wire [ˈwaɪə(r)] A.n 1.сым, сымтемір (проволока, провод) ♦a coil of copper wire – бір орам мыс сымтемір, мыс сымның бір орамы ♦wire mesh – сым(темір) өрмек/ ау/ тор ♦A high wire fence encircles the complex. – Биік сым(темір) қоршау комплексті/ жайды қоршайды/ қоршаған. ♦a wire basket – сым(темір) себет ♦a rusty wire – дат/ тот сым(темір) 2.электр/ радио сымы/ желісі/ кабелі ♦electrical wires – электр сымдары/ желілері/ кабельдері ♦a spider's web of unsightly overhead wires – үстідегі сымдардың/ кабельдердің өрмекшінің ауы/ өрмегі сияқты сиқы/ сұрқы ♦The telephone wires had been cut. – Телефон сымдары/ кабельдері кесіліпті/ сымдарын кесіпті. 3.тың тыңдайтын тетік/ құрал/ девайс, жасырын/ астыртын тыңдайтын құрал/ тетік/ девайс ♦an undercover police informer who was wearing a wire – тың тыңдайтын тетігі бар полиция тыңшысы 4. the ∼ сым(темір) қоршау ♦Three prisoners escaped by crawling under the wire. – Ұш тұтқын абақтыдан сым қоршаудың астынан еңбектеп қашып кеткен. 5. (informal, especially NAmE) телеграмма, жеделхат ♦We sent a wire asking him to join us. – Оларға бізге қосылыңдар деп телеграмма салдық. 6. (idm) *get your wires crossed (informal) дұрыс ұқпау, шатасу ♦We seem to have got our wires crossed. I thought you were coming on Tuesday. – Дұрыс ұқпаптық. Сені/ Сізді сейсенбіде келерді дептім/ деп ойлаптым. *go, come, etc. (right) down to the wire (informal) ең соңында/ ақырында нәтиже белгілі болады, ең соңына дейін нәтиже белгісіз болып қалады *a live wire жайдары, жігерлі, ойнақы, тегеурінді (адам) *pull wires (NAmE) (also pull strings (for smb)) (informal) өзінің ықпалын пайдаланып біреуге артықшылық/ жеңілдік жасау *under the wire (informal, especially NAmE) ең соңғы сәтте/ мезетте/ шақта, әрең/ әзер дегенде, әрең/ әзер үлгеріп; дер кезінде, дәл уақтында ♦The files arrived just under the wire and we made the deadline. – Файлдер дер кезінде келіп, істі бітіріп үлгердік. ♦We got in under the wire. – Әйтеуір үлгердік. B.v 1. ∼ smth (up) (электр желісіне/ сымына/ ағынына) жалғау, қосу ♦Make sure the plug is wired up correctly. – Розетканың дұрыс қосылғанын тексер. 2. ∼ smb/smth up (to smth) | ∼ smb/smth to smth (жабдыққа) жалғау, қосу ♦In the test, volunteers were wired up to brain monitors. – Тест/ Сынақ кезінде еріктілерді/ волонтерларды ми мониторына жалғады. ♦You can wire speakers to a flat-screen TV. – Дыбыс колонкаларын жайпақ экран телевизорға жалғаса болады. ♦The microphone was wired to a loudspeaker. – Микрофонды дыбыс колонкасына жалғады. ♦She was wired up to a heart monitor. – Оны (әйелді) жүрек мониторына жалғады. 3. ∼ smth (for smth) тың тыңдайтын/ құпия/ жасырын тыңдайтын тетік/ құрал/ девайс қою/ орнату (syn: bug) ♦The room had been wired for sound. – Бөлмеге тың тыңдайтын тетік қойған. 4. (especially NAmE) телеграмма/ жеделхат салу/ жолдау ♦∼ smth (to smb) He wired the news to us. – Ол хабарды/ жаңалықты бізге телеграмма салып айтты. 5. (бір банктен екіншісіне) ақша аудару ♦∼ smth (to smb) The bank wired the money to her. – Банк оған ақша аударды. 6. ∼ smth сыммен/ сымтемірмен жалғау/ байлау/ біріктіру ♦The components have to be wired together in a certain way. – Бөліктер/ Бөлшектер/ Компоненттер белгілі бір әдіспен бір-біріне сыммен жалғанады.