wet [wet] A.adj (wetter, wettest) 1.ылғал, дымқыл, су ♦wet clothes/hair/grass – су/ дымқыл киімдер/ шаш/ шөп ♦You'll get wet if you go out now. – Қазір тысқа шықсаң үстің (жауынан) су болады. ♦Try not to get your shoes wet. – Аяқ киімің су болмасын. ♦His face was wet with tears. – Жылап, беті пора-пора болыпты. ♦We were all soaking wet. – Үстіміз суға малшыланды. ♦Her hair was still dripping wet. – Шашынан әлі су тамып тұрды. ♦My shirt was wet through. – Жейдем мүлде су. 2. (ауа райы, тб ж) жауынды, жауын-шашынды, дымқыл, ылғал(ды) ♦a spell of cold, wet weather – суық та ылғал/ жауын-шашынды ауа райы кезеңі ♦a wet climate – ылғал климат/ ауа райы ♦a wet day – жауынды/ жауын-шашынды күн ♦It's wet outside. – Сыртта жауын жауып тұр. ♦It's going to be wet tomorrow. – Ертең күн жаумақ. ♦It was the wettest October for many years. – Көп жылдан бері қазан айы мұндай ылғал/ жауын-шашынды болмаған. ♦The weather will be wet and windy in the south. – Күн/ Ауа райы оңтүстікте жауын-шашынды болып, жел соғады. 3. (сыр, бояу, сия, тб ж) кеппеген, құрғамаған ♦Keep off! Wet paint. – Әрі жүріңіз! Кеппеген сыр/ бояу. 4. (сәби ж) бұтына сиіп қойған 5. (BrE) (informal, disapproving) (кісі ж) осал, үркек, жасқаншақ (syn: feeble, wimpish) ♦‘Don't be so wet,’ she laughed. – «Үрпимеші тегі», деп күлі ол (қыз). 6. (idm) *all wet ( NAmE, informal) мүлде қате *get your feet wet (especially NAmE, informal) «аяғын суға малу», жұмысты/ істі енді ғана бастаған ♦At that time he was a young actor, just getting his feet wet. – Ол уақытта ол жас, жұмысын енді ғана бастаған актер еді. *(still) wet behind the ears (informal, disapproving) жас және тәжірибесіз (syn: naive) ♦He was still wet behind the ears, politically. – Оның саяси тәжірибесі әлі аз еді. B.v ∼ smth су қылу, суға малу, су кіргізу/ өткізу ♦Wet the brush slightly before putting it in the paint. – Сырға/ Бояуға салардан бұрын, щетканы суға малып ал. C.n 1. the ∼ жауын-шашынды ауа райы/ күн, ылғал/ дымқыл ауа райы/ күн ♦Come in out of the wet. – Жауында тұрмай, ішке кір. ♦Materials such as cement and plaster must be stored out of the wet. – Цемент пен гипс сияқты заттарды ылғалдан/ дымқылдан аулақ сақтау керек. ♦We faced a long, cold walk home in the dark and the wet. – Қараңғы әрі ылғал күнде/ ауа райында үйге ұзақ жүрдік. 2. the ∼ су, сұйықтық ♦The dog shook the wet from its coat. – Ит үстіндегі суды сілкіді. ♦I could feel the wet of her tears. – Оның (қыздың) көз жасын сезе алдым. 3. (BrE, disapproving) жұмсақ саясатты жақтайтын Британияның Консервативті партиясының саясаткері ♦Tory wets – Консервативті партияның жұмсақтары 4. (BrE, informal, disapproving) осал, тым жұмсақ, мінезсіз, үркек, жасқаншақ (адам) (syn: wimp) ♦Don’t be such a wet! – Соншама үрікпеші (тегі)!