weakness [ˈwiːknəs] n 1.әлсіздік, осалдық (opp: strength) ♦The disease causes progressive muscle weakness. – Бұл аурудан бұлшық ет әлсірей береді. ♦∼ in smth The sudden weakness in her legs made her stumble. – Кенет аяғы әлсіреп, ол сүрінді. ♦(ауысп мағ) the weakness of the dollar against the pound – доллардың фунтқа шаққанда әлсіздігі/ осалдығы 2.әлсіздік, мінезсіздік, осалдық, қорқақтық (opp: strength) ♦He thought that crying was a sign of weakness. – Жылаған/ Жылау әлсіздіктің белгісі деп ойлады ол. Asking for help would be an admission of weakness. – Көмек сұраған/ сұрау әлсіздікті/ әлсіздігін мойындау деген сөз еді. the underlying weakness of the coalition's position – коалицияның позициясының өзегіндегі осалдық In a moment of weakness I let him drive my car. – Көңілім жібіп, оған машинамды айдаттым. 3.осалдық, кемшілік (opp: strength) ♦It's important to know your own strengths and weaknesses. – Өзіңнің мықты және осал жақтарыңды білген өте маңызды. to expose/reveal/identify/highlight a weakness – осал тұсты ашу/ көрсету/ анықтау/ көрсету The prime minister can exploit these weaknesses to her advantage. – Премьер-министр осы осал тұстарды/ осалдықтарды өз пайдасына бұра/ жарата алады. 4. ∼ (for smth/smb) «осалдық», бірнәрседен тартынбай тұра алмаушылық ♦He has a weakness for chocolate. – Шоколодқа келгенде ол осал./ Шоколадты ол қанша жемеймін десе де жеп қояды.