when [wen] A.adv 1.қашан, қай уақытта ♦When did you last see him? – Оны соңғы рет қашан көрдің(із)/ көріп едің(із)? ♦When can I see you? – Сенімен/ Сізбен қашан жолықсам болады? ♦When would such a solution be possible? – (Әйтеуір) бір шешімге қалай/ қашан келсе болады? 2.уақытты, кезді білдіреді ♦Sunday is the only day when I can relax. – Жексенбі – мен демала/ тыныға алатын жалғыз ғана күн. ♦There are times when I wonder why I do this job. – Кейде өзіме осы жұмысты неге/ неғып істеп жүрмін деп сұрақ қоямын. ♦The last time I went to Scotland was in May, when the weather was beautiful. – Соңғы рет Шотландияға мамырда, ауа райы өте жақсы кезде барғанмын. B.pron қай уақыт, қашан ♦Until when can you stay? – Қай уақытқа дейін қала/ бола аласың(ыз)? ♦‘I've got a new job.’ ‘Since when?’ – «Жаңа жұмысқа тұрдым». «Қашаннан бері?» C.conjunction 1.пәлен кезде/ шақта/ уақытта ♦I loved history when I was at school. – Мектепте тарихты/ тарих пәнін жақсы көретінмін. ♦Call me when you've finished. – Бітірген кезіңде маған (телефон) шал. ♦Can you spare five minutes when it's convenient? – Ыңғайлы кез(ің-із)де/ маған бес минут уақыт бөле аласың(ыз) ба? ♦He had just drifted off to sleep when the phone rang. – Көзі енді ілінгенде телефон шыр етті. ♦How can they expect to learn anything when they never listen? – Еш уақытта тыңдамас, олар қалай үйренеді? ♦She claimed to be 18, when I know she's only 16. – Он алтыда болса да, ол он сегіздемін деді шімірікпей. 2. (idm) *as and when бірнәрсе болғанда (ғана өйтеміз) ♦We'll decide on the team as and when we qualify. – Іріктелсек/ Іріктеу кезеңінен өтсек қана команда жайлы шешеміз. ♦I'll tell you more as and when. – Бұл жайлы саған көбірек мүмкін болғанда айтамын. *if and when (болашақта) егер солай болса/ бола қалса ♦If and when we ever meet again I hope he remembers what I did for him. – Әйтеуір бір кезедесе/ жолыға қалсақ, ол менің оған істеген жақсылығымды есіне алады деп үміттенемін/ ойлаймын.