whatever [wɒtˈevə(r)] A.determiner, pronoun 1.не/ қандай болса да/ болсын/ болмасын, не керек болса да/ болсын/ болмасын ♦Take whatever action is needed. – Не керек болса, соны істе. Do whatever you like. – Неткің/ Не еткің/ Қайткің келсе, соны істе. 2.қандай/ қай/ нендей/ не болса да/ болсын/ болмасын ♦Whatever decision he made I would support it. – Ол қалай шешсе де/ шешім қабылдаса да, қолдаймын/ қолдайтын боламын. You have our support, whatever you decide. – Қалай шешсең(із) де, қолдаймыз. 3. (especially BrE) не, не дейді, қалай (сұрақты, таңғалысты, түсінбеушілікті білд) ♦Whatever do you mean? – Не дейсің(із)? Chocolate-flavoured carrots! Whatever next? – Шоколад дәмді сәбіз! Тағы не бар екен? 4. (informal, ironic) (маған) бәрібір, мейлі, бола берсін, бопты ♦‘You should try a herbal remedy.’ ‘Yeah, whatever.’ – «Шөп дәрімізді (ішіп) көрмейсің(із) бе?» «Жә, бопты/ мейлі». 5. (informal) (маған) бәрібір, не болса да, тсс ♦‘What would you like to do today?’ ‘Whatever.’ – «Бүгін не істегің келеді?» «Бәрібір». 6. (idm) *or whatever ​(informal) бәрібір, еш айырмасы/ айырмашылығы жоқ, (қайда болсын) бірдей ♦It's the same in any situation: in a prison, hospital or whatever. – Қайда болсын/ болмасын (жағдай) бірдей: түрмеде ме, ауруханада ма жоқ басқа жақта ма. *whatever you do ​қайтсең де, не істесең де, не етсең де, нетсең де ♦Don't tell Paul, whatever you do! – Қайтсең де бұны Полға айтпа! *whatever you say ​(informal) не айтсаң(ыз) да (келісемін) B.adv 1. (also whatsoever) no, nothing, none, etc. ∼ мүлде, тіпті де, тегі; ешбір, ешқандай ♦They received no help whatever. – Олар мүлде көмек алмады. ‘Is there any doubt about it?’ ‘None whatsoever.’ – «Бұл жөнінде күмән/ шүбә бар ма?» «Жоқ, мүлдем/ тіпті де». 2. (informal) қайтсе де, қалай болса да, не етсе де, не істесе де, нетсе де, бәрібір ♦We told him we'd back him whatever. – Оған қайтсе де/ қалай болса да оны қолдайтынымызды/ қолдамақ еенімізді айттық.