weigh [weɪ] v 1. linking verb салмағы/ ауырлығы пәлендей болу/ тарту ♦How much do you weigh? – Салмағың(ыз) қанша (тартады)? She weighs 60 kilos. – Оның салмағы – 60 кг. The average male tiger weighs around 200 kg. – Аталық/ Еркек жолбарыс шамамен 200 кг (тартады). The diamond weighs 4.50 carats. – Алмастың/ Бриллианттың салмағы – 4.50 карат. ♦(informal) These cases weigh a ton. – Мына чемодандар – сұмдық ауыр. 2. ∼ smb/smth/yourself салмағын/ салмақ/ ауырлығын өлшеу/ тарту, таразылау ♦He weighed himself on the bathroom scales. – Ол ваннадағы таразыға өзін өлшеді. Chicks were weighed and measured daily. – Балапандардың күн сайын салмағын және бойын өлшейді. She weighed the stone in her hand. – Ол тасты көтеріп, салмағын шамалады. 3. (ойша) таразылау, салмақтау, (бірнәрсе істер алдында) терең ойлану ♦∼ smth (up) You must weigh up the pros and cons. – Оң-теріс жақтарын таразылауға/ салмақтауға тиіссің. She weighed up all the evidence. – Қолда бар барлық айғақты ол таразылады/ салмақтады. You'll need to weigh up all your options. – Барлық мүмкіндіктеріңді таразылауың керек. The jury weighed up the evidence carefully. – Алқабилер (присяжные) айғақты мұқият таразылады. ♦∼ (up) smth against smth I weighed the benefits of the plan against the risks involved. – Жоспардың оң-теріс жақтарын таразыладым. 4. ∼ (with smb) (against smb/smth) пікірге/ нәтижеге әсер ету ♦His past record weighs heavily against him. – Оның өткен тірліктері өзіне кері әсер етуде. The evidence weighs in her favour. – Айғақ соның жағында. 5. ∼ smth якорьді/ зәкірді (судан кемеге) көтеру 6. (idm) *weigh your words сөзін салмақтау/ таразылау, ойланып сөйлеу ♦He spoke slowly, weighing his words. – Ол баяу, сөзін салмақтай сөйледі. 7. (phr v) *weigh smb down салмақ түсіру/салу/ арту, жауапкершілік жүктеу/ арту (syn: burden) ♦The responsibilities of the job are weighing her down. – Жұмыстың жауапкершілігі оған салмақ салуда. He is weighed down with guilt. – Кінә сезімі оның еңсесін басуда. *weigh smb/smth down ​салмақ түсіру/салу/ арту ♦I was weighed down with baggage. – Ауыр жүкті әрең көтердім/ тасыдым. She tried to swim to the surface, but her clothes and shoes weighed her down. – Ол судың бетіне жүзіп шықпақ болып еді, киімі мен аяқ киімі төмен тартты. *weigh in (at smth) салмағын өлше(т)у/ таразылау ​♦Both boxers weighed in at several pounds below the limit. – Өлшегенде екі боксшы да шектен/ шектеулі мөлшерден бірнеше кг аз болып шықты. Her baby daughter weighed in at 7 kg. – (Оның) сәби қызы 7 кг болды. *weigh in (with smth) ​(informal) шараға/ іске/ талқылауға қосылу/ атсалысу ♦We all weighed in with our suggestions. – Бәрімізді ұсыныс жасадық. Finally the government weighed in with financial aid. – Ақыры үкімет қаржылай көмек берді. *weigh on smb/smth еңсесін басу/ түсіру, салмақ түсіру/салу/ арту ♦The responsibilities weigh heavily on him. – Жауапкершілік оған ауыр жүк артуда. Something was weighing on her mind. – Санасын бірнәрсе мазалаумен болды. *weigh smth out ​салмағын өлшеу/ таразылау, таразыға тарту/ салу ♦She weighed out a kilo of flour. – Ол бір кг ұн өлшеді. *weigh smb up пікір қалыптастыру, біреуді ойша таразылау ♦It was obvious that she was cautiously weighing me up. – Оның мені ойша таразылап тұрғаны анық еді.