wind 1 [wɪnd] A.n 1. (also the wind) жел, боран ♦strong/high winds – қатты (күшті) жел/ дауыл ♦gale-force winds – боран, дауыл ♦a light wind – самал, бәсең жел ♦a north/south/east/west wind – солт-к/ оңт-к/ шығыс/ батыс желі ♦westerly/easterly winds – батыс/ шығыс желі/ пассатары ♦a chill/cold/biting wind from the north – солтүстіктен соққан салқын/ суық/ аязды жел ♦gusty/howling winds – ұйытқыған/ азынаған жел ♦The wind is blowing from the south. – Жел оңт-ктен соғып тұр. ♦in the ∼ The trees were swaying in the wind. – Желде ағаштар ырғалып тұрды. ♦A gust of wind blew my hat off. - – Ұйытқыған жел қалпағымды ұшырып әкетті. ♦The weather was hot, without a breath of wind. – Аптап ыстық еді, үп еткен жел болмады. ♦The wall gives some protection from the prevailing wind. – Қабырға жел көп соғатын жақтан біраз қорғайды. ♦The wind is getting up. – Жел үдей/ күшейе түсті. ♦The wind has dropped. – Жел бәсеңдеді. ♦wind speed/direction – желдің жылдамдығы/ бағыты ♦renewable energies like solar and wind power – күн және жел күші/ қуаты сияқты жаңаратын энергиялар 2. (BrE) (NAmE gas) (ас ішкендегі) ауа; кекірік; (асқазандағы, іштегі) жел, осырық ♦I can't eat beans - they give me wind. – Бұршақ жеуіме болмайды – ішімді кептіреді. ♦Try to bring the baby's wind up. – Сәбиді кекіртуге тырыс. 3.дем, тыныс ¨I need time to get my wind back after that run. – Өйтіп жүгірген соң демімді басу(ым) үшін біраз уақыт керек (болады). 4. (also winds) үрмелі/ үрлемелі муз-қ аспаптар не осы аспаптарда ойнайтын музыканттар ♦music for wind and strings – үрмелі және шекті аспаптарға арналған музыка ♦The wind section played beautifully. – Үрмелі аспаптар жақсы ойнады. ♦a wind band – үрмелі аспаптар оркестрі 5. (idm) *break wind жел шығару, осыру *a following wind бағыттас жел, қайықтың, тб бағыты жаққа соққан жел ♦With a generous following wind, we sped across the lake. – Бір жақсы бағыттас жел тұрып, көлді кесіп өте шықтық. ♦(figurative) With a bit of luck and a following wind, the project will be completed on schedule. – Аздап жол болып, сәтін салса, жоба уақтылы бітеді. *get wind of smth (informal) құпия не оңаша нәрсе жайлы есту ♦She didn’t want reporters getting wind of their plans. – Журналистердің жоспарлары жайлы білгенін ол (әйел) қаламады. *get/have the wind up (about smth) (informal) бірнәрсеге бола қорқу/ үрку/ шошу *in the wind (бірнәрсе) болайын деген, өзгеріс күтілген ♦Once again, changes are in the wind. – Тағы да өзгеріс болмақшы. *it’s an ill wind (that blows nobody any good) (saying) кез-келген қиыншылықтан біреу ұтылса, біреу ұтады дег мағ *like the wind әп сәтте, жалма-жан, өте тез ♦We ran like the wind. – Құйғыта/ Құйындата жүгірдік. *put the wind up smb (BrE, informal) қорқыту, шошыту *sail close to the wind қауіпке/ тәуекелге бару *see which way the wind is blowing «желдің бағытын аңду», не боларын болжау *a straw in the wind (BrE) болашақта болатын нәрсенің болмашы белгісі/ нышаны *take the wind out of smb’s sails (informal) [қ-з: sail (В4)] *throw/cast caution to the wind(s) абай/ сақ болмау, аңғалдық жасау ♦He threw caution to the wind and dived into the water after the child. – Ол ешнәрсені ойламай, баланың артынан суға сүңгіп кетті. *a wind/the winds of change «өзгеріс желі», ірі өзгерістер алып келетін оқиға(лар) ♦A wind of change was blowing through the banking world. – Банк әлемінде өзгеріс желі соғып тұр еді. B.v 1.дем ала алмай қалу, тыныс ала алмай қалу ♦be winded (by smth) He was momentarily winded by the blow to his stomach. – Ішінен тиген соққыдан ол бір сәтке дем ала алмай қалды. 2. ∼ smb (BrE) (сәбидің арқасын қағып не уақалап) кекірту (syn: burp)
