wink [wɪŋk] A.v 1. ∼ (at smb) көз(ін) қысу (бір көзін қысып ашу) ♦He winked at her. – Ол (жігіт) оған (қызға) көз қысты. 2. (жарық, сәуле ж) жыпылықтау, жанып-сөну, жымыңдау (syn: blink) ♦We could see the lights of the ship winking in the distance. – Алыстан жыпылықтаған кеме шамын көрдік. 3. (phr v) *wink at smth (теріс, қате бірнәрсені) көрмеген болу, байқамаған болу B.n 1.көз(ін) қысу, көзін қыса ымдау/ білдіру ♦He gave her a knowing wink. – Ол (жігіт) оған (қызға) білемін деп көзін қыса ымдады. ♦He directed a conspiratorial wink at his son. – Ол ұлына көзін қыса ишара етті. 2. (idm) *a nod and a wink (also a nod is as good as a wink) [қ-з: nod (В2)] *not get/have a wink of sleep | not sleep a wink [қ-з: sleep (А3)] *nudge nudge, wink wink (also a nudge and a wink) [қ-з: nudge (В2)] *tip smb the wink | tip the wink to smb [қ-з: tip (В8)]