін не ыңғайлы/ қолайлы деп табу, бірн-і істеуге қажетті уақыты не қалауы болу ♦Small builders cannot see their way clear to take on many trainees. – Шағын құрылысшылар/ құрылыс компаниялары сонша(ма) шәкірт ала алмайды. Could you see your way to letting us borrow the machine on Wednesday? – Сәрсенбі күні бізге машинаны/ жабдықты ала тұруға рұхсат бере аласыз ба? We expect good results soon, if the board can see its way clear to continuing funding the project. – Егер басқарма жобаны қаржыландыруды жалғастырғанды жөн деп тапса, көп ұзамай жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз. *see which way the wind is blowing ​«желдің қай жаққа соғып жатқанын білу», істің не болатынын болжау/ болжап білу *show the way «жол көрсету», істі бірінші бастап, басқаларға үлгі болу ​*smooth the path/way ​[қ-з: path (4)] *(not) stand in smb’s way «біреудің жолында тұру/ тұрмау», біреуге кедергі болу/ болмау ♦I always encouraged Brian. I didn’t want to stand in his way. – Брайанға ылғи дем бердім, жолында тұрғым келмеді. You can’t stand in the way of progress! – Прогреске кедергі бола алмайсың! *swing both ways [қ-з: swing (А9)] *take the easy way out [қ-з: easy (А6)] *take smth the wrong way біреудің сөзін қате түсініп өкпелеу/ көңліне алу, теріс ұғу/ түсіну ♦Daniel sat in silenceafraid whatever he said would be taken the wrong way. – Даниел үнсіз, бірнәрсе айтсам пәлеге қалам(ын) ба деп жүрексініп отырды. *talk your way out of smth/of doing smth [қ-з: talk (А3)] *that’s the way the cookie crumbles ​(informal) жағдайды өзгертуге болмайды, сондықтан сол күйінде қабылдау керек *there’s more than one way to skin a cat ​[қ-з: skin (B4)] *to my way of thinking пікірімше, менің пікірімше/ ойымша *under way (also underway) басталған, кіріскен ♦Preparations are well under way for a week of special events in May. – Мамыр айындағы ерекше оқиғалар аптасына дайындық қызу жүруде. *a/the way forward ​«алға барар жол», табысты болатын әрекет/ жоспар ♦A way forward lies in developing more economic links. – Көбірек экономикалық байланыстар алға жетелейді. This treatment may be the way forward for many inherited disorders. – Осы ем көптеген тұқым қуа(лай)тын аурулар үшін жақсы болуы мүмкін. *a way into smth (also a way in to smth) ​(ықпалды адамдар/ индустриялар, тб тобына) кірер жол; (қиын нәрсені) түсінетін жол *a/the/smb’s way of life біреудің өмір/ тұрмыс салты, тұрмыс ♦the American way of life – америкалық тұрмыс салты She loved the Spanish way of life and immediately felt at home there. – Ол испаниялық тұрмысты жақсы көретіндіктен, бірден онда үйреніп алды. *the way of the world барлық жерде/ бүткіл дүниеде сол/ сондай ​♦The rich and powerful make the decisions - that's the way of the world. – Бай және қуатты адамдар шешеді – қайда болсын, сол. *my way or the highway ​(NAmE, informal) не келіс, не кет (тек менің айтқаным болады дег мағ) ♦Some coaches say, "it's my way or the highway". – Кейбір бапкерлер «тек менің дегенім болады» дейді. People say he is unbending, that it's his way or the highway. – Жұрт оны бірбеткей дейді; тек соның айтқанымен жүру керек. *ways and means ​[қ-з: means (3)] *way to go! ​(NAmE, informal) Бәрекелді! Дұрыс! Жарайсың(дар)! ♦Good work, guys! Way to go! – Жұмыстарың дұрыс (екен), жігіттер! Бәрекелді! *the way to smb’s heart ​біреудің жүрегіне барар жол, өзіңді жақсы көргізетін не сүйгізетін жол ♦The way to a man's heart is through his stomach. – Еркектің жүрегіне жол оның асқазаны арқылы (яғни, жақсы ас, тағам арқылы). *where there’s a will there’s a way ​(saying) ниет не қалау болса, дегеніңді орындайсың *winning ways ​(informal) жеңісті жол, жеңіс(тер) не табыс(тер) тізбегі ♦He'll look to continue his winning ways with a victory in Mexico on 16 February. – Ақпанның 16-сында Мексикада ұтып ол өзінің жеңісті жолын жалғастырмақ ниетте. *work your way through smth ​бірнәрсені басынан аяғына дейін істеу ♦She worked her way through the pile of documents. – Ол үйілген документтерді бастан аяқ ақтарып шықты. *work your way through college, round the world, etc. университетте оқығанда, саяхаттағанда шығындарын төлеу үшін жұмыс істеу ​*work your way up қызметте жоғарылап/ өсіп отыру ♦He worked his way up from messenger boy to account executive. – Ол компанияда хат тасушы баладан бас бухгалтерге дейін өсті. B.adv 1.өте, аса, тым ♦She finished the race way ahead of the other runners. – Ол жарысты басқа жүгірушілерден әлдеқайда озып (бірінші болып) аяқтады. children who are way behind in reading skills – кітап оқу қабілеті өте нашар балалар I must be going home; it's way past my bedtime. – Үйге қайтайын; жататын уақтым баяғыда болған. The price is way above what we can afford. – Бұл бағаға олардың шамасы мүлде жетпейді. They live way out in the suburbs. – Олар қаланың бір алыс маңында тұрады. I guessed that there would be a hundred people there, but I was way out. – Жүз адам келеді екен десем, әлдеқайда көп келді. This skirt is way too short. – Мына юбка - тегі қысқа. 2. (informal, especially NAmE) өте, тым, аса ♦Things just got way difficult. – Жағдай мүлде/ өте қиындап кетті. I'm way glad to hear that. – Бұны естуге өте қуаныштымын. 3. (idm) *way back (in…) баяғыда, көп/ талай уақыт бұрын ​♦I first met him way back in the 80s. – Оны алғаш рет баяғыда, 80 жылдарда жолықтырдым.