week [wiːk] n (abbr wk) 1.апта, жеті ¨last/this/next week – өткен/ осы/ келесі апта/ жеті ♦the previous week – алдыңғы апта, алдындағы апта ♦the following week – кейінгі апта, содан кейінгі апта ♦all week – апта бойы ♦every week – әр апта(да) ♦once a week – аптасына бір рет ♦The cold weather continued throughout the week. – Апта бойы ауа райы суық болды. ♦The course lasts five weeks. – Курс бес жеті/ апта болады/ жалғасады. ♦a two-week vacation – екі апталық демалыс ♦We spent a week in France last summer. – Былтырғы жазда бір жеті Францияда болдық. ♦I had to wait a week to get the results. – Нәтижелерді бір жеті күтуіме тура келді. ♦a week ago today – бұдан бір жеті бұрын ♦a 35-hour week – 35 сағаттық жұмыс аптасы 2.жұмыс күндері, сенбі, жексенбіден басқа күндер ♦during the ∼ They live in town during the week and go to the country for the weekend. – Жұмыс күндері олар қалада тұрады дағы апта соңында ауылға барады. ♦I go out most weekends, but rarely during the week. – Тысқа көбінесе апта соңында шығамын, жұмыс күндері тысқа сирек шығамын. ♦in the ∼ (BrE) I never have the time to go out in the week. – Жұмыс күндері шетке/ тысқа шығатын уақытым жоқ. 3. (idm) *the other day/morning/evening/week жақында, жуырда, таяуда ♦I saw Jack the other day. – Джәкті ана(у)/ әнеу күні көргенмін. ♦I was in your area the other week. – Жақында сіз/ сен жақта болғам(ын)/ болғанмын. ♦I woke up the other morning and just could not get myself out of bed. – Әнеу күні таңертең оянып алдым да, төсектен тұра алмадым. ♦I was watching TV the other evening, when… - Әнеу күні кешке телевизор отырған кезімде... *today, tomorrow, Monday, etc. week (BrE) (also a week (from) today, etc.) бұдан (бүгіннен)/ ертеңнен/ дүйсенбіден бір жетіден соң/ кейін ♦I'll see you Thursday week. – Арғы бейсенбіде (осы бейсенбіден кейінгі бейсенбіде) өзіңмен/ өзіңізбен жолығамын. *week after week (informal) талай апта бойы, апта артынан апта ♦Week after week the drought continued. – Қуаңшылық талай апта жалғасты. *week by week аптадан аптаға, әр апта өткен сайын ♦Week by week he grew a little stronger. – Аптадан аптаға ол әлдене түсті. *week in, week out әр аптада/ жетіде, апта/ жеті сайын ♦Every Sunday, week in, week out, she goes to her parents for lunch. – Жексенбі сайын ол ата-анасына түскі асқа барады. *a week next/on/this Monday, etc. | a week tomorrow, etc. (BrE) (also a week from Monday, etc.) осыдан/ содан кейін бір жетіден соң, арғы аптада ♦It's my birthday a week on Tuesday. – Туған күнім арғы сейсенбіде. *a week yesterday, last Monday, etc. (especially BrE) осыдан/ содан бір жеті бұрын ♦She started work a week yesterday. – Оның жұмысты бастағанына кеше бір жеті болды.