whip [wɪp] A.v 1. ∼ smb/smth қамшымен салу/ осу, қамшы сілтеу; қамшымен сабау, дүре соғу, дүрелеу ♦He was taken back to the jail and soundly whipped. – Оны түрмеге/ абақтыға қайта апарып, жақсылап тұрып қамшымен сабады. ♦(ауысп мағ) A branch whipped across the car window. – Бұтақ машинаның терезесін салып қалды. ♦(ауысп мағ) Her hair whipped around her face in the wind. – Шашы желде бетін сабалады. ♦(ауысп мағ) ∼ smth The waves were being whipped by 50 mile an hour winds. – Сағатына 80 мильмен соққан жел толқындарды қуалады. 2. ∼ smth (тез, кенет) жұлып алу, тартып қалу, тсс ♦She whipped the mask off her face. – Ол (өз) бетінен масканы жұлып алды. The man whipped out a knife. – Әлгі кісі пышақты шошаң етіп шығарды. 3. (май, тб) былғау, шайқау, тез шылау/ араластыру, тез араластырып шылау (взбивать, взбить) ♦∼ smth Serve the pie with whipped cream. – Пирогті былғаған/ шайқаған кілегеймен бер. Lightly whip the egg whites and add them to the mixture. – Жұмыртқаның ағын/ ақтарын сәл былға/ шыла/ араластыр да(ғы), (оларды) шыламаға қос. ♦∼ smth up Whip the egg whites up into stiff peaks. – Қатайып шошайғанша жұмыртқаның ағын шыла/ былға/ араластыр. 4. ∼ smb/smth (NAmE, informal) оп-оңай жеңу/ ұту ♦The team whipped its opponents by 35 points. – Команда (өз) қарсыласын 35 ұпай асыра жеңді/ ұтты. They whipped Australia 18–3 in the final game. – Олар соңғы ойында/ финалда Австралияны 18-3 (он сегіз де үш) есебімен оп-оңай жеңді. 5. ∼ smth (BrE, informal) ұрлау, жымқыру 6. (phr v) *whip through smth ​(informal) тез істеу/ бітіру, апыл-ғұпыл істеу/ тындыру/ бітіру ♦We whipped through customs in ten minutes. – Кеденнен/ Таможнядан он минутта(-ақ) өте шықтық. *whip smb/smth up a) (жұртты) қоздыру, қызықтыру, елеңдету, көңілін/ назарын бұру/ тарту (syn: rouse) ♦The advertisements were designed to whip up public opinion. – Жарнамалар/ Рекламалар жұрттың пікірін қозғауды көздеген. He was a speaker who could really whip up a crowd. – Ол жұртты үйіріп әкететін шешен/ сөйлеуші еді. b) тез/ апыл-ғұпыл ас әзірлеу ♦She whipped up a delicious lunch for us in 15 minutes. – Ол 15 минутта(-ақ) бізге тіл үйірер ас әзірледі. B.n 1.қамшы, шыбыртқы ♦He cracked his whip and the horse leapt forward. – Қамшысын салып келіп жібергенде, жылқы алға жүрді. 2. «қамшы», жауапты өкіл, ұйымдастырушы (саяси партияның парламентте өз партиясы депутаттарының маңызды жиналыстарға, дауыс берулерге қатысуын қамдайтын жауапты өкілі) ♦the chief whip – бас жауапты өкіл 3. (BrE) (саяси партияның өзінің парламенттегі депутаттарына пәлен мәселе бойынша қалай дауыс беру керектігін айтып түсіндірген) жазбаша нұсқау 4.the ∼ (BrE) (белгілі бір партиядан) парламент депутаты/ мүшесі болу(шылық), парламент депутаты міндеті ♦He resigned the Tory whip and sat as an independent. – Ол консервативтік партиядан шығып, тәуелсіз депутат болды. 5. (кілегей, жұмыртқа, қант және жеміс-жидекті араластыра шылай жасаған) тәтті тағам 6. (idm) *crack the whip «қамшылау», «сабалау», билік қолдану, әкімшілік шаралар қолдану ​*a fair crack of the whip ​[қ-з: fair (A9)] *have/hold, etc. the whip hand (over smb/smth) «қамшыны қолында ұстау», билігі болу, бақылайтындай шамасы болу, басым(дығы) болу ♦She had the whip hand and it was useless to resist. – Күш соның жағында болғандықтан, (ол әйелге) қарсыласудың пайдасы/ жөні болмады.