weird [wɪəd] A.adj (weirder, weirdest) 1.біртүрлі, бірқызық, оғаш, бірқысым (syn: strange) ♦I had a really weird dream last night. – Түнде біртүрлі түс көріппін. ♦She's a really weird girl. – Ол - шынымен де біртүрлі қыз. ♦He's got some weird ideas. – Кейде оның ойына қайдағы жоқ келеді. ♦It's really weird seeing yourself on television. – Өзіңді телевизордан көрген біртүрлі екен. ♦the weird and wonderful creatures that live beneath the sea – біртүрлі әрі ерекше мақұлықтар теңіз астында тіршілік етеді 2.біртүрлі, тылсым, қорқынышты, шіміркендіретін (syn: eerie) ♦She began to make weird inhuman sounds. – Ол біртүрлі, адами емес дыбыстар шығара бастады. 3. (idm) *funny weird/strange (US) (BrE funny peculiar) [қ-з: funny (8)] B.v (phr v) *weird smb out (informal) біртүрлі көріну, абыржыту, абдырату, қобалжыту ♦The whole concept really weirds me out. – Бүткіл ой/ жоспар маған біртүрлі көрінеді. ♦I have nothing to do and it weirds me out. – Істейтін ісім жоқ және бұл (жайт) мені абыржытады. ♦Driving on the left still weirds me out. – (Машинаны) сол жақпен айдау мен үшін әлі де біртүрлі.