wedge [wedʒ] A.n 1.сына (клин) ♦He hammered the wedge into the crack in the stone. – Тастағы жарықшаққа ол балғамен сына қақты. 2.сына пішінді нәрсе ♦a wedge of cake/cheese – торттың/ сырдың (сына пішінді) тілімі ♦shoes with wedge heels – сына өкшелі аяқ киім(дер) 3.сына өкшелі аяқ киім, өкшесі сына пішінді аяқ киім ♦a pair of wedges – сына өкше(лі) аяқ киім 4. (idm) *drive a wedge between A and B (адамдардың арасына) сына қағу, ши жүгірту, жақсы қарым-қатынасын бұзу ♦This was just one of the issues that drove a wedge between them. – Бұл олардың арасына сына қаққан/ олардың арасына бұзған мәселелердің бірі болды. *the thin end of the wedge [қ-з: thin (А11)] B.v 1. ∼ smth саңылауға/ жіңішке кеңістікке бірнәрсені қою/ сұғу/ қыстыру/ қысу (syn: jam) ♦The boat was now wedged between the rocks. – Қайық енді жартастардың арасына қысылып қалды/ тұрып қалды. ♦She wedged herself into the passenger seat. – Ол қысылыса (барып) жүргінші орындығына отырды. ♦The phone was wedged under his chin. – Телефон оның иегінің астына қыстырылыпты/ қысылыпты. ♦She wedged a chair firmly under the door handle. – Ол есік тұтқасының астына орындықты мықтап тіреді. 2. ∼ smth (бірнәрсені ашық не жабық күйінде) тіреу, мықтау, орнықтыру ♦to wedge the door open – есікті ашық етіп тіреу ♦Someone had wedged the door open with a brick. – Біреу есікті ашық күйінде кірпішпен тірепті.