wide [waɪd] A.adj (wider, widest) 1.кең (opp: narrow) ♦It's a wide, fast-flowing river. – Бұл – кең, ағысы қатты өзен. ♦The river gets quite wide here. – Өзен осы тұста біршама кеңейеді. ♦He wore a jacket with wide lapels. – Ол қайырмалары кең жакет киген/ киді. ♦Her face broke into a wide grin. – Ол сылқиа ыржиды. ♦How wide is that stream? – Мына жылғаның кеңдігі қанша(лықты)?/ Мына жылға қанша(лықты) кең? ♦It's about 2 metres wide. – Бұл – шамамен екі метр кең. ♦The road was just wide enough for two vehicles to pass. – Жолға екі машина ғана сыятын. ♦The road was only wide enough for only one vehicle at a time. – Жолға бір уақытта бір машина ғана сыятын еді. ♦She stared at him with wide eyes. – Ол (қыз) оған (жігітке) аңырая қарады. 2.көп, ауқымды, кең ♦a wide range/choice/variety/selection of goods – нешетүрлі/ сантүрлі/ іріктеме заттар ♦The company offers a wide array of services to businesses. – Компания кәсіпорындарға қызметтің көптеген түрін көрсетеді. ♦Her music appeals to a wide audience. – Оның музыкасы көп(теген) адамға ұнайды. ♦It's the best job in the whole wide world. – Бұ дүниедегі бұл ең үздік/ ең жақсы жұмыс. ♦Experts believe the project could bring positive benefits to the wider community. – Эксперттер осы жоба қауымның көп бөлігіне пайдалы болады дейді. ♦a wide spectrum of opinion – нешетүрлі пікір(лер) ♦a wider public – көп жұрт/ адам ♦He is a manager with a wide experience of industry. – Ол - осы салада көп тәжірибесі бар маман. ♦Jenny has a wide circle of friends. – Дженнидің көп досы бар. ♦The incident has received wide coverage in the press. – Оқиға жайлы баспасөз көп жазды. ♦The festival attracts people from a wide area. – Фестивальге жұрт/ адамдар талай/ көп жерден келеді. 3.аса үлкен/ ірі ♦The Australians won by a wide margin. – Австралиялықтар айқын басымдықпен ұтты. ♦There are wide variations in prices. – Бағалар – нешетүрлі. 4.жалпы (алғандағы), кең ♦the wider aims of the project – жобаның жалпы мақсаттары ♦We are talking about education in its widest sense. – Білім алуды жалпы(лама) әңгімелеп отырмыз./ Білім жүйесі туралы жалпы айтып отырмыз. 5. ∼ (of smth) (нысанаға тимей) алыс кеткен, тысқа кеткен, қисық кеткен ♦Her shot was wide (of the target). – Оның атысы/ тебісі нысанадан көп алыс/ қисық кетті. ♦Her shot fell just wide of the target. – Оның атысы/ тебісі мүлт кетті. 6. -wide бүткіл елде, тб болып жатқан ♦a nationwide search – бүткіл елде/ ел ішінде іздеу ♦We need to act on a Europe-wide scale. – Бү(т)кіл Европада әрекет етуіміз керек. 7. (idm) *give smb/smth a wide berth тым жақындамау; қашқақтау, алыс/ әрмен/ аулақ жүру ♦He gave the dog a wide berth. – Ол итке жақындамады. ♦I tend to give the city centre a wide berth on Saturdays because it's so busy. – Лықа толып кететіннен/ кететіндіктен, сенбі күндері қала ортасынан қашамын. *wide of the mark [қ-з: mark (B12)] B.adv (wider, widest) 1.барынша, мүмкін болған(ын)ша ♦The door was wide open. – Есік айқара ашық еді. ♦The championship is still wide open. – Кім чемпион болатыны әлі белгісіз. ♦She had a fear of wide-open spaces. – Ол өте ашық жерлерден қорқатын. ♦He stood with his legs wide apart. – Ол барынша талтая тұрды. ♦In a few seconds she was wide awake. – Бірнеше секундта ол оянып алды. ♦Open your mouth wide. – Аузың(ыз)ды кең аш(ыңыз). 2. (idm) *cast your net wide [қ-з: net (А6)] *far and wide [қ-з: far (А6)]