wind 2 [waɪnd] A.n бұрау; орау ♦Give the handle another couple of winds. – Тұтқаны тағы бір-екі рет бұра. B.v (pt, pp wound [waʊnd]) 1. (сағатты, тұтқаны, тб) бұрау ♦∼ smth (up) He had forgotten to wind his watch. – Ол сағатын бұрауды ұмытып кетіпті. ♦∼ up It was one of those old-fashioned gramophones that winds up. – Бұл бұрайтын көне грамофондардың бірі еді. ♦You operate the trapdoor by winding this handle. – Арнайы есікті мына тұтқаны бұрап/ бұрай ашады/ ашасың. 2. ∼ smth орау, орай байлау; бұрау, өру ♦He wound the wool into a ball. – Ол жүнді домалақтап орады. ♦Wind the bandage around your finger. – Саусағыңды орай таң. ♦He wound the bandage tightly around his ankle. – Дәкемен (Марлямен) ол тобығын мықтап таңды./ Дәкемен ол тобығын мықтап орап таңды. ♦They wind individual strands of fibre together to make home-made rope. – Олар жеке-жеке талшықтарды бірге қосып өріп, өздерінше арқан/ жіп жасайды. 3.фильм таспасын/ пленканы әрі-бері орау ♦∼ smth forward/back He wound the tape back to the beginning. – Ол таспаны орамның басына апарды. ♦∼ forward/back Wind forward to the bit where they discover the body. – Таспаны олардың мәйітті табатын жеріне апаршы. ♦∼ smth (on) With these cameras, after you click the shutter, you have to wind the film on. – Мына фотоаппараттарда суретке түсіргеннен кейін пленканы алға орау(ың) керек. 4. (жол, өзен, тб ж) бұралаңдау, бұратылу, ирелеңдеу ♦The path wound down to the beach. – Аяқ жол/ Соқпақ ирелеңдеп барып пляжға түсті/ түсетін. ♦A wooden staircase winds up to the attic. – Ағаш басқыш бұратылып барып шатырға шығады. ♦The king's funeral procession wound slowly through city. – Корольді жерлеу шеруі баяу қала көшелерімен жүрді. ♦∼ its way The river winds its way between two meadows. – Өзен екі шалғындықтың арасынан ирелеңдей ағады. 5. (idm) *wind/twist/wrap somebody around your little finger [қ-з: twist (A12)] 6. (phr v) *wind down a) (кісі ж) демалу, тынығу (syn: unwind) b) (машина, жабдық ж) бәсеңдеп/ баяулап барып тоқтау *wind smth down a) бірте-бірте/ баяу тоқтату ♦The government is winding down its nuclear programme. – Үкімет ядролық программаны тоқтатуда. ♦The department is being wound down after the election. – Сайлаудан соң бөлім қысқаруда. b) автомобильдің терезесін оның тұтқасын бұрап түсіру ♦Can I wind my window down? – Тереземді ашсам бола(ды) ма? *wind up (informal) (кісі ж) бірнәрсеге тап болу/ ұшырау/ душар болу ♦I always said he would wind up in prison. – Ол түрмеге/ абақтыға түседі деп ылғи айтатынмын. ♦We eventually wound up staying in a little hotel a few miles from town. – Ақыры қаладан бірнеше шақырым жердегі шағын қонақ үйге қалай келгенімізді білмей қалдық. ♦If you take risks like that you'll wind up dead. – Бүйтіп қауіп-қатерге барсаң, ажалыңнан бұрын өлесің. *wind up | wind smth up бітіру, аяқтау, тәмамдау, доғару ♦The speaker was just winding up when the door was flung open. – Есік айқара ашылғанда сөйлеуші сөзін аяқтайын деп жатқан еді. ♦If we all agree, let's wind up the discussion. – Бәріміз келіссек, (онда) талқылауды тәмамдалық/ тәмамдайық. *wind smb up (BrE, informal) біреудің жынына/ шамына тию, біреудің мазасын алу ♦Calm down! Can't you see he's only winding you up? – Жә, сабаңа түс! Оның тек сенің жыныңа тиіп жатқанын көрмейсің бе? ♦That can't be true! You're winding me up. – Бұл шын/ рас емес! Жыныма тиме(ші). *wind smth up a) тоқтатып, жабу (компанияның кәсіпті) b) автомобильдің терезесін оның тұтқасын бұрап не кнопкасын басып көтеру ♦Are all the windows wound up? – Бар(лық) терезе көтеріле ме/ жабыла ма?