wear [weə(r)] A.v (pt wore [wɔː(r)], pp worn [wɔːn]) 1. ∼ smth кию; (галстук, значок, тб) тағу; (шашына, тб) қыстыру, тағу ♦He was wearing a new suit. – Ол жаңа костюм киіпті. ♦to wear clothes/clothing – киім кию ♦to wear a shirt/hat/uniform – жейде/ бас киім/ униформа кию ♦to wear shoes/glasses – аяқ киім кию/ көзәйнек тағу ♦Do I have to wear a tie? – Галстук тағайын ба? ♦Was she wearing a seat belt? – Ол орындық белдігін тағып па (екен)? ♦She never wears make-up. – Ол ешқашан бетіне опа/ косметика жақпайды. ♦All delegates must wear a badge. – Барлық делегаттар(дың) төсбелгі/ значок тағуы тиіс. ♦She always wears black. – Ол ылғи қара (түсті) киім киеді. ♦I've got nothing to wear. – Киер/ Киетін ешнәрсем жоқ. ♦One woman decided to wear flowers in her hair. – Бір әйел шашына гүл тағуды ұйғарды. 2. (белгілі бір сәнмен) шаш қою; мұрт я сақал қою, мұрты я сақалы болу ♦∼ smth She wears her hair long. – Оның шашы – ұзын. ♦Hannah preferred to wear her hair short. – Ханна қысқа шаш қойғанды ұнатты. ♦∼ smth to wear a beard – сақал қою, сақалы болу 3. ∼ smth түрі/ жүзі/ кейпі пәлендей болу ♦He wore a puzzled look on his face./ His face wore a puzzled look. – Ол таңырқаулы еді./ Түрінде таңырқас табы болды. ♦Both men wore confident smiles. – Екі ер адамның жүзінен де өздеріне сенімді екені көрініп тұрды. ♦She turned to us, wearing a blank expression. – Ол бізге қарай меңірейе бұрылды. 4.қажалу, үйкелену, қажалып/ үйкеленіп тозу ♦The carpets are starting to wear. – Кілемдер қажала бастапты. ♦A racing car's rear end gets very loose as the tyres wear. – Жарыс машинасының арты дөңгелектер қажалған сайын босап кетеді. ♦The sheets have worn thin. – Шыт мата жұқарып кетіпті. ♦∼ smth The stones have been worn smooth by the constant flow of water. – Толассыз ақққан судан тастар тегістеліпті. 5. ∼ smth (ылғи қажап, үйкеп) ою, тесу ♦I've worn holes in all my socks. – Барлық байпағым/ носкиім ойылыпты/ тесіліпті. ♦The water had worn a channel in the rock. – Су жартасты ойып арна салыпты. 6. ∼ well (ұзақ уақыттан соң) жақсы сақталу, жақсы күйінде/ қалпында болу, жақсы тозу ♦That carpet is wearing well, isn't it? – Ана кілем жақсы сақталыпты, иә? ♦(figurative, humorous) You're wearing well - only a few grey hairs! – Баяғы қалпың – бірнеше шашыңа ғана ақ түсіпті! ♦Those curtains have worn very well. – Перделер жақсы сақталыпты. 7. ∼ smth (BrE, informal) қабыл алу, қабылдау, құп көру ♦It's an interesting proposal, but the rich countries are never going to wear it. – Бұл қызық ұсыныс екен, алайда бай елдер ешқашан бұны құп көрмейді. 8. (idm) *if the shoe fits (, wear it) (NAmE) (BrE if the cap fits (, wear it)) [қ-з: cap (А8)] *wear your heart on your sleeve [қ-з: sleeve (4)] *wear thin [қ-з: thin (А11)] *wear the trousers (BrE) (NAmE wear the pants) [қ-з: pants (4)] 9. (phr v) *wear away | wear something away қажалу, үйкелену, қажалып/ үйкел(ен)іп тозу ♦The inscription on the coin had worn away. – Тиындағы/ Монетадағы жазу жұқарып кетіпті. ♦The steps had been worn away by the feet of thousands of pilgrims. – Басқыштарды/ Баспалдақтарды мыңдаған зияратшының аяғы қажаған. *wear down | wear something down қажап/ үйкеп жіңішкерту/ кішірейту/ тегістеу/ тоздыру ♦Notice how the tread on this tyre has worn down. – Қара шинаның бүрінің/ протекторының қалай қажалғанын. *wear somebody/something down біреуді жасыту/ айныту/ мысын басу/ жүрегін шайлықтыру; бірнәрсені әлсірету ♦Her persistence paid off and she eventually wore me down. – Ол (әйел, қыз) қояр да қоймаған соң, ақыры көндім. ♦This relentless pressure began to wear down their resistance. – Дес бермеген қысым олардың қарсылығын әлсірете бастады. *wear off бірте-бірте/ баяу жоғалу не тоқтау ♦The effects of the drug will soon wear off. – Дәрінің әсері біраздан соң басылады. *wear on (уақыт ж) баяу жылжу/ сырғу ♦As the evening wore on, she became more and more nervous. – Кеш баяу сырғыған сайын, ол қобалжығанның үстіне қобалжи түсті. *wear out | wear something out көп киіп/ пайдаланып тоздыру, қажалып тозу ♦He wore out two pairs of shoes last year. – Ол өткен жылы екі аяқ киім тоздырды. *wear yourself/somebody out шаршау, шаршап-шалдығу, (шаршап) қалжырау ♦The kids have totally worn me out. – Балалардан мүлде тозып кеттім. ♦You'll wear yourself out if you carry on working so hard. – Бұлай жұмыс істейтін болсаң, тозығың шығады. B.n 1.киім ♦casual/evening wear – жай/ кешкі киімдер ♦children’s/ladies’ wear – балалар/ әйелдер киімі 2.кию(шілік) ♦casual clothes for everyday wear – күнде(лікті) кигенге (арналған) жай киімдер ♦These woollen suits are not designed for wear in hot climates. – Бұл жүн костюмдер ыстық климатқа жарамайды. 3.қолдану, пайдалану, ұстау ♦You should get years of wear out of that carpet. – Мына кілем талай жылға жарайды. 4. (пайдаланып, қажалып) тозу ♦His shoes were beginning to show signs of wear. – Аяқ киімі тоза бастаған сияқты. ♦The machines have to be checked regularly for wear. – Машиналардың/ Жабдықтардың күйін ылғи тексеріп тұру керек. 5. (idm) *wear and tear [қ-з: tear 1(B2)] *the worse for wear (informal) a) көп пайдаланып/ қолданып тозған b) мас ♦He arrived home at two in the morning, much the worse for wear. – Үйге ол таңғы екіде келді – удай мас.