willing [ˈwɪlɪŋ] adj 1. ∼ (to do smth) (бірнәрсе істеуге) әзір, дайын, қалауы бар, қарсы емес, ниетті, құлықты, ықыласты, пейілді ♦Many consumers are willing to pay more for organic food. – Көп(теген) клиент(тер) органик азық үшін артық төлеуге әзір/ қарсы емес. ♦She seemed willing to accept my explanation. – Ол менің түсіндіргенімді құп көрген сияқты. ♦He's still trying to find a lawyer willing to take his case. – Ол осы істі алуға әзір адвокат(ты) әлі іздеп жүр/ іздеуде. ♦I'm willing to bet that she knows where he is. – Ол (әйел) оның (еркектің) қайда екенін (қайтсе де) біледі – осы үшін бәс тігуге әзірмін. ♦He's quite willing to do anything to win. – Ол жеңіс/ жеңу үшін бәрін істеуге әзір. ♦I'm perfectly willing to discuss the problem. – Мәселені/ Проблеманы талқылауға (әп-)әзірмін/ әзір-ақпын. ♦They are willing and able to share their knowledge and experience. – Олар өз білімі және тәжірибесімен бөлісуге әзір. 2. (бірнәрсе істеуге) әзір, дайын, құлшынған, ынталы, ниетті, құптаған, оңқабақ, (бірнәрсе істегенді) қалаған; құлшына/ ниетпен істеген (opp: unwilling) ♦a willing participant/accomplice – құптай қатысушы/ пейілді сыбайлас ♦a willing buyer/seller – ынталы сатып алушы/ сатушы ♦She's very willing. – Ол – өте әзір. ♦willing helpers/volunteers – пейілмен көмектесушілер/ оңқабақ еріктілер (волонтерлар) ♦her willing acceptance of the responsibility – оның пейілмен/ еш қарсылықсыз жауапкершілікті алуы/ өзіне жүктеуі ♦their willing participation in the plan – жоспарға олардың ниетпен қатысуы ♦Willing hands pulled him to safety. – Көмекке созылған қолдар оны аман сүйреп шығарды. ♦willing support/consent – құптай қолдау/ келісім 3. (idm) *show willing (BrE) бірн-е істеуге әзір екенін білдіру *the spirit is willing (but the flesh is weak) [қ-з: spirit (A12)]