weak [wiːk] adj (weaker, weakest) 1.әлсіз, әлжуаз, осал, күші аз, қауқарсыз ♦She is still weak after her illness. – Ауырғаннан соң ол - әлі әлсіз. His legs felt weak. – Аяғы әлсіреді. She suffered from a weak heart. – Ол әлсіз жүректен қиналды. ♦∼ with/from smth I was exhausted and weak with hunger. – Қалжырап, аштықтан әлсіредім. ♦(ауысп мағ) a weak light/signal/sound – әлсіз жарық/ сигнал/ дыбыс ♦(ауысп мағ) The weak winter sunlight spread across the lake. – Әлсіз қысқы жарық/ күн жарығы көлге жайылды.a weak team – осал команда 2.нәзік, осал, мықты емес ♦That bridge is too weak for heavy traffic. – Ана көпір – тым осал; ауыр көлікті көтере алмайды. Weak foundations caused the building to collapse. – Әлсіз фундаменттен үй-жай құлаған. ♦(ауысп мағ) a weak currency/yen/euro – осал валюта/ йен/ евро ♦(ауысп мағ) The economy is very weak. – Экономика – өте осал/ қауқарсыз (күйде). 3. осал, көнгіш, өз дегені жоқ; шамасыз, күші/ билігі жоқ, қауқарсыз ♦a weak and cowardly man – осал, қорқақ адам In a weak moment I said she could borrow the car. – Сөзге жібіп, ол (әйел) машинаны уақытша ала алады дептім. Small firms find themselves in a very weak position during a recession. – Тоқырау/ Рецессия кезінде шағын фирмалар қауқарсыз/ өте қиын жағдайда қалады. a weak leader – осал жетекші/ лидер The unions have always been weak in this industry. – Бұл индустрияда/ өнеркәсіпте кәсіподақтар қашан да осал/ қауқарсыз етін. 4. the n (кісілер ж) кедей-кепшік, жарлы-жақыбай; ауыру-сырқау; қолдауы жоқ; билігі жоқ; нәзік, осал 5.тым сұйық ♦weak tea – тым сұйық шай, тым ақ шай a weak acid – тым сұйық қышқыл 6.сенімсіз, иландырмайтын, нашар, осал (syn: unconvincing) ♦weak arguments/evidence – осал дәлелдер/ айғақ I enjoyed the movie but I thought the ending was very weak. – Фильм маған жалпы ұнады, алайда соңы тым нашар ма деймін/ деп ойлаймын. 7.бойкүйез, енжар, еріксіз, әлсіз, құлшынбаған, әрең, әзер ♦a weak smile – бойкүйез/ енжар/ әрең жымиыс He made a weak attempt to look cheerful. – Ол ақжарқын/ жарқынжүзді болып көрінгісі келген болды. 8. ∼ point/spot (адам мінезіндегі, дәлелдегі, тб) осал тұс, осал жақ ♦The team's weak points are in defence. – Команданың осал тұсы – қорғанысы. 9.осал етістік (ағылшын тілінде өткен шақ пен өткен шақ есімшесін қалыпты жалғаулармен жасайтын етістік түрі, м: -d-ed or -t (for example walk, walked)) 10.екпінсіз буын (безударный слог) (м: the weak form of and is /ən/ or /n/, as in fish and chips /fɪʃ ən tʃɪps/) (opp: strong) 11. (idm) *the spirit is willing (but the flesh is weak) [қ-з: spirit (A12)] *weak at the knees ​(informal) «тізесі қалтыраған», көңіл-күйден/ қорқып/ аурудан қалтыраған/ дірілдеген ♦His sudden smile made her go weak at the knees. – Оның (еркектің) кенет жымиысынан оның (әйелдің) тізесі қалтырап кетті. *the weak link (in the chain) «тізбедегі/ шынжырдағы осал тұс», жүйедегі, тб осал тұс