window [ˈwɪndəʊ] n 1.терезе ♦out of the ∼ She looked out of the window. – Ол терезеден тысқа/ сыртқа қарады. ♦through the ∼ He saw her through the rear window of the car. – Ол (жігіт) оны (қызды) машинаның арт жақ айнасы арқылы көрді. ♦to open/close the window – терезені ашу/ жабу ♦the bedroom/kitchen/car window – ұйқы бөлмесі/ кухня/ машина терезесі ♦a broken window – сынық/ сынған терезе ♦The burglars smashed a window to get in. – Ұрылар терезені сындырып ішке кірген. ♦(ауысп мағ) Television is a sort of window on the world. – Телевизия дүниені көретін терезе іспетті. ♦(ауысп мағ) It gave me an intriguing window into the way people live. – Жұрттың/ Адамдардың тұрмысымен танысатын мүмкіндік алдым. ♦(ауысп мағ) We now have a small window of opportunity in which to make our views known. – Пікірімізді/ Көзқарасымызды басқаларға ұқтыратын аз ғана мүмкіндігіміз бар. ♦(ауысп мағ) Do you have a window next Monday? – Келесі аптада (жолығуға, тб) мүмкіндігің(із) бар ма? 2. = shop window ♦in the window I saw the dress I wanted in the window. – Өзіме ұнаған көйлекті витринадан көрдім. ♦a window display – витринаға қойған заттар 3. (қызмет көрсететін) терезе, форточка, саңылау ♦There was a long line of people at the box-office window. – Театр, тб кассасында адамдар тізіліп тұрды. ♦We tapped on the window to get their attention. – Оларды қарату үшін терезені тоқылдаттық. ♦The address must be clearly visible through the window of the envelope. – Конверттің (мөлдір) саңылауынан адрес анық көрінуі тиіс. 4. (computing) терезе (окно) ♦to create/open a window – терезе жасау/ ашу 5. (idm) *fly/go out (of) the window (informal) жоғалу, біту ♦As soon as the kids arrived, order went out of the window. – Балалар келген бойда/ бетте тәртіп жоғалды/ у-шу басталды.