what [wɒt] pronoun, determiner 1.не, қандай, қай (ескерту: есімді, атты сұрағанда - кім) ♦What is your name? – Атың(ыз)/ Есімің(із) кім? ♦What does he do? – Ол не (жұмыс) істейді? ♦What time is it? – Сағат қанша болды?/ Уақыт қанша (болды)?/ Қай уақыт болды? ♦What kind of music do you like? – Қандай музыканы ұнатасың(ыз)/ жақсы көресің(із)? 2.не, нәрсе(лер) ♦What you need is a good meal. – Саған/ Сізге керегі – жақсы ас/ тамақ. ♦Nobody knows what will happen next. – Енді не боларын/ болатынын ешкім (де) білмейді. 3. неткен, не деген, не ♦What awful weather! – Неткен сұмдық/ жаман ауа райы. ♦What a beautiful house! – Неткен әдемі үй? 4. (idm) *and what not | and what have you (informal) тағы сол сияқты (нәрселер) ♦It's full of old toys, books and what not. – Бұл (жер) көне ойыншықтарға, кітаптарға және сол сияқты нәрселерге толы. *come what may бар қиындықтарға/ мәселелерге қарамастан, не болса да ♦He promised to support her come what may. – Не болса да ол (ер кісі) оны (әйелді) қолдауға уәде етті/ берді. *get/give somebody what for (informal) қатты жазала(н)у ♦I'll give her what for if she does that again. – Егер (ол) тағы солай етсе, оны оңдырмаймын/ аямаймын. *or what (informal) a) нығарлай айтқанда қолд ♦Is he stupid or what? – Ол ақымақ па, не? b) шүбәні, күмәнді білдіреді ♦I don't know if he's a teacher or what. – Оның мұғалім не басқа екенін білмеймін/ білмеппін. ♦Are we going now or what? – Қазір барғалы/ жүргелі тұрсың ба, жоқ...? *say what? (NAmE, informal) не дейді, шын ба ♦‘He's getting married.’ ‘Say what?’ – «Ол (жігіт) үйленбекші». «Не дейді?» *so what?(informal) мейлі, бола берсін, ал не болыпты? ♦‘He's fifteen years younger than you!’ ‘So what?’ – «Ол сенен он бес жас кіші!» «Бола берсін!». ♦So what if nobody else agrees with me? – Ешкім менімен келіспесе не болыпты (маған бәрібір)? *what? (informal) a) не ♦What? I can't hear you. – Не? Сені ести алмай тұрмын. b) не, иә ♦‘Mummy!’ ‘What?’ ‘I'm thirsty.’ – «Мама?» «Иә/ Не?» «Шөлдедім». c) не, не дейді, рас па ♦‘It will cost $500.’ ‘What?’ – «Құны $500 болады». «Не дейді?» ♦‘I asked her to marry me.’ ‘You what?’ – «Оған (қызға) маған тұрмысқа шық дедім». «Не дейді/ Не дедім дейді?» *what about…? (informal) a) (ұсынысқа) қалай қарайсың, тб ♦What about a trip to France? – Францияға баруға/ барсақ қалай қарайсың? b) иә, сонымен, тб ♦What about you, Joe? Do you like football? – Иә, Джо? Футбол жақсы көресің бе? *what-d’you-call-him/-her/-it/-them | what’s-his/-her/-its/-their-name аты/ есімі кім еді ♦Have you heard from what’s-her-name from the library recently? – Ана кітапханада істейтін әйелдің аты кім еді – (соны) көрмедің бе? ♦I heard old what do you call him is back to teaching the course again next week. – Ана баяғы кісі – аты кім еді – келесі аптада курсты оқытуға қайта келеді дейді ғой. *what for? неге, не үшін ♦What is this tool for? – Мына құрал не үшін (керек)? ♦What did you do that for? – Оны не үшін істедің(із)? ♦‘I need to see a doctor.’ ‘What for?’ – «Дәрігерге қаралуым/ көрінуім керек». «Не үшін/ Неге?» *what if…? Солай болсашы? Солай болса не болады? ♦What if the train is late? – Пойыз кешіксеші?/ Пойыз кешіксе, не болады/ не істейміз? ♦What if she forgets to bring it? – Егер ол оны (затты) әкелуді ұмытсашы?/ Егер ол оны (о затты) әкелуді ұмытса/ ұмытып кетсе, не болады/ не істейміз? *what of it? (informal) Иә, солай, не болыпты? Солай болса не болыпты? ♦Yes, I wrote the article. What of it? – Иә, мақаланы жазған мен. Не болыпты? *what’s all that about? (BrE) (NAmE what’s up with that?) қызық екен, неге олай етті/ өйтті екен ♦They dropped their best player. What's all that about? – Өздерінің ең үздік ойыншысын алмапты. Қызық екен, иә/ Неге өйтті екен? *(know) what’s what(informal) ненің не екенін білу ♦She certainly knows what's what. – Оның ненің не екенін білетіні анық./ Ол ненің не екенін біледі. *what’s with somebody? (NAmE, informal) саған/ сізге не болған? ♦What's with you? You haven't said a word all morning. – Саған не болған? Таң бойы үндемедің ғой. *what’s with something? (NAmE, informal) бұл не, неге бұлай ♦What's with all this walking? Can't we take a cab? – Осылай жаяу жүре береміз бе? Такси алсақшы? *what with something осыларға байланысты, осы(лар) себепті ♦What with the cold weather and my bad leg, I haven't been out for weeks. – Суық ауа райынан және аяғым ауыратындықтан бірнеше апта тысқа шықпадым.