white [waɪt] A.adj (whiter, whitest) 1.ақ ♦a crisp white shirt – жап-жаңа ақ жейде ♦a white dress – ақ көйлек ♦a plant with beautiful white flowers – әдемі ақ гүлді/ гүлдері бар өсімдік ♦a white van – ақ микроавтобус/ вән ♦a set of perfect white teeth – маржандай тізілген аппақ тістер ♦His hair was as white as snow. – Шашы қардай аппақ еді. 2.ақ (терілі/ нәсілді/ расалы), тегі европалық ♦white middle-class families – орта тап ақ (нәсілді) семьялар/ жанұялар ♦a predominantly white city – ақтар көп тұратын қала, көпшілігі ақ қала 3.боз, ақ (яғни, аурудан, шоши, тб ағарған/ бозарған) ♦∼ with smth white with shock – шошып бозарып кеткен ♦Zack's face turned white and his jaw dropped. – Зәк бозарып, жағы салбырады да қалды. ♦She went white as a sheet when she heard the news. – Хабарды естіп ол аппақ болып кетті. 4. (BrE) сүт қатқан, ақ ♦Two white coffees, please. – Екі сүт қатқан кофе беріңізші. ♦Do you take your coffee black or white? – Кофені қарадай ішесің(із) бе, жоқ сүт қата ма? B.n 1.ақ (түс, рең) ♦various shades of white – ақтың түрлі реңктері/ түстері ♦in ∼ She was dressed all in white. – Ол бастан аяқ ақ киіпті. ♦the pure white of the newly painted walls – жаңа ғана сырла(н)ған қабырғалардың ағы 2. ақ (терілі/ нәсілді/ расалы), тегі европалық 3.ақ шарап ♦Would you like red or white? – Сізге қызыл ма, жоқ ақ па? ♦a very dry white – өте құрғақ ақ шарап 4.жұмыртқаның/ тұқымның ағы ♦Use the whites of two eggs. – Екі жұмыртқаның ағын пайдалан. ♦Whisk the egg whites until stiff. – Жұмыртқаның ақтарын қатайғанша/ қоюланғанша шыла/ араластыр. 5. көздің ағы (көздің қарашығының айналасындағы ақ тұстар) ♦The whites of her eyes were bloodshot. – Көзі қып-қызыл болып кетіпті. 6. whites ақ (киім-кешек, маталар, тб) ♦(BrE) Don't wash whites and coloureds together./ (NAmE) Don't wash whites and colors together. – Ақ пен түрлі-түстіні бірге жума. 7. whites ақ (түсті) спорт киімі ♦cricket/tennis whites – ақ крикет/ теннис киімі 8. (idm) *black and white ақ-қара, қара-ақ (түсті, реңді) ♦a film made in black and white – ақ-қара етіп түсірген фильм ♦black-and-white photos – қара-ақ фотолар *(in) black and white «не ақ, не қара», мәселені, тб не мүлде жақсы, не мүлде жаман жағынан көру, не мүлде дұрыс, не мүлде қате деп қарау, біржақты қарау ♦It's a complex issue, but he only sees it in black and white. – Бұл – күрделі мәселе, алайда ол біржақты қарайды/ не ақ, не қара деп қарайды. ♦This is not a black-and-white decision. – Бұл – қиын шешім.