whole [həʊl] A.adj 1.бәрі, бү(т)кіл, барлық, тұтас ♦Let's forget the whole thing. – (Болған нәрсенің) бәрін ұмытайықшы. Jenna was my best friend in the whole world. – Женна бүкіл дүниедегі жан досым еді. It seems I've spent my whole life travelling. – Барлық/ Бүкіл өмірімді кезіп/ сапарлап өткізіптім. The whole family will be there. – Бүткіл үй-іші/ семья сонда болады. He spent the whole day writing. – Ол таңертеңнен кешке дейін жазды. We drank a whole bottle each. – Әрқайсымыз бір-бір шөлмектен/ бөтелкеден іштік. I went through the whole process with them. – Олармен бүткіл процесті бастан аяқ өттім. My whole body ached. – Бүткіл денем ауырды/ қақсады. 2.көп, үлкен, бар, барлық, бүткіл, мүлде, тсс ♦I'm going to be talking about a whole range of things today. – Бүгін көп нәрсе жайлы айтпақпын. We are going to have a whole bunch of people over tomorrow night. – Ертең кешке бізге көп адам келеді. I can't afford it - that's the whole point. – Шамам келмейді – жағдай осы/ сол. a whole variety – неше түрлі I think the whole idea is ridiculous. – Мына ой/ идея мүлде(м) ақылға сыймайды/ қонбайды. 3.бүтін, тұтас, тегіс (syn: (all) in one piece) ♦Owls usually swallow their prey whole. – Үкілер жемтігін әдетте бүтін(дей)/ тұтас(ымен) жұтады. Place a whole onion inside the chicken. – Тауықтың ішіне пиязды бүтіндей/ бүтінінен/ турамай сал. a snake swallowing a mouse whole – тышқанды бүтіндей/ тұтас жұтып жатқан жылан 4. (idm) *a whole lot ​(informal) өте көп; әлдеқайда, бірталай, талай, тсс ♦I'm feeling a whole lot better. – Қазір әлдеқайда/ бірталай жақсымын. *a whole lot (of smth) ​(informal) өте көп, бірталай, талай, тсс ♦There were a whole lot of people I didn't know. – Онда мен білмейтін талай адам болды. I lost a whole lot of money. – Қыруар ақша жоғалттым./ Қыруар ақшадан айырылдым. *the whole lot ​әрнәрсе; бәрі, барлығы; көп нәрсе, талай нәрсе ♦I've sold the whole lot. – Бәрін саттым./ Талай нәрсе саттым. *a whole 'nother… ​(US, non-standard) мүлде басқа ♦Now that's a whole 'nother question. – Бұл енді мүлде басқа мәселе. B.n 1. the of smth барлығы, бәрі, бү(т)кіл, тегіс, бүтін, тұтас ♦The scheme would cover the whole of the UK. – Бұл жоспар/ жоба Британияны тегіс/ тұтас қамти алады. The effects will last for the whole of his life. – Бұл оның бүткіл өміріне әсер етеді. 2.бүтін; тұтас; бүт(к)іл; жалпы (алғанда) ♦Four quarters make a whole. – Төрт ширек бір бүтін болады. Taken as a whole, the image is slightly disappointing. – Жалпы алғанда, бейне сәл көңілге қонбайды. 3. (idm) *as a whole ​жалпы, бүтін, бү(т)кіл ♦Unemployment is higher in the north than in the country as a whole. – Жалпы (алғанда), жұмыссыздық елдің солтүстігінде көбірек. The festival will be great for our city and for the country as a whole. – Фестиваль тек қаламызға ғана емес, бүткіл ел үшін қызық/ маңызды болмақ. for the community/economy/industry as a whole – жалпы қауым/ экономика/ индустрия үшін *on the whole ​жалпы, негізі ♦On the whole, I'm in favour of the idea. – Жалпы/ Негізі, бұл ой/ идея маған ұнайды. C.adv (informal) ​∼ new/different/other… мүлде басқа(ша)/ өзгеше ♦It's a whole new world out here. – Мұнда жағдай мүлде басқаша екен. That's a whole other story. – Бұл мүлде басқа әңгіме. I suddenly saw him in a whole different light. – Оны кенет мүлде басқа қырдан/ жағынан көрдім.