widely [ˈwaɪdli] adv 1.кең (таралған), ауқымды, көп адам қолданатын, тсс ♦The term is widely used in everyday speech. – Бұл термин күнделікті кең қолданылады. The idea is now widely accepted. – Бұл идея енді кең тараған./ Бұл идеяны енді (жұрт) кең қабылдаған. There is still no word on when the service will become widely available. – (Осы) қызметтің қашан кең тарайтыны әлі белгісіз. The film is widely regarded as a masterpiece. – Фильмді жұрт жалпы шедевр/ тамаша өнер туындысы дейді. The company is widely acknowledged as a leader in the field. – Компанияны осы саланың озығы/ озаты деп кең мойындайды. He is widely recognized as the founder of modern anatomy. – Оны қазіргі анатомияның негізін қалаушы деп кең мойындайды. Her remarks were widely reported in the media. – Оның сөздері баспасөзде көп басылды. a widely held belief – кең таралған ұғым/ түсінік He was not widely known outside China. – Ол Қытайдан тыс кең танымал емес еді.the most widely distributed species of lizards in North America – Солтүстік Америкада(ғы) кесірткелердің кең тара(л)ған түрлері The ruling party was widely expected to win the elections. – Жұрттың көбі биліктегі партия жеңеді дейді. The president was widely criticized for his response to the disaster. – Апат кезіндегі әрекеті үшін президентті көп/ аямай сынады. He has travelled widely in Asia. – Ол Азияны көп аралады. Her books are widely read. – Оның кітаптарын жұрт көп оқиды. He's an educated, widely read man. – Ол - білімді, көп (кітап) оқыған адам. 2.ауқымды, кең, көп, нешетүрлі ♦Standards vary widely. – Стандарттар – нешетүрлі. The two men have widely different views on the question. – Осы мәселеде бұл екі кісінің пікірі - бір-бірінен өте алшақ.