wild card [ˈwaɪld kɑːd] n 1. «жабайы карта» (карта ойынында ойыншылардың өзара келісуі бойынша маңызға ие болатын карта) (дикая карта) 2. (sport) «жабайы карта» (іріктеуден, квалификациядан өтпеген ойыншыны жарысқа шақыру) (дикая карта, темная лошадка) ♦He was given a wild card for the tournament. – Оны турнирге арнайы шақырды./ Оған «жабайы карта» беріп, турнирге шақырды. ♦She was beaten in the semi-finals by wild card Louise Smith. – Жартыфиналда ол «жабайы карта» Луиз Смиттен ұтылып қалды. 3. (computing) (белгілі бір әріпті не санды білдіретін) белгі, символ ♦An asterisk is commonly used as a wild card. – Жұлдызшаны көбіне(се) шартты белгі ретінде пайдаланады. 4.түсініксіз адам не нәрсе ♦The Nationalist party is the wild card in the election. – Ұлттық партияның сайлауға қалай әсер ететіні – түсініксіз.