will [wɪl] A.v 1.тілеу, қалау, бірнәрсе істегісі келу ♦∼ smth As a child he had thought he could fly, if he willed it enough. – Бала күнінде ол (егер) өте тілесе/ қаласа ұша алады деп ойлайтын. ♦∼ smb/smth to do smth She willed her eyes to stay open. – Ол ұйықтамасам екен деп тіледі. ♦He willed himself not to panic. – Ол саспасам екен деп тіледі. 2. ∼ smth | ∼ that… (old use) (бірнәрсе істеуге) ниеттену; (бірнәрсенің болғанын) тілеу, қалау ♦They thought they had been victorious in battle because God had willed it. – Олар құдайдың жазуымен/ қалауымен ұрыста жеңдік деп ойлады. 3. (old-fashioned or formal) тілеу, қалау; ұнату ♦Call it what you will, it's still a problem. – Қалай дегенде де, бұл – әлі шешілмеген мәселе/ проблема. 4. (үй-жайын, дүние-мүлкін) мұраға қалдыру, өсиет етіп қалдыру, мұра етіп қалдыру ♦∼ smb smth Joe had willed them everything he possessed. – Джо бар дүние-мүлкін оларға мұраға қалдырды. ♦∼ smth (to smb) Joe had willed everything he possessed to them. – Джо оларға бар(лық) дүние-мүлкін қалдырды. B.modal verb (present simple will [wɪl], 'll [l], will not, won’t [wəʊnt], past simple would [wəd, wʊd], 'd [d] would not, wouldn’t [ˈwʊdnt]) етістіктің келер шағында қолданылады ♦You'll be in time if you hurry. – Асықсаң/ Тездетсең, үлгіресің. ♦How long will you be staying in Paris? – Парижде қанша боласың? ♦Fred said he'd be leaving soon. – Фред жақында кетемін деді. ♦By next year all the money will have been spent. – Келесі жылы бар(лық) ақша/ қаражат (жұмсалып) бітетін болады. ♦Will you send this letter for me, please? – Мына хатты мен үшін сала салшы. ♦You'll water the plants while I'm away, won't you? – Мен жоқ кезде гүлдерді суаршы, иә? ♦I asked him if he wouldn't mind calling later. – Одан кейінірек хабарласшы деп өтіндім. ♦Will you join us for lunch? – Кешке өзіңмен бірге тамақтаналық/ ас ішелік? ♦They won't lend us any more money. – Олар енді бізге қарызға ақша бермейді/ бермейтін болады. ♦He wouldn't come - he said he was too busy. – Ол келмейді – қолым тимейді деді. ♦We said we would keep them. – Оларға оларды (жұмыста, тб) қалдырамыз дедік. ♦You'll do it this minute! – Бұны әп сәтте/ дәл қазір істейміз! ♦Will you be quiet! – Тынышталшы тегі/ Тыныштала қойшы! ♦That'll be the doctor now. – Бұл (келген) дәрігер болар/ шығар. ♦You'll have had dinner already, I suppose. – Тамақ ішіп алған шығарсың. ♦If it's made of wood it will float. – Ағаштан істелсе, бұл қалқиды/ суға батпайды. ♦Engines won't run without lubricants. – Жағармайсыз мотор жүрмейді. ♦This jar will hold a kilo. – Мына шыны ыдысқа/ банкіге бір кило сыяды. ♦The door won't open! – Есік ашылмайды! ♦She'll listen to music, alone in her room, for hours. – Ол бөлмесінде сағаттап музыка тыңдайды. ♦He would spend hours on the telephone. – Ол сағаттап телефонмен сөйлеседі. C.n 1.жігер, қайрат, табандылық ♦to have a strong will – өте жігерлі болу ♦to have an iron will/a will of iron – болаттай жігері болу ♦Her decision to continue shows great strength of will. – Оның жалғастырмақ шешімі (өзінің) табандылығын көрсетеді. ♦The government lacked the political will to reform the tax system. – Салық жүйесін реформалауға үкіметке саяси жігер жетіспеді. ♦In spite of what happened, he never lost the will to live. – Қанша қиналса да, ол тайсалған емес. 2.қалау, тілек, ниет, пейіл, ерік ♦They governed according to the will of the people. – Олар халықтың қалауына сай ел басқарды. ♦He thought he was doing the will of God. – Ол құдайдың қалауын/ ниетін орындаудамын деп ойлады. ♦against somebody's ∼ I was forced to sign the agreement against my will. – Қаламасам да, маған келісімге қол қойдырды. ♦I don't want to go against your will. – Қалауыңа қарсы шыққым/ болғым келмейді. ♦Much against my will, I let him go. – Қаламасам да, амал жоқ оны жібердім. ♦She always wants to impose her will on other people. – Ол ылғи басқаларға айтқанын істеткісі келеді. ♦(formal) It is God's will. – Құдайдың қалауы/ жазуы - осы. ♦She came of her own will, not forced by Antony. – Ол (қыз) өз еркімен келді, Антони күштеген жоқ. 3. (also also formal testament) мұрахат, өсиетхат, өсиетнама, мұраға қалдыру хаты, өсиет (қайтыс болғанымда дүние-мүлкім балама, тб мұраға қалады деген заңды хат/ документ) (завещание) ♦I ought to make a will. – Мұрахат/ Өсиетхат жазуым керек. ♦in your ∼ My father left me the house in his will. – Әкем үйді маған мұраға қалдырған. ♦She did not leave a will. – Ол мұрахат/ өсиетхат қалдырмады. ♦by ∼ Some things cannot be given away by will. – Кейбір нәрселерді мұраға қалдыруға болмайды. 4. -willed жігері/ қайраты пәлендей ♦a strong-willed young woman – жігерлі жас әйел ♦weak-willed greedy people – жігерсіз сараң адамдар 5. (idm) *at will қашан қаласа да, қашан істегісі, тб келсе де, өз қалауымен/ еркімен ♦They were able to come and go at will. – Олар қашан қаласа да, келіп-кете алды. ♦She believes employers should have the right to hire and fire at will. – Ол жұмысқа алушылардың өз қалауынша/ еркінше адамдарды жұмысқа алып-шығаратын хақы болуы керек деп ойлайды. *where there’s a will there’s a way [қ-з: way (А11)] *with the best will in the world қанша қаласа(м) да, қанша ниеттенсе(м) де ♦With the best will in the world I could not describe him as a good father. – Қалай дегенде де, оны жақсы әке деп айта алмас едім. *with a will жігерлене, құлшына ♦They set to work with a will. – Олар іске құлшына кірісті.