whirl [wɜːl] A.v иірілу, айналу, дөңгелену, иіріле/ айнала/ дөңгелене қозғалу (syn: spin, reel) ♦Leaves whirled in the wind. – Жапырақтар желде иірілді. She whirled around to face him. – Ол (әйел) оны (еркекті) көру үшін керу бұрылды/ айналды. They ducked to avoid the whirling blades of the helicopter. – Вертолеттің айналған қалақтарынан/ винттерінен қаша олар бүгжиді. ♦∼ smb/smth Tom whirled her across the dance floor. – Том оны (қызды) би залында дөңгелендірді. ♦(ауысп мағI couldn't sleep - my mind was whirling from all that had happened. – Ұйықтай алмадым – болған нәрселер ойымнан шықпай, миыма маза бермеді. ♦(ауысп мағ) So many thoughts whirled around in her mind. – Соншама ойлар оның басын шыр көбелек айналдырды. B.n 1.құйын; иірім ♦a whirl of dust – шаң(ды) құйын ♦(figurative) Her mind was in a whirl. – Ол әңкі-тәңкі болып тұрды./ Оның есі/ санасы шатасып тұрды. ♦(ауысп мағ) Her life was one long whirl of parties. – Қолы арты-артынан келген тойдан босамады. ♦(ауысп мағ) It's easy to get caught up in the social whirl. – Қоғамдық шаралар көп уақыт алады. ♦(ауысп мағ) The next few hours passed by in a whirl of activity. – Келесі бірнеше сағат қауырт өтті. 2. (idm) *give smth a whirl ​(informal) істеп/ талпынып көру ♦I’m not sure I’ll like skiing, but I’ll give it a whirl. – Шаңғы тепкенді жақсы көрер-көрмесімді білмеймін, дегенмен (шаңғы теуіп) көрейін.