wild [waɪld] A.adj (wilder, wildest) 1.жабайы, тағы, табиғи (ортадағы) ♦wild animals/birds/flowers – жабайы/ тағы аңдар/ құстар/ жабайы гүлдер wild salmon – жабайы ақсерке (лосось) wild mushrooms/rice – жабайы саңырауқұлақ/ күріш The plants grow wild along the banks of rivers. – Өзен жағасында (бұл) өсімдіктер жабайы өседі. Their aim is to document wild populations of fast-disappearing species. – Олардың мақсаты - тез жоғалып бара жатқан аң-құс түрлерін тізімдеу. a wild boar – қабан 2.табиғи, табиғаты бүлінбеген ♦the destruction of forests and other wild lands – ормандар мен басқа да табиғи жерлердің/ орталардың жойылуы wild moorland – табиғи/ бүлінбеген батпақ/ саздақ The island is a wild and lonely place. – Арал – бүлінбеген табиғаты бар оқшау жер. This is truly wild and unspoilt countryside. – Бұл - шынымен де табиғаты бүлінбеген ауылды аймақ. 3.тәртіпсіз, жүгенсіз, тәрбиесіз, тентек, бұзық; ретсіз ♦The boy is wild and completely out of control. – Бала бұзық әрі мүлде бой бермейді/ тыңдамайды. He had a wild look in his eyes. – Көздері адырайып тұрды. a woman with wild hair – шашы ұйпа-тұйпа әйел wild mood swings – мінезі/ көңіл-күйі бұрқ-сарқ (ету) 4.сезімге ерік берген, жүгенсіз, айқайлаған, шулаған, тсс ♦The crowd went wild. – Жұрт шулай бастады. It makes me wild to see such waste. – Бұндай ысырапты көргенде, қаным қайнайды. Everything about her drove him wild. – Ол (қыз) десе, оның (жігіттің) есі кететін. wild laughter – қарқыл, жырқыл (қарқылдай/ жырқылдай күлу) wild celebrations – азан-қазан тойлау, мәре-сәре болу The couple were dancing with wild abandon. – Қосақ дедектей билеп жүрді/ жатты. 5.дәл/ тура емес; жөнсіз, ауытқыған ♦He made a wild guess at the answer. – Онша ойланбай жауап бере салды. wild accusations – жөнсіз айыптаулар 6. (informal) өте жақсы, тамаша, керемет ♦We had a wild time in New York. – Нью-Йоркте керемет уақыт өткіздік. 7. ∼ about smb/smth (informal) құлшынған, желіккен, есі кеткен ♦She's totally wild about him. – Ол (жігіт) десе, оның (қыздың) есі кетеді. She was absolutely wild about him. – Ол (қыз) оған (жігітке) құлай ғашық болды. I'm not wild about the idea. – Бұл идея/ ой маған ұнамайды. 8.дауылды, боранды (syn: stormy) ♦a wild night – дауылды түн The sea was wild. – Теңіз буырқанып жатқан еді. 9. (idm) *beyond somebody’s wildest dreams ойлағаннан/ үміттенгеннен әлдеқайда жақсы *not/never in somebody’s wildest dreams ​мүлде ойламаған/ күтпеген нәрсенің болуы ♦Never in my wildest dreams did I think I'd meet him again. – Оны қайта жолықтырамын деп еш ойламаппын. *run wild еркін/ тежеусіз өсу/ болу ♦The ivy has run wild. – Шырмауық өсіп кетіпті. Let your imagination run wild and be creative. – Қиялыңа ерік беріп, жасапмаз бол. I just let my imagination run wild and come up with as many ideas as I can. – Қиялыма ерік беріп, біршама ойлар есіме келді.Those boys have been allowed to run wild. – Балалар еркінше алысып-қағынды. They annoy the neighbours because they let their children run wild. – Олардың көршілерінің мазасын алатын себебі, балаларын тыймайды. *sow (your) wild oats​ [қ-з: oats (2)] *wild horses would not drag somebody somewhere, make somebody do something, etc. «жабайы жылқылар біреуді бір жерге сүйрей алмас еді/ біреуге бірнәрсе істете алмас еді», ештеңе де біреуді бірнәрсе істеуге көндірмейді ♦Wild horses would not have dragged him into a vegetarian restaurant. – Ол өлсе де вегетариан ресторанына кірмейді. B.n 1. ​the ∼ жабайы табиғат, бүлінбеген табиғат ♦The bird is too tame now to survive in the wild. – Бұл құс енді тым жуас/ үркек, жабайы ортада өмір сүре алмайды. The animals were released back into the wild when they had recovered. – Жазылғаннан/ Сауыққаннан кейін аңдарды жабайы табиғатқа қайта жіберді. 2.the wilds шет аймақ, шалғай жерлер, алыс/ шалғай аймақ ♦wandering through the wilds of Alaska – Алясканың елсіз жерлерін кезу ♦(humorous) They live on a farm somewhere out in the wilds. – Олар шет жақтағы бір фермада тұрады.