whine [waɪn] A.v 1.күңкілдеу, қыңқылдау, ыңылдау, ызылдау ♦Stop whining! – Ыңылдама(шы)! Ыңылдамашы болды! ♦‘I want to go home,’ whined Toby. – «Үйге қайтқым/ кеткім келеді», деді Тоби қыңқылдай. ♦∼ that… She whined that she'd been cheated. – Мені алдап кетті/ алдады деп ол ыңылдады. 2.қыңсылау, ыңылдау, ызылдау ♦The dog whined and scratched at the door. – Ит қыңсылап, есік тырмалады. 3. (машина, тб ж) ыңылдау, ызылдау, бызылдау, шыңылдау ♦The engines whined softly in the background. – Арт жақта моторлар ызыңдап жатты. ♦Inside, the air-conditioning whined in an annoying way. – Іште ауа кондиционері жүйкеге тие ызыңдап жатты. B.n 1.ыңыл, ызың, шыңыл, ызыл, бызыл ♦the steady whine of the engine – мотордың бірқалыпты ызыңы/ызылы 2.қыңқыл, күңкіл, ыңыл, ызың, ызыл; қыңсылау (иттің) ♦Her voice took on a nasal whine of complaint. – Ол ыңылдай шағымданды.