wing ​[wɪŋ] A.n 1.қанат (құстың, шыбынның, тб) ♦The swan flapped its wings noisily. – Аққу қанатын/ қанаттарын суылдата/ парылдата қақты. wing feathers – қанат қауырсындары 2.қанат, қол (тауықтың, тб ас ретінде жейтін қанаты/ қолы) ♦We ordered the fried chicken wings. – Қуырған қанат(қа) заказ бердік. 3.қанат (самолеттің) 4.қанат, қаптал, жақ, бөлік (үй-жайдың) ♦the east wing – шығыс қанат/ қаптал/ жақ the new wing of the hospital – емхананың жаңа қанаты/ қапталы Our rooms were in the west wing. – Бөлмелеріміз батыс қанатта еді. 5. (BrE) (NAmE fender) қанат (машина дөңгелегінің үстіндегі) (крыло) ♦There was a dent in the nearside wing. – Машинаның жолдың жиегі жақтағы қанаты майысыпты. 6.қанат, қаптал (саяси партияның, ұйымның ішіндегі белгілі бір көзқарастағы топ) (syn: arm) ♦The radical wing of the party was dissatisfied with the policies. – Партияның радикал қанаты (қазіргі) саясатқа риза болмады. the political wing of the movement – қозғалыстың саяси қапталы/ қанаты They're on the left wing of the Labour Party. – Олар лейбористік партияның солшыл қанатында. 7. (also winger) (sport) (футболда) қапталдағы шабуылшы, шеттегі шабуылшы (вингер) 8.қаптал, шет, жақ (спорт алаңының) ♦He plays on the wing. – Ол қапталда/ шетте ойнайды. 9. the wings шет, қаптал (театр сахнасының) ♦She watched every performance from the wings. – Ол әрбір ойынды/ қойылымды сахнаның шетінен көрді. 10. (idm) *clip smb’s wings ​[қ-з: clip 2(A5)] *get your wings ​ұшқыш мамандығының емтиханын тапсыру, ұшқыш болу сынағынан өту *(waiting) in the wings ​​[қ-з: wait (A2)] *on the wing ​(literary) ұшып/ қалықтап жүрген *on a wing and a prayer ​​​[қ-з: prayer (5)] *spread your wings ​​[қ-з: wait (A8)] *take smb under your wing біреуді қанатының астына/ қамқорлығына алу *take wing ​(literary) ұшып кету ♦(figurative) Her imagination took wing. – Ол қиялға шомып кетті. B.v 1. (literary) ұшу ♦A solitary seagull winged its way across the bay. – Жалғыз шағала шығанақта ұшып жүрді. He spotted the occasional pheasant winging rapidly away as he approached. – Жақындағанда ұша жөнелген, анда-санда көзге түсетін қырғауылды байқады. ♦(ауысп мағ) An application form will be winging its way to you soon. – Анкета/ Өтініш қағазы формасы дәл қазір қолың(ызғ)а тиеді. 2. (idm) *wing it ​(informal) ойда жоқта/ аяқ астынан бірнәрсе істеу, алдын ала жоспарламай істеу (syn: improvise) ♦I didn't know I'd have to make a speech - I just had to wing it. – Сөйлейтінімді білген жоқпын – сондықтан суырып салуыма/ ойдан құрастыруыма тура келді.