welcome [ˈwelkəm] A.excl қош/ хош келдің(із-дер) ♦Welcome home! – Үйге қош келдің(із-дер)! ♦∼ to smth Welcome to Oxford! – Оксфордқа хош келдіңіз! ♦Good evening everybody. Welcome to the show! – Кеш жарық әркімге! Шоуға хош келдіңіздер! B.v 1.қарсы алу, (біреу келгенде) хош келдіңіз деу, сәлемдесу, амандасу, сәлем беру ♦∼ smb They were at the door to welcome us. – Олар бізді есік алдында қарсы алды/ күтіп алды. ♦to welcome a visitor/guest – келушіні/ қонақты қарсы алу ♦∼ smb to smth It is a pleasure to welcome you to our home. – Сізді үйімізге қошаметтей қарсы аламыз. ♦∼ smb The whole family turned out to welcome him back. – Ол оралғанда бүткіл семья/ үй-іші оны қарсы алды. 2. (жұмысқа, ұйымға, тб жаңадан келген/ тұрған адамға) хош келдіңіз деу, қолпаштау, демеу, жылы сөздер айту ♦∼ smb They welcomed the new volunteers with open arms. – Олар жаңа еріктілерді/ волонтерларды құшақ жая қарсы алды. ♦We are always pleased to welcome new members. – Жаңа мүшелерді қашан да жылы/ жылы шыраймен қарсы аламыз. ♦∼ smb to smth We are delighted to welcome you to our company. – Компаниямызға сізді құшақ жая қарсы аламыз. ♦∼ smb into smth The new immigrants have been welcomed into the community. – Жаңа иммигранттарды қауымға жылы қарсы алды. 3. ∼ smth құптау, қолдау, оң қабақ таныту, оң бағалау ♦to welcome a decision/move – шешімді/ қадамды құптау ♦Women's rights campaigners welcomed the news. – Әйелдер хақын жақтаушылар хабарды жылы қабылдады. ♦I warmly welcome this announcement. – Хабарламаны/ Хабарды құп көремін. ♦I'd welcome any suggestions. – Кез-келген ұсынысты ризашылықпен қабылдаймыз. ♦We welcome input from our readers. – Оқырмандарымыздың ұсыныстарын жылы қабылдаймыз. C.adj 1. (жұрт) жылы қабылдаған, қошамет көрсеткен, қалаған, құп көрген (кісілер), жұртқа жаққан, жұрт жақтырған (кісі) ♦I'll go, then. I know when I'm not welcome. – Жә, кетейін. Жұртқа жақпаған кезімді білемін. ♦They were anxious to make us feel welcome in their home. – Олар үйлерінде асты-үстімізге түсіп бәйек болды. ♦Children are always welcome at the hotel. – Қонақ үйдің есігі балаларға қашан да ашық. ♦Our neighbours made us welcome as soon as we arrived. – Келген бойымызда көршілеріміз бізді жылы қарсы алды. ♦I had the feeling we were not welcome at the meeting. – Жиналыста өзімізді бөтен сезіндік./ Жиналыс бізді жатырқағандай болды. ♦New members are welcome to the club. – Клуб есігі жаңа мүшелерге ашық. ♦a welcome guest/visitor – сыйлы қонақ/ келуші 2.жақсы, көңіл көншітетін, құптарлық ♦Her book is a welcome addition to the literature on late Victorian Britain. – Оның кітабы - кейінгі викториялық Британия жайлы әдебиетке/ кітаптарға қосылған тың дүние. ♦It was a welcome return to form for the current world champion. – Қазіргі әлем чемпионы бабына оралып жақсы болды. ♦Your letter was very welcome. – Хатың(ыз) жылы қабылданды. ♦a welcome sight – жақсы көрініс ♦welcome news – жақсы хабар ♦The fine weather made a welcome change. – Жақсы ауа райы оң өзгеріс әкелді. 3. ∼ to do smth (informal) жақсы, қоштарлық, қуанарлық; мейлі, жарайды ¨Everyone is welcome to attend, but places are limited. – Әркімге есік ашық, алайда орын саны шектеулі. ♦You're welcome to join us for dinner tomorrow. – Ертең бізбен бірге түстенсең(із)/ түскі аста болсаң(ыз) жақсы болар еді. ♦You're more than welcome to come with us. – Бізбен бірге барсаң(ыз) тіпті жақсы болар еді. ♦They're welcome to stay here as long as they like. – Олар осында қанша боламын десе, мейлі бола берсін. ♦You're welcome to use the pool. – Бассейнді қолдана бер(іңіз). ♦It's an awful job. If you want it, you're welcome to it! – Бұл бір сұмдық жұмыс. Алайда қаласаң(ыз), істей бер(іңіз)! 4. (idm) *you’re welcome (рахмет айтқанда жауап ретінде қолд) әрқашан да әзірмін, жә, тб ♦‘Thanks for your help.’ ‘You're welcome.’ – «Жәрдемің(ізг)е рахмет». «Қашан да көмекке әзірмін»./ «Жә, ештеңе етпейді». D.n 1.қошамет, сый, жылы қарсы алу ♦to get/receive a welcome – жылы қарсы алу ♦Thank you for your warm welcome. – Сыйлағандарыңызға/ Қошаметтеріңізге/ Жылы қарсы алғандарыңызға рахмет. ♦The winners were given an enthusiastic welcome when they arrived home. – Жеңімпаздар елге оралғанда оларды жұрт мәз-майрам болып қарсы алды. ♦He returned to a hero’s welcome. – Оны ел батырларша/ батыр деп қарсы алды. ♦a speech/smile of welcome – қошамет сөз/ жымиыс ♦I wish to extend a very warm welcome to the team. – Командаға жылы лебізімді білдіргім келеді. ♦This new comedy deserves a warm welcome. – Жаңа комедия қошаметке лайық(ты). ♦The proposals were given a cautious welcome by the trade unions. – Ұсыныстарды кәсіподақтар абайлап/ сақтықпен қабылдады. 2. (idm) *outstay/overstay your welcome [қ-з: outstay]