why [waɪ] A.adv 1.неге, неғып, не үшін ♦Why were you late? – Неге кешіктің(із)?/ кеш келдің(із)? ♦Tell me why you did it. – Неге өйткенің(із)ді/ олай еткенің(із)ді маған айт(ыңыз)шы. ♦‘I would like you to go.’ ‘Why me?’ – «Кеткеніңді/ Барғаныңды қалаймын». «Неге/ Не үшін мен?» ♦(informal) Why oh why do people keep leaving the door open? – Неге ғана жұрт есікті жаппай кетеді екен? 2. неге, неғып, не үшін (яғни, қажеті/ керегі жоқ дег мағ) ♦Why get upset just because you got one bad grade? – Бір жаман баға алдым екен деп/ Бір жаман баға алғаныңа бола неге/ не үшін кейисің? ♦Why bother to write? We'll see him tomorrow. – Жазып керегі не? Оны ертең көреміз (ғой). 3.себеп жайлы айтқанда қолд ♦That's why I left so early. – Сондықтан сонша(ма) ерте кеттім. ♦I know you did it - I just want to know why. – Сенің істегеніңді білемін – әшейін неге екенін білгім келеді. ♦The reason why the injection needs repeating every year is that the virus changes. – Уколды/ Екпені жыл сайын салатын себебі – вирус өзгеріп отырады. 4. (idm) *why ever неге (ғана), неғып, не үшін ♦Why ever didn't you tell us before? – Неге (ғана) бұны бізге бұрын айтпадың/ айтпағансың? *why not? неге, неғып, не үшін (кеңес бергенде не кеңеспен келіскенде қолд) ♦Why not write to her? – Оған неге жазбасқа? ♦‘Let's eat out.’ ‘Why not?’ – «Тыста тамақтанайық». «Неге өйтпеске?» ♦Why don't we go together? – Неге бірге бармаймыз?/ Бірге барсақ ше? B.exclamation (old-fashioned or NAmE) неге, неғып, не үшін (таңғалысты, тағатсыздықты білд) ♦Why Jane, it's you! – Неге Джейн, сен сөйттің, тб? ♦Why, it's easy - a child could do it! – Неге, оп-оңай ғой – бала істей алады! B.n (idm) *the whys and (the) wherefores себеп(тер) ♦I had no intention of going into the whys and the wherefores of the situation. – Жағдайдың себептерін тәптіштеп түсіндіріп жатқым келмейді.