wheel [wiːl]A.n 1.дөңгелек, доңғалақ, тегершік (көліктің, арбаның, тб) ♦He braked suddenly, causing the front wheels to skid. – Ол тежегішті/ тормозды кілт басқанда, алдыңғы дөңгелектер тайды. ♦the rear wheels of the car – машинаның артқы дөңгелектері ♦a little box on wheels – дөңгелектері бар кішкентай жәшік 2.руль (көліктің), штурвал (кеменің) ♦Always keep both hands on the wheel. – Рульді әрқашан қос қолдап ұста/ екі қолмен ұста. ♦behind the ∼ Never get behind the wheel if you're too tired. – Тым шаршасаң, еш(қашан) рульге отырма/ руль ұстама. ♦at the ∼ A car swept past with Laura at the wheel. – Лаура айдаған машина жөңки өтті. ♦Do you want to take the wheel now? – Енді машинаны айдағың келе(ді) ме? ♦She fell asleep at the wheel and crashed into a tree. – Ол рульде қалғып кетіп, ағашқа барып соғылған. 3. ∼s (informal) машина, автомобиль ♦At last he had his own wheels. – Ақыры оның өз машинасы болды. 4.тегершік, дөңгелек, доңғалақ (машинаның, жабдықтың, тб ішіндегі не бір бөлігіндегі дөңгелек тетік) ♦gear wheels – беріліс қорабының (коробка передач) тісті доңғалақтары ♦(ауысп мағ) the wheels of bureaucracy/commerce/government – бюрократияның/ коммерцияның/ үкіметтің «доңғалақтары»/ тетіктері/ механизмі ♦(ауысп мағ) It was Rob's idea. I merely set the wheels in motion. – Бұл Робтың идеясы болатын. Мен әшейін істі/ процесті бастадым. 5. -wheeled пәлен дөңгелегі бар, пәлен дөңгелекті ♦a sixteen-wheeled lorry – он алты дөңгелекті жүк машинасы 6. -wheeler пәлен дөңгелегі бар, пәлен дөңгелекті/ аяқты ♦a three-wheeler – үш аяқты (велосипед, тб) 7. (idm) *asleep at the wheel | asleep on the job (NAmE also asleep at the switch) [қ-з: switch (B5)] *a cog in the machine/wheel (informal) «машина тетігі», «дөңгелек тісі», үлкен ұйымдағы жай/ қатардағы қызметкер *oil the wheels (BrE) (NAmE grease the wheels) [қ-з: grease (B2)] *put your shoulder to the wheel [қ-з: shoulder (A7)] *put a spoke in somebody’s wheel (BrE) шалу, кедергі келтіру *reinvent the wheel [қ-з: reinvent (2)] *wheels within wheels «дөңгелектер ішіндегі дөңгелектер», күрделі, матасқан жағдай, күрделі әрі құпия жүйе/ механизм ♦There are wheels within wheels in this organization - you never really know what is going on. – Бұл ұйымның ішінде көзге көрінбес тетіктер көп – не болып жатқанын ұғу қиын. B.v 1. ∼ smth дөңгелекті нәрсені қозға(лт)у ♦She wheeled her bicycle across the road. – Ол велосипедін итеріп/ сүйреп жолдан өтті. ♦Kate wheeled her bike into the garage. – Кейт велигін гаражға итеріп/ сүйреп апарды. 2. ∼ smb/smth (қоларбаны, дөңгелекті нәрсені) қозға(лт)у, итеру, сүйреу ♦The nurse wheeled him along the corridor. – Медбике/ Медбауыр оны қоларбамен коридормен қозғады. 3.дөңгелене/ иіріле қозғалу/ ұшу ♦Birds wheeled above us in the sky. – Құстар аспанда иіріле/ дөңгелене ұшты. 4.тез кері айналу/ бұрылу, шыр айналу ♦She wheeled around and started running. – Ол кері бұрыла салып жүгіре жөнелді. ♦Jim wheeled back to face me. – Джим шыр айналып маған қарады. ♦He wheeled his horse back to the gate. – Ол атының басын кері, қақпа жаққа қарай бұрды. 5. (idm) *wheel and deal (often disapproving) «бармақ басты, көз қысты», (бизнесте, саясатта, тб) күрделі әрі жымысқы істер істеу 6. (phr v) *wheel smth out бірнәрсені алға тарту/ айту ♦The government wheeled out the same old arguments to support its election campaign. – Үкімет өзінің сайлау науқанына/ кампаниясына дем беру үшін баяғы (жауыры шыққан) фактілерді/ нәрселерді алға тартты/ айтты.