weight [weɪt] A.n 1.салмақ, ауырлық ♦in It is about 76 kilos in weight. – Мұның салмағы шамамен 76 кг. by Bananas are sold by weight. – Бананды өлшеп сатады. ♦∼ of… In the wild, this fish can reach a weight of 5kg. – Бұл балықтың салмағы жабайы күйінде 5 кг-ға дейін жетеді. She is trying to lose weight. – Ол арықтауға тырысуда. He’s put on/gained weight. – Ол біраз ауырлапты/ салмақ қосыпты/ толыпты. No more for me. I have to watch my weight. – Маған енді тамақ салмаңыз. Салмағымды бақылауым керек. body weight – дене салмағы/ ауырлығы weight loss – арықтау/ азу/ салмағын азайту weight gain – денесі толу/ ауырлау/ салмақ қосу ♦∼ of smb/smth The pillars have to support the weight of the roof. – Тіреулер шатырдың салмағын көтеруі керек. I just hoped the branch would take my weight. – Бұтақ мені көтерер деп едім. under the  He staggered a little under the weight of his backpack. – Рюкзагінің салмағынан ол сәл тәлтіректеді. The table collapsed under their weight. – Оларды көтере алмай стол қирады. Don't put any weight on that ankle for at least a week. – Ол/ Ана тобығыңа кем дегенде бір жеті салмақ салма. 2.ауыр нәрсе ♦The doctor said he should not lift heavy weights. – Дәрігер оған ауыр нәрсе көтермеуге кеңес берді. Heavy weights should be lifted with a straight back. – Ауыр нәрсе көтергенде, арқаны тік ұстау керек. 3.ауыр нәрсе, жүк ♦weights on a fishing line – қармаққа арналған жүк (грузило для удочки) 4. ∼ (of smth) салмақ, ауырлық (жауапкершіліктің, уайымның) (syn: burden) ♦The full weight of responsibility falls on her. – Жауапкершіліктің барлық жүгі соған артылған. The news was certainly a weight off my mind. – Хабарды естіп жеңілденіп қалдым. Finally telling the truth was a great weight off my shoulders. – Ақыры шындықты айтып, иығымнан ауыр жүк түсті. He was buckling under the weight of his responsibilities. – Жауапкершілік жүгін ол әрең арқалап жүрді. 5.ықпал, әсер, салмақ ♦The many letters of support added weight to the campaign. – Қолдау білдірген талай хат науқанға/ кампанияға салмақ қосты. The President has now offered to lend his weight to the project. – Президент енді жобаға өз қолдауын ұсынды. Your opinion carries weight with the boss. – Пікіріңді бастық тыңдайды. ¨How can you ignore the sheer weight of medical opinion? – Дәрігерлердің пікірін қалай (ғана) елемейсің? The weight of evidence against her is overwhelming. – Оған қарсы айғақтың салмағы – орасан. 6.салмақ өлшеу/ өлшем бірлігі, салмақ бірлігі tables of weights and measures – ауырлық және басқа өлшем бірліктері imperial/metric weight – империялық/ метрикалық салмақ бірліктері 7.таразы тас(тар)ы, гір (разновес, гиря для весов) ♦a set of weights – таразы тастары (жинағы) a light/heavy weight – жеңіл/ ауыр таразы тасы She lifts weights as part of her training. – Шынығу ретінде ол таразы тастарын көтереді. 8. (idm) *carry weight (with smb) біреуге әсер ету, санасу ♦My views don't carry much weight with the boss. – Пікіріммен бастығым санаспайды. *groan under the weight of smth ​(formal) «көтере алмай ыңқылдау», тым ауыр салмақ түсіру/ салу ♦The shelves groaned under the weight of hundreds of books. – Сөрелер жүздеген кітапты әрең көтеріп тұрды. *pull your weight аянбай еңбектену *punch above your weight [қ-з: punch (A4)] *take the weight off your feet ​(informal) аяғын жеңілдету, шаршағанда отырып демалу ♦Come and sit down and take the weight off your feet for a while. – Кел, отырып демал, аяғың талған болар. *throw your weight about/around ​(informal) қызметін не билігін жөнсіз пайдалану; жөнсіз шікірею/ бәлсіну/ мақтану ♦She was a good manager, who didn’t find it necessary to throw her weight around. – Ол көкірек кермейтін жақсы басқарушы еді. *throw/put your weight behind smth ықпалын не билігін пайдаланып бірнәрсені қолдау ♦The government has thrown its weight behind the anti-pollution campaign. – Үкімет ластануға қарсы науқанға/ кампанияға тікелей қолдау көрсетуде. *weight of numbers [қ-з: number (A10)] *worth your/its weight in gold «алтынмен өлшегендегі салмағына татиды», «алтын өлшегендегі салмағына лайықты», өте бағалы не пайдалы ​♦A good mechanic is worth his weight in gold. – Жақсы механикті табу қиын. B.v 1. ∼ smth (down) (with smth) (бірнәрсені дұрыс орнықтыру үшін оған) жүк/ салмақ арту/ ілу ♦The fishing nets are weighted with lead. – (Балық аулайтын) ауларға қорғасын іліп суға батырады. 2. (нәрселерді) маңызына/ маңыздылығына қарай бағалау/ таразылау ♦be ed according to smth Each country's growth rate is weighted according to its share of world GDP. – Әр ел экономикасының өсімі оның дүниежүзілік жалпы ішкі өнімдегі үлесіне қарай таразыланған. be ed by smth Most indexes are weighted by market value. – Индекстердің көбі олардың рыноктағы/ базардағы құнына қарай таразыланған.a weighted vote – маңызды дауыс, салмағы басым дауыс a weighted grade – қиын пәннен алған баға 3. таразы басындай ауу/ ауытқу, біреуге оң, біреуге теріс жағдай тудыру; бүйрегін бұру ♦be ed against smb/smth In the marketplacecosts are weighted against smaller investors. – Рынокта/ Базарда шағын инвесторлар көп шығынданады. be ed in favour of/towards smb/smth The labour market is heavily weighted toward skilled jobseekers. – Жұмыс рыногы/ базары білікті/ шебер/ квалификациясы бар жұмыс іздеушілерге бүйрегін бұрады.the tax structure … which was weighted so heavily in favour of the upper classes – жоғары тап өкілдеріне бүйрегі бұратын салық құрамы/ структурасы