weary [ˈwɪəri] A.adj (wearier, weariest) 1.қалжыраған, шаршап-шалдыққан, өте шаршаған ♦Any chance of a drink? This weary traveller is about to collapse from thirst. – Сусын бар ма? Мына қалжыраған жолаушы шөлден (қаталап) құлайын деп тұр. She suddenly felt old and weary. – Өзін кенет кәрі, шаршағандай сезінді. He gave a long, weary sigh. – Ол ұзақ, қалжырай күрсінді. 2. (literary) шаршататын, жалықтыратын, зеріктіретін ♦a weary journey – шаршататын жол weary hours spent in negotiation – келіссөзде өткен жалықтыратын сағаттар 3. ∼ of smth/of doing smth (formal) енжар, бойкүйез, енді қызықпайтын, жалыққан, зеріккен, құлшынбаған ♦Students soon grow weary of listening to a parade of historical facts. – Ұзақ-сонар тарихи фактілерді тыңдап, студенттер көп ұзамай жалыға бастайды. B.v (pt, pp wearied [ˈwɪərid]) 1. ∼ smb (formal) шаршату, қалжырату, шаршап-шалдықтыру (syn: tire) 2. ∼ of smth/of doing smth жалығу, зерігу, енжар тарту, бойкүйез тарту, енді қызықпау, қызығуын доғару (syn: tire) ♦She soon wearied of his stories. – Ол (қыз) көп ұзамай оның (жігіттің) әңгімелерінен жалыға бастады.